Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет414/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   446
328 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
шығып, ‰лкен жолды ортаға алып, екі ұдай 
тұра қалды. Тақтадай тақыр жолдың ‰стінде 
бес к‰міс жатыр. К‰містердің арасы ‰ш адым-
дай алшақ-алшақ. Ең епті жігіттер бес к‰міс-
тің бесеуін де сыпырып әкетеді, ептеусіздері 
қырайын құлап жатады. Жерден к‰міс алу – 
ойынның басы ғана. Оның аяғы басқаша бі-
теді. Әрі-беріден соң қыздар қалаған жігіт-
теріне сақинасын тігеді. Сақинасын әкеткен 
жігіт пен сақинасын тіккен қыздың арасында-
ұлылы-кішілі байланыстар тұрады. Оның аяғы 
жап-жақсы болса, кейде тіпті жаман боп ты-
нады... сақинаны көп тіге алған қыз да, сақи-
наны көп ала алған жігіт те елдің аузына ілі-
геді [4, 270 б.].
«К‰міс ілу» - ептілікті, атқа жақсы оты-
руды керек ететін ұлттық ойын. Келін т‰сіру, 
қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға 
т‰йіп, өзінің к‰міс шолпысын, әйтпесе ж‰зігін 
тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл 
ойын «ж‰зік ілу» деп аталады. Қатты шауып 
келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсең-
детпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі ке-
рек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады. 
К‰міс алу ойынның басы болса, аяғы са-
қина тігу. Қазақ қызы болмысынан ұялшақ, 
нәзік, ұяң жан, төмендегі мысалда осы сұлу 
бойжеткендердің паң мінездері байқалады. 
Сақина тігу ойынын бойжеткендер емес, жең-
гелері бастап беретіні бейнеленген. «Сақина 
тігуді ысылып қалған жеңгелер бастамаса, 
қыздар бастай қоюға ұялады. Айбаланың жең-
гесі Алтын бастап жіберді. 
Алтын: 
- Қандай, жігіт алар екен. 
Маған көзін салар екен. 
Қарамай кетіп соңынан, 
Ұят болып қалар соңынан, 
Ұят болып қалар ма екен?! – деп, сақылдап 
к‰лді де, жігіттерге қарады». 
[4, 272 б.].
Жазушы шығармалары рухани мәдениет 
‰лгілеріне бай, туындыларының барлығынан 
дерлік қазақ халқының ұлттық нышандары 
байқалады.
Көркем сөздің қас шебері Ғ. М‰сірепов
шығармаларының тұнық-тұңғиығына бойлау-
ға деген талпынысымыз ешқашан тоқталмақ 
емес. Қандай уақыт алмасулары болсын, ол, 
сөз жоқ, қазақ сөзінің майталманы, ж‰йрігі 
болып қала бермек. 
_______________ 
1. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лекси-
касы. филол.ғыл.докт. автореф. - Алматы, 1997. 
2. М‰сірепов Ғ. Ұлпан. Роман. – Алматы: Атамұра, 
2003. – 264 бет. 
3. М‰сірепов Ғ. Таңдамалы. ‡ш томдық. – Алматы: 
Жазушы. 1980. Т.2. Оянған өлке. Роман.592 бет. 
4. М‰сірепов Ғ. Тұтқын қыз. Повестер және ой-
толғамдар. Алматы: Балауса, 1993.-512 б. 
5. М‰сірепов Ғ. Таңдамалы. Бес томдық. – Алматы: 
Жазушы. 1982. Т.2.Қазақ солдаты. Роман.592 бет. 
6. Байғұтова А. М. Қазақ әйелі» концептісінің этно-
мәдени сипаты. филол.ғыл.докт. автореф. 10.02.02. Ал-
маты, 2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет