Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың дұғасымен омардың



Pdf көрінісі
бет147/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың дұғасымен омардың 

мұсылман болуы

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 Омар мен Әбу 

Жәһілдің біреуінің мұсылман болғанын Аллаһтан тілеп 

дұға етті. Сол күннің ертеңінде Омар (р.а.) Ислам дінін 

қабылдайды. Артынша Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһ 

уәсәлләм)

 бен сахабаларының ұрандап тәкбір айтқан да-

уыстары Меккенің алыс түкпіріне дейін естілді. Үйінде 

байыз тауып отыра алмаған мүшрік Әрқам сыртқа атып 

шығып: «Аллаһ тағалам! Ұлымды, Әрқамның бейшара 

баласын кешір, өйткені ол кәпір болды», – деді күйіне 

сөйлеп. 

* * *

 Омар 


(р.а.)

 орнынан тұрып «Уа, расулаллаһ, біз тура 

жолда бола тұра, дінімізді неліктен жасырып ұстаймыз? 

Ал олар қате жолда бола тұра теріс қылықтарын неге 

тыймайды?» – деп сұрады. Аллаһ расулы: «Уа, Омар, та-

разы басы тең емес, біз оларға тойтарыс бере алмаймыз. 

Басымыздан өткен жағдайды өзің көрдің ғой», – дейді. 

Сонда Омар (р.а.): «Сені ақиқатпен жіберген Аллаһқа 

ант етемін, кәпір кезімде табаным тиген барлық жер-

ді аралап, барша жұртқа мұсылман болғанымды жари-

ялаймын», – деді шиыршық атып. Омар (р.а.) алдымен 

Қағбаны  тауап  етпек  болады.  Өзін  сырттай  бақылап 

сыр бермей тұрған Құрайыштармен ұшырасып қалады. 

Әбу Жәһіл Омарға:

«Ей,  Омар,  халық  сені  діннен  шығып  кетіпті  деп 

жүр ғой?» – дейді сынай қарап. Құрайыштардың алыс-

тан  шалма  лақтырып,  мұның  аңысын  аңдап  көрмек 

болған  ниетін  сезген  Омар  (р.а.):  «Куәлік  етемін, 

Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ, Ол жалғыз, 



257

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

теңдесі  жоқ.  Мұхаммед  –  Оның  құлы  әрі  расулы»,  – 

дейді тайсалмай. 

Ызаланған  мүшріктер  Омарға  тап  береді.  Омар 

(р.а.) бірден Ұтбаға ұмтылады. Ұтба жан даусы шыға 

бақырып, Омардың шеңгелінен өлдім-талдым дегенде 

сытылып  шығады.  (Әдетте  пиғылы  жат  көпшілікпен 

жалғыз  қалғанда  қолданатын  тәсіліне  басып,  Омар 

(р.а.)қарсы  жақтың  топ  жарған  көсемін  тобығынан 

қағуды  көздейтін.  Өзінен  күші  басым,  қарасы  көп 

жаудан  осылайша  қорғанатын).  Омар  (р.а.)  айтқан 

сөзінде тұрып, жолында кездескендерге өзінің иманға 

келгенін  жалықпай,  қажымай  жариялады.  Осылай-

ша,  мүшріктердің  мысын  басып,  ат  төбеліндей  аз 

мұсылмандардың  рухын  бір  көтеріп  тастаған  Омар: 

«Уа, расулаллаһ, бұдан былай ешбір жан сені ренжіт-

пейді деп ойлаймын. Иманға келіп, Исламға кіргенімді 

жалпақ жұртқа жайып шықтым», – деді. 

Аллаһтың  қалауымен  Омардың  (р.а.)  осынау 

батыл  қадамынан  кейін,  қанат  бітіп,  жігер  алған 

Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


 қауіп қайдан келер деп алаңдамай 

Қағбаны тауап етеді. Сосын бесін намазын оқып, Омар-

мен бірге Ибн Әрқамның үйіне қайтты»

232


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет