Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктері-



Pdf көрінісі
бет7/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   309
Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктері-
мен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар 
жиынтығы.
***


16


17
ИМАМ АҒЗАМ
Имам Ағзам һижраның 80 (699) жылында Ирактың 
Куфа қаласында өмірге келген. Толық аты-жөні – Нұғман 
ибн Сәбит. Ұлты – парсы. Өз дәуірінің ірі ғалымы 
болғандықтан халық оны «Имам Ағзам», «ең үлкен 
имам» деп құрметтеген. Ел арасында «Әбу Ханифа» 
деп те аталады. Яғни, «Ханифаның әкесі». Бұлай аталуы 
жайлы да түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі Ханифа 
есімді қызы болған дегенді айтады. Бірақ ол заман-
да арабтардың салтында ата-тек ер баланың есімімен 
аталатын. Әрі өзінің дәріс алқасында Хаммад атты 
баласы бар еді. Сондықтан «Әбу Хаммад» – деп аталуға 
лайық. Бұдан басқа Ханифтің Исламдағы мағынасы – 
Аллаһ Тағаланың әуел бастан адамзатқа түсірген, адам 
табиғатына ең лайық нағыз шынайы тәухид діні. Құранда 
былай дейді: 
«Бәрінен бет бұрып, жүзіңді, Ханиф дініне 
қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап 
жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды. 
Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді»
2
.
Ханиф – «Ислам» сөзінің синонимі ретінде берілген. Бұл 
хадисте де бар. Пайғамбарымыздан «Аллаһқа қандай дін 
қабыл болуға лайық?» – деп сұрағанда, «Жеңілдетілген 
Ханифтік»
3
– деп жауап береді. Ол – Ислам діні. Басқа 
хадисте Пайғамбарымыз: «Аллаһ құлдарымның бәрін де 
2
Рум, 30/30.
3
Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд. Египет. 1949. 1, 236.


18
Ислам ғылымхалы
ханиф етіп жараттым – деді»
4
– деп хабар берсе, бірде 
ол: «Мен яһуди мен христиандықпен емес, жеңілдетілген 
Ханифтікпен жіберілдім»
5
, – дейді. Ұлы Жаратушы адам 
баласын ханиф яғни Ислам дініне лайық жаратқан. 
Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет