Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет110/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   309
Ислам ғылымхалы
кейін рүкүғ және сәждеге барады да, сәжде жасаған соң 
қайта қиямға тұрады. Мұнда да бисмиллаһ, «Фатиха», 
аздап Құран оқылып, рүкүғ, сәжде жасап отырады. Бұл 
намаздың соңы болғандықтан, осы отырыс – «ақырғы 
отырыс» деп саналады. Міне, осы кезде «әт-тахият», 
«салауат», дұға оқылып, сәлем беріледі.
Ал бесін намазының парызы былайша оқылады: 
Сүннет оқылып біткеннен кейін қамат айтып, бесін 
намазының парызын өтеуге ниет етеді. Содан кейін екі 
қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды да, дәл таң 
намазының екі рәкат парызы секілді оқылады. Бірақ 
түскі намаз төрт рәкат болғандықтан, екінші рәкаттан 
кейін отырып, «әт-тахиятты» оқиды да, «Аллаһу әкбар» 
деп орнынан түрегеліп, үшінші рәкатқа бастайды, Бұл 
жерде тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады. Яғни, 
қосымша сүре, аят оқылмайды. Содан кейін рүкүғ пен 
сәждеге барады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп, төртінші 
рәкатқа бастайды. Мұнда да тек қана Бисмиллаһ пен 
«Фатиха» оқылып, рүкүғ, сәждеге барады да, ақырғы 
отырысқа отырады. Бұл соңғы отырыс болғандықтан, 
«әт-тахияттан» кейін, «салауат» пен дұға оқып, сәлем 
береді. Осылайша бесін намазының төрт рәкаттық 
парызы аяқталады. Бұдан кейін бесін намаздың екі рәкат 
сүннеті оқылады. Бұл сүннетке ниет еткеннен кейін дәл 
бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді орындалады. 
Жеке адам бұл намазды құпия оқиды.
Намаздыгер намазы
Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын 
төрт рәкат сүннеті – мүәккад болмаған сүннет. Мұның 
әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондық-


193
Намаз
тан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының 
төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін 
отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл 
жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу 
әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші 
рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, ал-
дымен «субханака», «әуз’у мен бисмиллаһ», одан кейін 
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге 
барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты 
бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия», 
«салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.
Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл 
бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады. 
Айырмашылығы – намаздыгер намазына ниет ету. Бұл 
намаз құпия оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет