Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Ибраһим яһуди де, христиан да емес, бірақ



Pdf көрінісі
бет8/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   309
«Ибраһим яһуди де, христиан да емес, бірақ 
ол ханиф және мұсылман еді. Пұтқа табынушылар-
дан да емес-тін»
, – деп айтылады
6
. Барлық діндер ханиф 
– тұп-тура дін болған. Бұл дін – адамның табиғатына 
ауыр емес, керісінше жеңіл келіп, жүрекке жылы тиген, 
жанын рақатқа бөлеп, бейбітшілік бесігінде тербеткен 
кеңпейілділік діні.
Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға 
қарағанда осы кеңпейілділік, жеңілдік дінінің болмысы-
на сай келгендіктен «Әбу Ханифа» делінген. Арабшада 
«әбу» сөзі тек «әкені» ғана емес, сонымен қатар, «бір 
нәрсеге иелік ету», «өкілдік» мағынасын да білдіреді. 
Демек, сунниттердің арасында өзге мәзһабтарға 
қарағанда Исламның рухына жақынырақ көзқараста 
болып, Исламға өкілдік еткен.
Әбу Ханифаның жас кезінде негізгі қызыққан ілімі – 
кәлам саласы. Кәлам – діннің иман негіздерін зерттейтін 
ғылым. Куфа – Ирактың ең үлкен қалаларының бірі. Ол 
жерде Исламдағы болсын, одан тыс болсын, әр түрлі 
теріс ағымдар көп. Аса зерек Имам Ағзам жастайынан 
сол ағымдармен пікір таластырып, ой жарыстырып өсті. 
Бірде оған сол аймақтағы пұтқа табынушылар келіп, Ұлы 
Жаратушы жайлы пікір таластырады. Сонда ол: «Сендер 
4
Әбул Хусәйн Муслим ибн Хажжаж. Сахих, Станбул. 1973. 
Жәннәт, 63.
5
Муснәд, 6, 116.
6
Әли Имран, 3/67.


19
Ислам ғылымхалы
теңізде желкенін желге жайған алып бір кеменің қарсы 
келген жал-жал толқындарға төтеп беріп, белгілі бір 
бағытқа жүзіп бара жатқанын көрдіңдер дейік. Сонда 
мен әлгі кеменің басқаратын капитаны жоқ. Өздігінен 
санасы бардай кетіп бара жатыр десем, қабыл етер ме 
едіңдер?», – дейді. Әлгі адамдар: «Жоқ, бұл ақылға сый-
ымсыз нәрсе», – деп жауап береді. Осы кезде Имам Ағзам: 
«Сол секілді бізге бесік етіп жаратылған жер – алып кеме. 
Милиондаған адам мен жан-жануар, сансыз өсімдіктерін 
арқалап, қаншама ғасырдан бері, өзінің діттеген 
бағытына қарай кетіп бара жатыр. Сонда мұның алдағы 
бағытын түзеп, үстіндегі халықты сақтаған, қадағалаған 
бір иесі болмауы ақылға қона ма? Жоғарыдағы мысал 
ақылға қонбаса, бұл қалай қонбақ? Демек, әлемнің Ұлы 
бір Жаратушысы бар», – дейді. Оның сөздері қисынға 
келетіндіктен, әлгі адамдар бірауыздан ақиқатты мой-
ындап, мұсылмандыққа өтеді.
Ол кейін фиқһтың маманы болғанда да, кейде 
кәламға байланысты пікір таласатын. Бірде мешітте 
отырған кезінде харижиттер қолдарына қару алып
мешітке басып кіреді. Олардың жаңсақ сенімі бойынша 
үлкен күнә жасаған мұсылман кәпір саналып, мәңгілік 
жаһаннамға кетеді. Сол себепті, харижиттер оны сынау 
үшін сұрақ қояды: 
– «Есіктің алдында екі өлік бар. Бірі – еркек. 
Араққа тұншығып өлген. Екіншісі – әйел. Зина жасап, 
жүкті болғанын білген кезде асылып өлген. Осы екеуі 
жөнінде сен не айтар едің?»
– Екеуі қай ұлттан? Яһуди ме?
– Жоқ.
– Христиан ба?


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет