Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет370/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 295 
қымыздың ұлттық танымымен тығыз байла-
нысты, енталді сана-сезімімен орайлас «ше-
шендік» қай кезде болмасын, ең алдымен, 
адамның интеллектуалдық сипатын таныта-
тын концепт.
____________ 
1. Уотсон Дж. Геология и человек. –Л.: Недра, 1986.-185 с. 
2. Сеченов И.М. Психологические этюды.-СПб., 
1873.-225 с. 
3. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері 
(Оқу құралы). –Алматы, «Білім», 2003.-260 бет. 
4. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 
2-х т. Т.I.-М.: Педагогика, 1980.-232 с. 
5. Негимов С. Шешендік өнер. -Алматы: Ана тілі, 
1997. 208 бет. 
6. Қазақ тілінің т‰сіндірме сөздігі.-Алматы, 2008. 
 
Рахимова Айна 
Интеллектуальные особенности человека: ораторское искусство 
В статье рассматриваются интеллектуальные особенности человека, которые выражаются в концепте «ше-
шендік сөздер»
 
Rakhimova Aina 
Intellectual features of the human: Oratory 
The article deals with the intellectual qualities of a person, which are expressed in the concept of "oratory"
  
  
 
 
 
Г. Рысбаева,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.к. 
«КӨК БӨРІ» ЖӘНЕ «АЮ» ТОТЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ 
ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
 
Б‰гінгі таңда республикамызда тәуелсіз-
дікті нығайтуды дамыту мен мемлекеттің өр-
кениетті елдер санатына қадам басуы жағ- 
дайында ұлттық, рухани-адамгершілік және 
материалдық құндылықтардың негізін зерде-
леу, оларды тиімді ж‰зеге асыру мәселелері 
ерекше көкейкестілікке ие болып отыр. Ал – 
бұл болса, мәдениет салаларын дамытуды, 
оның қалыптасып дамуындағы жетістіктер 
мен озық дәст‰рлерді, халық тәжірибесін 
болашақ ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.
Этностық д‰ниетаным мен салт-дәст‰рге, 
наным-сенімдерге қатысты байырғы лексика-
дан қалыптасқан культтік фразеологизмдер 
сөз жоқ, халықтың рухани өмірін бейнелейді. 
Ертеде адамдар ру, қауым, тайпа болып өмір 
с‰ріп, өздері тұратын жерлерде кездескен 
жан-жануарға сыйынып, жан-жануарлар, аң-
құс, құрт-құмырсқа, жылан тотемдерін тудыр-
ған. Осыларды киелі санаған адамдар оларды 
культке айналдырып, неге киелі екендігі 
туралы толып жатқан миф, аңыздар тудырған. 
Тотемдік т‰сініктер тек аңыз, ертегілерде ғана 
сақталмаған. Олардың кейбір жақтарын тілі-
міздегі жан-жануарларға, құстарға, төрт т‰лік 
малға байланысты қалыптасқан фразеологизм- 
дер мен мақал-мәтелдерден, қанатты сөздер- 
ден, культтік лексемалардан айқын байқауға 
болады.
Т‰ркі тілдес халықтардың жан-жануарлар 
тотемі: көк бөрі (қасқыр), аю, бұғы, арқар, ит 
сияқты; төрт т‰лік малға, аққу, қарға, қар-
шыға, құмай, б‰ркіт, ‰кі, т.б. көптеген құстар 
тотеміне, жылан, айдаһарға және басқа да 
жансыз заттарға табынған. Якуттардың ара-
сында ең жиі кездесетін тотем – б‰ркіт, аққу 
және құзғын; телеуттерде – б‰ркіт; алтайлық-
тарда – аю; хакастарда – б‰ркіт; тувалықтарда 
– аққу мен б‰ркіт; тофаларда – балық, құзғын, 
б‰ркіт, аққу, шағала. Қарға т‰ркі халықта-
рында хакастарда, туваларда, якуттарда, саха-
ларда киелі деп саналған. Якуттарда сахалар 
қарға тотем болумен қатар «жаһан құсы» 
дейтін ұғым болған.
Осы тұрғыда біздің қарастыратынымыз 
т‰ркі тілдес халықтардың жан-жануарлар 
тотемі, соның ішінде көк бөрі (қасқыр) тотемі 
мен аю тотеміне қатысты фразеологизмдердің 
д‰ниетанымдық сипаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет