Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет369/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   446
294 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? 
Жарығы тұтас елге т‰скен қасиетті шырақ 
қандай болады? Жел жетпес ж‰йрік, асыл 
текті пырақ қандай болады?» деп көпшілік 
алдында қойған сұрағына саспастан:
«Д‰ниеде азбайтын бйлық біреу,
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде тозбайтын байлық біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде қайтпайтын қолдаушың біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде жарығы тұтас елге т‰сетін қа-
сиетті шырақ біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде ердің басына қонатын бақ біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде елдің басына қоятын тақ та біреу, 
Ол – ақыл. 
Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз, 
Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз. 
Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын». 
Сондай-ақ, сөздің де адам санасының жемісі 
екендігін атай кете, былайша т‰йін жасаған:
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөден ащы нәрсе 
жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр 
нәрсе жоқ. Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа би-
лет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе
ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге 
сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. 
Қалай сөйлейтініңді біл».  
Шешендік сөздер тек қана адамның ақыл-
ой, санасына байланысты емес, әлеуметтік-
қоғамның кез келген мәселесіне қатысты ай-
тылған. Ең бастысы, олардың мазмұны. Сол 
сияқты Ақтамберді жырауда: 
Мінезді болса алғаның, 
Одан артық жан бар ма, 
Екі жаман қосылса, 
К‰нде жанжал, к‰нде шу. 
Ұяларлық ар бар ма?) 
Шал ақында:
Келін жақсы болса –
‡йіңе көп кісі келеді. 
Келін жаман болса – 
Келген кісі кеткісі келеді. 
Ас құй десең төккісі келеді, 
Төкпей құй десең сөккісі келеді-
 деген мол 
тәжірибе мен білімнің шешендік толғауы ар-
қылы қорытылып берілуі бар.
Шешендіктің асыл ‰лгісін, интеллектінің 
бұлжымас белгісін мына тарихи оқиғадан да 
байқауға болады:
«Жиренше шешен жолаушылап ж‰ргенде 
әйелі Қарашаш кенеттен д‰ние салады. Са-
пардағы шешенге бұл қайғылы хабарды қалай 
естіртуді білмей, ел қиналысады. Сонда қой 
соңында ж‰рген бір тазша бала: «Мені апа-
рыңдар, мен естіртемін», - депті.
13 жасар тазша баланы алып, ауылдың 
ақсақалдары Жиренше жатқан ауылға келеді. 
Биік төбенің басында, д‰йім жұрттың ор-
тасында Жиренше шешен отыр екен. Тазша 
бала Жиреншеге келіп: 
- Ассалаумағалейк‰м, ақылы елден асқан 
Жиренше аға! Сізді аузымен құс тістеген, ақ-
қан өзенді тоқтатқан шешен дейді. ‡ш сұрақ-
қа мұрсат беріңіз, - депті. 
Жас баланың батылдығына риза болған 
шешен мойын бұрып: 
– Айта ғой, - депті ықыласы т‰сіп. 
– Бауырың өлсе недейміз? – депті Тазша 
бала.
– Бауырың к‰йіп т‰сті десейші. 
– Балаң өлсе не дейміз? 
– Қос б‰йрегіңді тірідей суырып алды 
десейші. 
– «Қатын өлсе, қамшының сабы сынды» 
дейміз ғой онда, аға? – депті Тазша бала. 
– Жоқ, қарағым. Жарың өлсе ошағыңның 
к‰лі шашылып, 32 қабырғаңды сөгіп алдым 
десейші! 
– Ал, аға, б‰кіл қабырғаңызға қалқан 
боламыз деп қалың ел-жұртың келіп тұр, - 
дегенде Жиренше секем ала: 
– Әй, көбейгір, балаларымның анасы, 
‰йімнің жарық панасы, көзімнің қарасы
Қарашашым арманда кеткен екен-ау д‰ние-
ден, - деп ботадай боздағанда сақалынан 
алты тарам жас ағыпты деседі. 
Демек, шешендік адамның жасына да, жы- 
нысына да, әлеуметтік ортасына да, қоғамдық 
беделіне де қарамай қалыптасып, дамитын 
қабілет. Жалпы, шешендікің туындыларын тек 
қазақ халқының фольклорлық шығармалар 
жинағынан мыңдап қарауға болады. Кез кел-
гені терең ой, астарлы интеллектуалдық сырға 
толы. «Шешен» концептісі, сонымен қатар, 
«ораторлық», «сұлулық», «конструктивтік сөз 
(ой)», «мәдениет», «этика», «дайындық», «ба-
тылдық», «логика», «дикция», сынды қызметі 
мен танымдық тұрғыдан бір-біріне жуық ұғым-
дармен жуық.
Сонымен, «шешен» базалық конептісі бір-
неше микроконцептілерден тұратындығын және 
олардың әрқайсысы шешендікті анықтауда 
қажетті ұғымдар екендігін анықтадық. Хал- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет