Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 285
уақытта өшпейтін алтын жазумен жазады
ғой. Бірақ оны, сізде, Мәкеңде, біз сияқты
ниетті адамдардың өз көзімен көрмейді ғой.
Сол себепті, сіздің еңбегіңіз ‰шін қуанғаннан
басқа айтарым жоқ. Құрметпен Әшімбек
15/2/1957
Осы берілген азғантай хаттардың өзінен-ақ
жазушыға деген халықтың ықыласы ерекше
болғандығын көреміз. Жазушының әр жазған
шығармасы халықтың ж‰регінен орын алып,
жоғары баға алып отырған. Оған оқырман
қауымнан келген том-том хаттар куә.
Қандай да бір шығармашылық адамына
еңбегінің халқы тарапынан бағаланып, алғы-
сын алып жатса одан артық бақыт жоқ шығар
деп ойлаймын. Әдебиет классигі Сәбит Мұ-
қановтың халықтың қарапайым азаматтары-
нан алған және оларға жазған хаттары мұрағат
қоржынынның басым көп бөлігін құрайды. Біз
назарға ұсынып отырған бірнеше хат солар-
дың ішіндегі ең қысқа әрі ең қарапайымы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұ-
рағатындағы Сәбит Мұқановтың жеке қорын-
да достық сыр шертілетін, әдебиет, әлеумет
мұңы айтылатын хаттар том-том болып ‰йіліп
жатыр.
Жазушы хаттары бейне теңіз сияқты, онда
адуынды толқындар да, әлсіздері де, киті де,
шөрегей балықтары да бар. Ал теңіз тұнып
тұрған қазына. Жазушы қалдырған қазына,
эпистолярлық мұраны зерттеу – б‰гінгі әде-
биетіміздің кезек к‰ттірмес мәселесі.
______________
1. Сәбит Мұқанов жайлы әдеби хабар. Қазақ радиосы-
ның «Алтын қоры», Д-934
2. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX
ғасыр). – Алматы: «Ана тілі», 1993.
3. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәлі-
меттер. - 1956.
4. 1634 қор, 1тізбе, 208 іс, 6 бет.
5. 1634қор, 1тізбе, 210 іс, 7бет.
6. 1634қор, 1тізбе, 210 іс, 6бет.
7. 1634қор, 1тізбе, 234іс,7б.
Достарыңызбен бөлісу: