Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Амр ибн Астың ұлы мен мысырлық



Pdf көрінісі
бет300/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Амр ибн Астың ұлы мен мысырлық 

тұрғын арасындағы оқиға

Әнәс  (р.а.)  айтады:  «Бірде  Мысырдың  бір 

тұрғыны Омарға (р.а.): «Уа, мүміндердің әміршісі, мен 

зұлымдықтан қашып, сені паналауға келдім», – дейді. 

Омар: «Сен өзіңе қорған болатын адамды дәл таптың», 

– дейді. Бейтаныс жігіт: «Амр ибн Астың ұлы екеуміз 

жарысқан  едік.  Мен  одан  озып  кеттім.  Алайда,  Амр 

ибн Астың ұлы «Мен текті әулеттің текті ұлымын» деп 

мені сабады», – дейді. Омар дереу Амр ибн Асқа ба-

ласын  өзімен  бірге  ертіп,  Мәдинаға  келуді  бұйырып, 

хат жазады. Айтқан уақытта Амр мен ұлы Халифаның 

қабылдауына  кіреді.  Омар  мысырлық  тұрғынға: 

«Қолыңа шыбықты ал, сені қалай сабаса, сен де солай 

саба», – дейді. Мысырлық Халифаның әмірін екі етпей-

ді. Омар: «Оның әке-шешесі басқалардан ешқандай да 

артық емес, баласын аяма», – дейді. Аллаһқа ант етемін, 

мысырлық жігіт Амрдың ұлын айызы қанғанша саба-

ды, шынын айту керек, бұған біздің қыбымыз қанды. 

Біз оған: «Жетер», – дегенімізге дейін тоқтамады. Со-

сын Омар (р.а.) мысырлыққа: «Амрдан да ақыңды ал», 

–  дейді.  Мысырлық:  «Мені  әкесі  емес,  баласы  ұрды. 

Мен баласынан ақымды алдым. Осы жеткілікті», – деді. 

Халифа Амрға: «Аналарынан азат боп туған адамдарды 

сендердің құлға айналдыруға қандай хақыларың бар?» 

– деп шүйлігеді. Амр ибн Ас (р.а.): «Уа, мүміндердің 

әміршісі,  бұдан  менің  хабарым  жоқ,  ол  маған  келіп 

айтқан жоқ», – дейді»

462


.

462


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/873 (36010)


443

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет