тық шақтың мекені; алтын бесік; торғын бесік; алтын ұя; алтын қазық; тұғыр; ана; ұстаз; ұлы сезім, толғаныс, шабыт берер, намысыңды қайрайтын қуатты сезім; қа- сиетті мекен, т.б. Аталған тақырыптық топ-
тардың бірнешеуіне талдау жасап көрсек. Лек-
сикалық қорда қолданылған «туған жер» кон-
цептісінің тақырыптық-мағыналық топтарын
анықтауда, міндетті т‰рде әлем бейнесін ай-
қындайтын концептілік ж‰йеге с‰йенуге тура
келеді. Концептілік ж‰йе – концептілік құры-
лымдардың реттелген формасы. Белгілі тақы-
рыптағы концептілік құрылымдар санадағы
сол тақырып туралы бейнені интерпретация-
лайды. Мәселен туған жерге қатысты концеп-
тілік құралымдар адам санасындағы жоғарыда
атап өткен тақырыптақ топтардағы туған
жердің болмысын интерпретациялаған. Сон-
дықтан да концептілік ж‰йені өте к‰рделі құ-
рылым деп есептейміз. Бұл құрылымға адам
санасындағы, адам танымындағы «д‰ниенің
шындық болмысын» танытатын барлық бір-
ліктер мен таңбалар, оқиғалар мен ситуация-
лар енеді. В.А.Маслова концепт құрылымын
былай ж‰йелейді: “Біріншіден, д‰ниенің мә-
дени белгілерін танытатын бастапқы көзі, яғни
этимологиясы; екіншіден, сол д‰ниенің та-
рихи өміріндегі, мағыналық дамуындағы жаңа
мәнге ие болған белгілері; ‰шіншіден, қазіргі
сол д‰ние туралы ассоциациялар мен баға-
лауыш мәндер, коннотациялар көрінісі жатады”
[1, 40 б.].
«Туған жер» концептісінің семантикалық
өрісін анықтауда, ең алдымен, олардың өзегін
анықтайтын сөзге, яғни базалық концептілер-
ге назар аударылды. Сол базалық концептілер
арқылы, яғни өзек сема (ядро) арқылы бірте-
бірте концептілер тізбегін т‰здік. «Туған жер»
концептісінің өзек семасы – «адам». «Туған
жер» концептісінің тақырыптық топтарына
өзек болған нысан “адам”, адамның өмір с‰р-
ген, мекен еткен ортасы. Туған жерге қатысты
бірнеше тақырыптық топтағы концептілердің
мән-мағынасынан адам мен оның айнала қор-
шаған әлеммен байланысын көруге болады.
Адам концептісінің кез келген тақырыпқа өзек
сема бола алатындығы турасында қазақ фра-
зеологиясында мағыналас фразеологизмдердің
ұлттық-мәдени аспектілерін зерттеген ғалым
Г.Смағұлова: “Қазақ фразеологиясында мағы-
на лас қатарлардың топтарын антропоценрлік
және тілдегі адамдық фактор тұрғысынан фра-
зеосемантикалық өзгерістерге жіктеуге бо-
лады. Бұл ретте мағыналас қатарларды алды-