Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 355 сөздерімен салыстыруға болатыны сияқты, ым-
жым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамынан, ал тым-
тырыс дегеннің сыңарын тымырады, тымырай-
ған дегендерден табуға болады.
Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып
немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген
сыңарлары мынандай екі түрлі жолмен пайда
болған. Біріншіден, әуел бастан дербес мағы-
насы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып,
бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті
өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делекси-
каланумен) бірге, дыбыстық жағынан да тиісті
өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән
дербестігінен айырылып, тек өзгермейтін қосар-
ланып жұмсалатын қосалқы я қосақтама мүше
ретінде ғана қалыптасқан.
Екіншіден, әуел баста дербес мағыналары
бар басқа-басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып
жұмсала-жұмсала жүріп, бірте-бірте бір сыңары,
бірде екеуі де бірдей өз мағынасын я біржолата,
я жартылай жоғалтып (делексикаланып), бас-
тапқы өз дербестігінен айырылып, не тек мағы-
налы компонентке, не бір-біріне қосарланатын
қосалқы сыңар ретінде ғана жұмсалатын болып
қалыптасқан.
Идиомалану, лексикалану, грамматикалану
процесі – қос сөздерге тән қасиет. Мысалы, жү-
ген-құрық, ер-тоқым, бет-жүз, ауыз-мұрын, қас -
қабақ тәрізді қос сөдер идиомаланып. Жүген-
құрық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет-
жүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қа-
баққа қарау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі
сөздерге арналған. Тарихи шығу төркінін қалып-
тастыру заңдарын топшылағанда, қос сөздер
мынандай екі түрлі жолмен дами-дами келіп,
үлкен бір арнаға сайған:
1. Қосарлама қос сөздердің бір алуаны бел-
гілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның
тіліндегі пара-пар я мәндес сөзді немесе көр-
шілес, айлас-күйлес отырған я бұрынды-соңды
белгілі қарым-қатынаста басқа халықтардың
тілдеріндегі балама сөзді жарыстыра, қосарлап
қолдану машығынан туып қалыптасқан. Бірақ
бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі ком-
поненті әуелгі өз мағынасын солғындатып, не
бір жола оны жоғалтып (диалексикаланып), тек
қосарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын
көне формаға айналған.
Бұл үрдісте, әрине, тиісті фонетикалық құ-
былыстардың да өзінше маңызды болғаны кү-
мәнсіз. Үрдістерді бағдарлау үшін мысалы, ба- ла-шаға, жора-жолдас,некен-саяқ, жүдеу-жа- дау, тоқты-торым, дау-шар, қыз-қырқын, ас- ауқат деген сөздерді салыстырып-ақ көз жет-
кізуге болады.
2. Қосарлама қос сөздердің бір алуаны
сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш
мүшелердің логикалық, формалық, интонация-
лық райға қарай бірте-бірте орын жағынан да
өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып
айтылып, жұпталып қолдануына сәйкес, бірде
күрделі, бір бүтін тұрақты сөз ретінде,бірде бір-
бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде
жұмсалу машығынан қалыптасқан. Практикада
әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай
қасиет екі жағы да мағыналы қосарлама сөз-
дерге тән. Сондықтан ондай қосарлама сөздер-
дің компоненттері тым ауыспалы болады, бірде
олар (қажет болған жағдайда) қос сөз құрамын-
да қолданылса, сау-саламат, аман-есен, әке- шеше, апа-қарындас, іс-әрекет бірде олар бір-
бірінен ажырап дербес, жеке-дара сөз ретінде
бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ретін-
де қолданыла береді (саумысың, саламатпысың?
Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегеніміз - іс
істеу, әрекет жасау деген сөз т.б.). қос сөздердің
екі сыңары да бірден бірыңғай, демек, бір ғана
сөз табына тән сөздерден құрылатын себебінің
бір негізі олардың бірыңғай мүшелерімен ұш-
тастығында да болуға тиіс.
Ал қайталама қос сөздердің симантикалық
сипатына тоқталатын болсақ, қайталама қос сөз-
дердің түр-түрлерінің өзара мағыналық айырма-
шылықтары сол сөздердің қайталау түрлеріне,
олардың сыртқы дыбыстық және сыртқы мор-
фологиялық формаларына байланысты. Олай
дейтін себебіміз – қайталаудың әрбір түрі я үл-
гісі тиісті семантикалық мағына тудыратын
грамматикалық форма ретінде ретінде қалып-
тасқан тәсілдер деуге болады. Өйткені, қайта-
лама қос сөздердің формаларында басқа-басқа
қаншалықты түр болса олардың соншалықты
мағыналық реңктері болады. Демек, өзіне тән
ерекшелігі бар әрбір мағыналық реңктің өзіне
лайық формасы да болады.
Егер зат есімге ешқандай да қосымша қо-
сылмай екі рет қайталанса тау-тау, сай-сай, қора-қора ол сөзден жаңа лексикалық мағына
тумайды. Тек сол сияқты заттарды топ-тобымен
жинақтау я бөлу мағынасы түсініледі. Мысалы, Күндіз көрген жазық жерін қазір тау шатқа- лындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мүсірепов). Көп кешікпей шабындық жерлерде мая-мая шөп тұрды (С. Көбеев). Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталатын
формасы да ол сөздің лексикалық мағынасын
өзгертпейді, тек семантикасымен қолданылу