Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет441/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   446
 
 
 
Г. Ж. Өтемісова, 
Халықаралық Бизнес Академиясының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
 
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН АТАЛЫМДАРДЫҢ 
СИНОНИМДІК ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ 
(Ерімбет пен Нұртуған шығармалары бойынша) 
 
Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қанша-
лықты жетілгендігін, оның образдылығы мен 
дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есеп- 
теледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл-күйі мен 
көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу 
үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады. 
Ақындар шығармаларының тілінде ерекше көзге 
түсетін құбылыс − көнерген аталымдарға негіз-
делген синонимдердің молынан қолданылуы. 
«Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекше-
лігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. 
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы 
себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсі- 
ресе сөз мағынасына ішкі себептерден гөрі сыртқы 
себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз 
мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерісте-
рінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына 
сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тіл-
де бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-
қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байла-
ныста жұмсалады» [1, 85 б.]. 
Ақын-жыраулар шығармаларындағы көнер-
ген аталымдардың мағынасы мен қызметі жағы-
нан сараланбай жұмсалғандығы байқалады. Мы-
салы, экономикалық және әлеуметтік тәуелді 
топтарды білдіретін аталымдар – кедей, жарлы, 


352 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
байғұс сөздері мағына жағынан бір-бірінен ажы-
ратылмаған синонимдер. Ал қазіргі нормамызда 
соңғы сөз бейшара, мүсәпір, сорлы сөздерінің 
синонимі ретінде танылады. Сол сияқты бай, 
бек, батыр сөздері де әрі тура мағынасында, 
яғни терминдік мәнде, әрі жалпы аталым ре-
тінде қолданыла береді. Нұртуған мен Ерімбет 
шығармаларының тілінде синоним болып жұп-
тасатын мәндес сөздер тобы, яғни синонимдік 
қатар молынан кездеседі. 
Ғалым Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев еңбегін-
де: «Тілдегі синонимдік қарым-қатынастар әр-
дайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе 
сөздің мағыналық жағынан болған өзгерістері 
синонимдердің арасынан айқын және тез бай-
қалады. Қоғам өміріндегі әрбір тарихи оқиға-
лардан кейін бір жағынан кейбір синонимдік 
қарым-қатынастар бұзылып өзгеріп жатса, екін-
ші жағынан бұрын-соңды тілде өмірбақи болып 
көрмеген жаңа синонимдік құбылыстар туып
жататындығын аңғарамыз. Сондықтан синоним-
дер тарихи өзгеріп отыратын семантикалық 
категория деп танылады» − деп тұжырымдайды
[2, 108 б.]. 
Ғалым Б. Қасым күрделі атаулардағы сино-
нимдік қатар туралы қорытындылай келіп: «Күр-
делі атаулардың мағыналық жағынан даму нәти-
жесінде жаңа синонимдік қатарлар түзіліп, лек-
сикалық қордың баюына өз үлесін қосуда. Тіл-
дегі синонимдер де – қоғамдағы құбылыстардың 
өзгеруіне, жаңғыруына орай мағыналық жағы-
нан дамып, жетіліп қалыптасатын атаулар. Тіпті, 
қолданыс қызметінде де маңызды қызмет атқа-
ратындығын да айтып өтеді» [3, 71 б.]. 
Айталық, синонимдерді таңдауда олардың 
сол мәтінде алынған қатары айтарлықтай экс-
прессивті немесе көбіне поэтизм болмауы да 
мүмкін, бірақ белгілі бір стильдік мақсатпен 
келгенде, синонимдердің дәл сол таңдалған ва-
рианты ұтымды болып табылады. 
Сыр бойы ақындары Нұртуған мен Ерімбет 
синонимдерді таңдауда нағыз ұтқырлық таныт-
қан. Тұлғалары бөлек, мағыналары жуық сөздер 
болып табылатын синонимдер – поэзия тілінің 
ең бір қажетті құралы. Синонимдік қатардағы 
сөздердің таңдап алу ақынның айтпақ ойын 
(идеясын) дәл беру, ұсынбақ образды әсерлі етіп 
шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. 
Ә.Болғанбаев синонимдерді қолданудың негізгі 
тәсілдерін көрсетеді [4, 6-9 б.]. 
Сол тәсілдерді негізге ала отырып, ақындар 
шығармаларында кездескен синонимдік қатар-
дағы көнерген аталымдар қолданысы былайша 
анықталды: 
1 Синонимдер контексте мағыналық кон-
траст деп аталатын кереғарлық мән тудырып, 
оның оқырманға тигізетін әсерін – экспрес-
сиясын күшейту арқылы стильдік жүк арқа-
лайды. Ақындар шығармаларының тілінде ал-
дыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде 
бір рет пайдаланған көнерген аталымды қайта-
ламас үшін қолданылады. 
Ісіне өзі қылған пүшәйман жеп, 
Келе жатыр көп опынып жалғыздыққа 
[Н.К.ІІт]. 
Қашып шыққан шаруалар, 
Құл-құтан мен қаралар, 
Аулаққа салды кетегін [Н.К.Іт]. 
 
Айрықша Ғали шерді қайғы басты, 
Марқұмның өлгеніне болып пүшман! [Е.К]. 
Құдайға мінажат қып Әбу Шашма, 
Ішінен жалбарынды оқып дұға [Е.К]
 
Қарасай өз жасағымен, Айсаның ұлы Ахмет 
өз әскерімен топ-топ болып жүрді [Н.К.ІІт]
 
«Әуелі пәруәрдігер сені айтармын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет