Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет406/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   446
 
 
 
Ж. С. Таласпаева, Ә. Д. Сабитова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Петропавл қаласы, Қазақстан 
ҒАБИТ М‡СІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ АТАУЛАРЫ 
 
Қазіргі қазақ әдебиеті ордасының алғаш 
іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілгенде, 
оның басы-қасында болған, сол кездегі жас 
қайраты мен тұнық тілегін біржола соған ар- 
нап, одан бергі жемісті ұзақ жылдарын бір 
соның жолына іркусіз жұмсаған – қадірменді 
жазушымыз Ғабит М‰сірепов. Ғабит М‰сірепов 
шығармаларында тілдік бірліктердің ұлттық 
мәдениеті мен өркениеттің құндылықтары 
мейлінше мол жұмсалған. 
Жалпы, мәдениетті т‰рлі таңбалар ж‰йе-
сінде қарастыруға болса да, біздің тоқтала-
тынымыз – тілдік таңбалар – сөздер. Яғни, сөз 
екі т‰рлі ж‰йеге – тілдік және мәдени құн-
дылыққа қатысты болады да, мәдениет тілі 
ретінде де қызмет атқарады. 
Ж. Манкеева: «Заттық мәдениет лексикасы 
– ұлттық рух пен талғам негізінде, ұлттық 
тұрмыс пен шаруашылық ерекшеліктеріне сай 
технологиялық процесс нәтижесінде, өз мәні 
мен атқаратын қызметіне сай сөз тудырушы 
модельдер арқылы жасалатын лексика-семан-
тикалық категория ретінде, кумулятивтік қыз-
меті негізінде саналған материалдық өндіріс
пен мәдени туындылардың атаулары», - деп 
ой т‰йіндейді [1,13]. 
Ғ. М‰сірепов шығармаларында заттық мә-
дениет лексикасына қатысты ұлт өкілдерінің 
киіну ‰рдісін сипаттайтын киім-кешек атау-
лары, әсемдік бұйымдары, ыдыс-аяқ т‰рлері, 
жиһаз атауларына байланысты лингвомәдени 
бірліктер, қазақтың ас мәзірінен хабар беретін 
лексика т.б. кездеседі. Шығармада кездесетін 
заттық мәдениет атауларының көбі тілге де, 
мәдениетке де ортақ. Қоғамдағы материалдық 
құндылықтарды ұтымды пайдалана отыра
қаламгер ұлттық ерекшелікті, болмысты ше-
берлікпен жеткізе білген. 
Сонымен ата-бабаларымыздың негізгі к‰н-
көріс көзі мал шаруашылығы болған, киімін 
тігетін көне материалдарға қой терісі мен 
оның ж‰німен қоса т‰йе, ешкі ж‰ні жатқан. 
Ал киім тігілетін айрықша материал ретінде 
қымбат матаның ерекше бағалануын қазақтың 
хан-сұлтандары, беделді адамдары орыс елші-
лерінен білген, елшілер қымбат маталарды
сыйлық есебінде ұсынғанын байқауға болады. 
Мысалы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет