Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет45/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 37 
байымдауды (суждение), хабарлауды, сұрау-
ды, модальділікті білдіреді.
Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың 
негізгі материалы. Бірақ әрқайсысының өзін-
дік ерекшеліктері барын ғалымдар тарапы 
ертеден-ақ аңғарған, ол туралы бағалы ең-
бектер де аз емес. Дегенмен, сөз бен сөз тір-
кесінің ұқсас және айырым белгілерін айқын-
дау ‰шін, алдымен сөздің негізгі т‰рлерін 
ажыратып алуды ескерткен ғалым, әсіресе, сөз 
тіркесі синтаксисінің ‰лкен мәселесінің бірі 
к‰рделі сөздер мен сөз тіркестерінің сыртқы 
тұлғасының ұқсастық белгілеріне және айыр-
машылықтарына аса назар аударады. Ол к‰р-
делі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олар-
дың жасалу жолында емес, сөз санының кө-
бінде, саны жағынан екеуі де екі немесе одан 
да көп сөздерден құралатындығын [9.36] атай 
келе, олардың арасындағы бірталай айырма-
шылықтарды да т‰сіндіре т‰седі. Бұл ‰шін 
сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тіл-
дің номинативті құралдарының қатарына жа-
татындығы сияқты, сөз тіркестері де заттар-
дың, сапа-белгілердің, іс-әрекеттердің атау-
лары ретінде қолданылып, тілдің номинативті 
құралдарының қатарына жатқызатын К.Аха-
новтың семантикалық, морфологиялық, син-
таксистік тұтастық белгілеріне қарай ажырат-
қан классификациясына с‰йене отырып дә-
лелдейді.
Синтаксис мәселелерінің ішіндегі сөз тір-
кесінің к‰рделенуіне дербес мағыналы сөздер-
мен (сөз таптары) бірге кейде дербес мағы-
налы к‰ңгірт сөздердің де қатысты бола-
тындығын дәлелдеп, т‰бегейлі н‰кте қойған 
еді. Оның пайымдауындағы сөз тіркесінің 
аясын кеңейтуде әр сөз тобының к‰рделі т‰рі; 
көмекші есім; көмекші етістік; модаль сөздер; 
шылаулар; нумеративті сөздер; т‰рлі қосым-
шалар; фразеологиялық тізбектер т.б. фактор-
лар шешуші орын алады деген тұжырымы да 
айқындалып барып жарияланған еді. Бұл 
к‰рделі сөз тіркестерінің жасалу табиғатын 
терең зерттеу ‰шін сөз тіркестерінің к‰р-
делену процесіне ықпалы бар, ықпалы жоқ 
тілдік бөлшектердің кез келгенінің қасиет-
терін зерттеуіне тура келетіндігін көрсетті. 
Т.Сайрамбаев өзіндік ерекшелігі бар син-
таксистік байланыс т‰рі матасудың қиысу мен 
меңгеруге ұқсастығын мойындайды, сондай-
ақ ең алғаш дөп басып айтқан М.Балақаевтың 
матасу жөніндегі матаса байланысу тек сөз 
тіркестерінде жұмсалады деген пікірін қол-
дайды. 
Шындығында да, матасу ілік жалғаулы 
сөздің тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етуі 
жағымен, бірінсіз-бірі қолданыла алмайтынын 
айқас байланысу жағымен анықтауыш пен 
анықталушы сөздің анықтауыштық қатынаста 
жұмсалу ерекшелігінен, бағыныңқы, басыңқы 
сыңар қызметтерінде зат есім немесе зат ор-
нына ж‰ретін сөздердің қолданылуымен өзге 
синтаксистік байланыс т‰рлерінен оқшаула-
нады. 
Матаса байланысатын сөз тіркестерінің әр-
бір сыңарының жасалуына қарай оларды 
бағыныңқы сыңардың к‰рделі т‰рі, басыңқы 
сыңардың к‰рделі т‰рі, кейде екі сыңардың 
к‰рделі т‰рі деп қарастыру керек сияқты 
[9.131] деп атап көрсетеді.
Ғалымның бір ғана сөз тіркесінің құра-
мындағы ‰ш немесе одан да көп зат есіммен 
келетін к‰рделі қабыса байланысу т‰рінің 
болатындығын дәлелдеуі біраз мәселенің 
басын ашып бергендігі сөзсіз. Мысалы, аю төс 
ене, мұз балақ қыран, жылан бас тастар, 
қошқар мұрын жігіт, қошқар м‰йіз ою,мая 
ж‰н шекпен т.б. Өйткені «бірнеше зат есімнің 
орын тәртібі арқылы жалғаусыз тіркесі тек 
профессор М.Балақаевтың еңбегінде бірер 
сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеудің 
обьектісі болған емес» [9.89] еді.
Сол сияқты өзіне дейінгі еңбектерде сөз 
болмаған таза сын есімді к‰рделі сөз тіркес-
терінің топтары жөнінде айтып ізге салған 
Т.Сайрамбаевтың көзқарасы көпшілік ғалым-
дар тарапынан сол кезде-ақ қолдау тапқан 
болатын. Өйткені екі не одан да көп сапалық 
сын есімдердің т‰йдектеле қолданылуы, зат-
тың сапасын к‰шейту ‰шін қолдану құбылы-
сының қазақ тіліндегі ‰лгілерін ж‰йелеудің 
басы саналатын бұл еңбектердің маңызы зор 
болды. Әрине, сапалық сын есімдер жөнінде 
морфологиялық жағын зерттеп «сөз арасында 
ғана затқа қатысты қолданылатынын екі не-
месе одан көп сапалық сын есімнің к‰рделі 
т‰рде тіркесіп сол тобымен заттың анық-
тауыштық қызметінде жұмсалатындығы жө-
нінде Т.Сайрамбаев еңбектерінен бұрын ай-
тылмады дей алмаймыз, бірақ оларда сын 
есімнің жай сөз тіркесі, к‰рделі сөз тіркесі 
тұрғысынан арнайы зеттелмеген болатын. 
Сөз тіркестерінің тіл білімінде қалыптас-
қан есімді сөз тіркестері және етістікті сөз 
тіркестері деген ж‰йемен қарастыра отырып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет