Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 35 айтты. Көптеген олқылықтары барлығына қа-
рамастан қисындық бағыт ХІХ ғасырдың
ортасына дейін елеулі беделге ие болып келді.
Оның сарқыншағы к‰ні б‰гінде де кездесіп
қалады. Тіпті, сол кезден бергі жарық көрген
грамматикалық әдебиеттердің барлығында да
синтаксисті грамматиканың бір саласы ретін-
де қарау ж‰йесі б‰гінгі шақтағы ғылымымыз-
дың да сипаты. Соншалықты ұзақ тарихына,
т‰рліше кезеңдеріне қарамастан, синтаксистің
негізгі обьектілерін айқындауда әлі к‰нге
дейін пікір қайшылықтары кездесіп қалады.
Өткен ғасырдың аяғына дейін синтаксистің ең
негізгі және бірден-бір обьектісі сөйлем де-
лінген болса, ‰стіміздегі ғасырдан бастап
оның қарауына сөздер тіркесі де жатады дей-
тін пікір пайда болды. Тіпті, орыс тіл білімінің
көрнекті өкілдері Ф.Ф.Фортунатов пен оның
шәкірті М.Н.Петерсон секілді ғалымдардың
тарапынан сөздер тіркесі – синтаксистің бір-
ден-бір обьектісі, сөйлемнің өзі де сөз тіркесі
құрамына енеді дейтін қағидалар пайда бол-
ған болатын. Бұл бағыттағы ғалымдардың
пікірінше, синтаксистің т‰йінді мәселесі,
негізгі обьектісі – сөздер тіркесі. Сөйлем де-
геніміз сөздер тіркесінің бір т‰рі ғана. Сон-
дықтан синтаксистің қарауына тек сөз тіркесі
т‰ріндегі сөйлем ғана жатады деп есептейді
[1.28].
Қай пікірдің, зерттеудің болмасын сөз тір-
кесі тіл біліміндегі ең негізгі тұлға екендігін
көреміз. Орыс тілінде сөз тіркестерін алғаш
қолға алғандардың бірі В.В.Винградов сөз
тіркестерінің т‰рлері, байланысу формалары
және олардың құрылысы тіл білімінің ең бас-
ты бөлімі екендігін айтады [2.179].
Ғалым Т.Сайрамбаевтың айтуынша, орыс
тіл білімінің белгілі зерттеушісі И.П.Мелио-
ранский «Краткая грамматика казах-киргиз-
ского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі ту-
ралы арнайы тоқталмағанымен, «простое
предложение» деген бөлімінде бастауыштың
баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс
көрсеткен [3.1-2]. Ал септіктерге жеке-жеке
тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық
топтарының қайсысы қандай сөздерді мең-
геретінін анықтаған.Ал қабыса байланысу ту-
ралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың
«Определение» деген бөліміндегі мынадай
мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; ‰шінші жыл – третий
год» дегенде сөздердің қатар келіп орналаса-
тынын сөз етеді». Мұның өзі қабысу термині-
нің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін
енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ой-
лауға болады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисі
жеке ғылым болып елуінші жылдары про-
фессор М.Балақаевтың әсерімен қалыптасты
дегенімізбен, синтаксисті сөйлемнің қандай
т‰рлері болатынын, қандай бөлшектерден
құралатынын қарастыратын грамматиканың
бір саласы деп анықтаған қазақ ғалымдары-
ның алғашқыларының бірі, профессор Қ.Жұ-
банов синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де
жататындығын отызыншы жылдары айтқан
болатын.
Алғашқы зерттеулердің бірі С.Аманжолов-
тың да сөйлем, сөз тіркесіне қосқан пікірлері
әлі к‰нге маңызын жоймаған оның еңбек-
терінде біршама сөз болады. Ол 1940 жылы
«Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қыс-
қаша курсы» деген кітабын он жылдан кейін
«Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша
курсы» деген атпен қайта бастырғанда, әдейі
«Сөздер тізбектері» [5.10] деген тақырыппен
берілген болатын. Әрине, бұл кітапта тілі-
міздің барлық сөз тіркесін сөйлемге берілген
анықтамалардың ыңғайында атап ж‰рді. Сон-
дықтан да, С.Аманжоловтың пікір-тұжырым-
дары өз уақытысындағы ғылыми еңбектердің
ұстанымына сәйкес келуі м‰мкін еді, Мәсе-
лен; «Тиянақты ойды білдіретін сөзді я бір-
неше сөз тіркесін сөйлем дейміз», «кейбір сөз
(сөйлем м‰шесі) басқа сөзді анықтап, толық-
тырып, пысықтап немесе т‰рліше қиюласып,
бірін-бірі керек ету жолымен байланысады.
Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің
тіркесі дейміз», - деген өзіндік пікірлері осы-
ның айғағы.
Қалай десек те, ХХ ғасырдың алғашқы бө-
лігінде оқулықтар жазып, ой айтқан профес-
сорлар Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтар сөз тір-
кесі тіліміздегі елеулі категория екенін жақсы
т‰сінгендіктен аз да болса өз еңбектерінің
нысанына айналдырды.
Сөздер тіркесі синтаксистің қарауына ене-
тінін жоғарыда айтып өткендей кейінгі жыл-
дары М.Балақаевтың еңбектерінде өте ж‰йелі
айтып өтеді. Ол өзінің жай сөйлем синтак-
сисіне арналған зерттеуінде «синтаксис сөй-
лемнің грамматикалық ж‰йесін құрамын, сөз-
дердің тіркесуін қарастырады» - десе, соңғы
еңбектерінде одан гөрі айқындаңқырап, сөз
тіркесін синтаксистің бірінші обьектісі дәре-
жесіне дейін көтереді [6.140].