252
Сахабалар салған сара жол
«Ұхұд майданында уақытша жеңілістің ащы дәмін
таттық. Меккеге елдің алды болып мен оралдым. Аллаһ
расулына қорған болып, Аллаһ жолында жан берісе
шайқасқан әлдекім есімнен кетпей қойды. Өз-өзіме:
«Сірә, Талха боларсың. Сендей ержүрек адамның
менің туысым болғанына айрықша қуанамын», – дедім.
Мүшріктермен арадағы шайқаста қаһармандығымен
көзге түскен тағы бір адам да менің назарымды өзіне
аударды. Бірақ мен Аллаһ расулына жақындау едім.
Ол жылдам адымдайтын шапшаң адам болатын. Мен
оған ілесе алмай артта қала бердім. Қарасам, ол – Әбу
Убайда ибн Жәррах
(р.а.)
екен. Пайғамбарымыздың жа-
нына келгенімде тістері сынып, беті жарақаттанғанын,
дулығасының шынжырбауы жүзіне қадалып қалғанын
көрдім. Жарасынан қан сорғалап тұрса да, расулаллаһ
Талханы нұсқап: «Жолдастарыңа көмектесіңдер!» – деді.
Мен бұл айтқан сөзге мән бере қоймай, дулығасының
шынжырбауын ағытпақ болғанымда, «Ант етейін, мені
жайыма қалдырмасаң, сені кешірмеймін», – деді.
Мен оған көмектесуді Әбу Убайдаға (р.а.) тапсыр-
дым. Пайғамбарға қолын батырмайын деген сақтықпен
Әбу Үбайда шынжырбауды тісімен ағытпақ бол-
ды. Дулығаның шынжыры Әбу Убайданың алдыңғы
бір тісін жұлып түсірді. Әбу Убайданың орнына мен
көмектеспек болғанымда, Расулаллаһ бұл жерден кет-
песем, мені кешірмейтінін айтып, тағы ант ішті. Әбу
Убайда екінші шынжырбауды ағытып жатып, тағы бір
тісінен айырылды. Негізінен, Әбу Убайда алдыңғы тіс-
тері кетік кісілердің ең әдемісі еді. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жарасын таңғаннан кейін, Талханы
253
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
іздеп, бір шұңқырдан таптық. Жетпістен аса жерінен
жарақат алыпты. Оған да ем-дом жасадық»
230
.
Достарыңызбен бөлісу: