Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың қажылыққа келгендерге



Pdf көрінісі
бет299/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   349
омардың қажылыққа келгендерге 

олардың әкімдері туралы айтқандары

Ата (р.а.) айтады: «Омар (р.а.) өзінің тағайындаған 

әкімдеріне  қажылық  маусымында  өзіне  келуді 

бұйыратын  және  халық  жиналған  кезде,  халыққа  бы-

лай  дейтін:  «Уа,  халайық!  Мен  әкімдерді  сендерді 

қорласын,  мал-мүліктеріңді  талан-таражға  салсын, 

намыстарыңды таптасын деп жіберген жоқпын. Олар-

ды бірлік пен тәртіп орнатуға, олжаларды әділ бөліске 

салу үшін жібердім. Бұған қайшы әрекет жасаған әкім 

бар болса, айтыңдар!»

Бір    жылы  Омар  халықты  жинап,  олардан 

әкімдеріне  өкпе-реніштерінің  бар-жоқтығын  сұрайды. 

Сонда біреу: «Ей, мүміндердің әмірі, сен тағайындаған 

пәленше деген әкімің маған қамшымен жүз дүре соқты», 

– дейді. Үстінен шағым айтылған әкімге Омар: «Оны 

неге ұрдың?» – деп кейиді. Жәбір көрген адамға: «Тұр 

да,  ақыңды  ал»,  –  дейді.  Омар  осылай  бұйырғаннан 

кейін, Амр ибн Ас тұрып: «Ей, мүміндердің әміршісі, 

егер  бұған  жол  беретін  болсаң,  арыз-шағымның  ас-

тында  қаласың.  Бұл  сенен  кейінгілерге  үлгі  болып, 

әдетке  айналады»,  –  дейді.  Омар:  «Аллаһ  расулының 

өзі біреудің ақысын адал ету үшін өзін аямағанын көре 

тұра, қалайша бұған көз жұма қарайын?» – дейді. Амр: 

«Олай  болса,  ол  адамды  бізге  бер,  біз  оның  тілегін 

қанағаттандырамыз», – дейді. Омар: «Мұныңа келісу-

ге  болады»,  –  дейді.  Сөйтіп,  олар  әр  дүре  үшін  ақша 

беріп, екі жүз динармен шағымданушының ризалығын 

алды


461

.

461



 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/872 (36007)


442

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет