Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 351 көмілуші ем (429-б.). «Тек жүрген тоқ жүреді» деп шеттей береді. «Үндемей жүрген үйдей бәледен құтылады» деп ойлайды (503-б.). Көрікті ойдың келісті суретін салуға жұмса-
латын амал-әрекеттің әр түрлі бояуы, көркемдік
кескіні, эстетикалық әсері болады. Қандай да
болмасын қатынас-хабарлар мәтін арқылы жүзе-
ге асады. Сөйлеудің мазмұны, қатынас жасау
жағдайлары, оның бағыт-өрістері әр түрлі бола-
тындықтан, мәтін құрамындағы тілдік тұлға-
лардың тіркесу, байланысу сипаттары да түр-
ліше. Алайда ол айырмашылықтар жалпылан-
ған, біртектес сипатқа ие болады. Көркем әде-
биет тілінің өздеріне тән сипаты, табиғаты, ерек-
ше белгісі бар. Ол – көркем дүние тілінің комму-
никативтік қызметімен қатар, эстетикалық қыз-
метті де қоса атқаруында. Шебер жазушы
кейіпкер тілін әрлеп, оның сөз қолданысына
поэтикалық өң береді. Әрбір қаламгер иесі
кейіпкер тіліне алуан түрлі сөз оралымдарын
салып, стильдік мақсатты көздейді.
Тіл – қоғамның рухани және мәдени өмірі-
нің өзіндік ерекшеліктерінің жиынтығы сана-
латын мәдениетпен қатар тұратын маңызды
көрсеткіш. Онда халықтың өмір салты мен
өмірінің тарихи кезеңдері көрініс табатын тілдік
бейнесі сомдалады. Дүниенің тілдік бейнесінде
ғалам, әлем, күллі дүние, оның заңдылықтары
туралы барлық білім жинақталады. Ол ақпарат-
та тілдік және этномәдени қауымдастықтың әр
мүшесін ортақ мүддеге сай тірлік кешіп, өмір
сүруге үйрететін озық үлгідегі «адам және оның
ортасына», «адам және ақиқат шындыққа»,
«жеке адам және оның рухани болмыс бітіміне»
қатысты лингодидактиқалық мазмұн, тағылым-
дық-тәлімдік сарын болады.
Жазушы-драматург Ж. Әлмашұлы шығарма-
ларында синтаксистік құрылымдарға өзгеше
стильдік реңк жүктелген. Мұнда сұраулы, бұй-
рықты, лепті сөйлемдердің алған орны, атқарған
қызметтері өзгешеленіп тұрады. Бастысы, бұл
сөйлемдердің кейіпкер бейнесін даралаудағы
қызметтері олардың қарым-қатынасын реттеуін-
де шебер қиюласып, тілдік бірліктер жүйесі
тұтастай стильдік қызмет атқаруға жинақталған.
_____________
1. Көркем тексті өнер туындысы ретінде зерттеудің
өзекті мәселелері. – Алматы, 1993.
2. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. –
Алматы: Қазақстан, 1965. – 187 б.
3. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі дамуының этимология-
лық негіздері. – Алматы: Санат, 1994. – 168 б.
4. Ж. Әлмашұлы. Күлкі мен көз жасы. Роман. – Ал-
маты: Арыс, 2007. – 568 б.
* * *
В статье рассматривается стилистические особенностей и область применения культура речи в произведениях
писателя Ж. Алмашулы.