Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Хаййә ‘аләс-Саләһ», «Хаййә ‘аләл-Фәләх»



Pdf көрінісі
бет107/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   309
«Хаййә ‘аләс-Саләһ», «Хаййә ‘аләл-Фәләх»
– деп 
жатты. Екі саусағы екі құлағында болатын».
11. Азан мен қамат уақыты намазбен қатар қаза на-
маздары үшін де сүннет.
12. Азан мен қамат арасында аздап уақыт бөлген 
абзал. Пайғамбарымыз Біләлға: 
«Біләл, азан мен қамат 
арасында тамақтанып отырған адамның тамағын 
асықпай бітіріп, асықпай қажеттіліктерін өтейтіндай 
уақыт бер»
227
, – деді.
13. Азан оқыған уақытта сөйлеуін доғарып, тіпті 
Құран оқыған адам да тоқтап, азан тыңдауы абзал. Кейбір 
көзқарастар бойынша, мешіт пен үйінде Құран оқыған 
адам, Құран оқуын тоқтатпай жалғастыруына болады.
Азан мен қаматты естушінің азаншымен бірге құпия 
оқуы – мұстахап. Бірақ, «Хаййә а’ләс-Саләһ», «Хаййә 
а’ләл-Фәләх» оқылғанда, тыңдаушы: 
لاِِب ََّلاإ َةَّوُق لاَو َلْو َح لا
 
«Ләә хаулә, уә ләә қууәтә иллә билләһ (Нағыз күш-
қуат Аллаһта)»
– деп айтады.
Азан оқылған соң былайша дұға оқылады:
ًادَّم َحُم ِتآ ِةَمِئآَقْلا ِةلا َّصلا َو ِةَّمآَّتلا ِةَوْعَّدلا ِهِذَه َّبَر َّمُهللأ{
يذَّلا ًادوم ْحَم ًاماَقَم ُهْثَعْبا َو َةَعيفَّرلا َة َجَرَّدلا َو َةَلي ِضَفْلا َو َةَليِسَوْلا
}َداعيِمْلا ُفُل ْخُت َلا َكَّنِا ُهَتْدَعَو
227
А.б. Ханбәл, Муснәд,V, 143.


188
Ислам ғылымхалы
«Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә 
уәс-салатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсииләтә 
уәл-фадииләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’та. Уәб’асһу 
мақамәм махмудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә 
тухлифул-ми’аад».
Мағынасы: 
«Ей, мына толық азан 
мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке 
арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені 
бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» 
жеткіз. Сен өзіңнің берген уәдеңді орындайтыныңа 
ешқандай күмән жоқ».
Намаздан тыс және кейбір себептерге байланысты 
азан оқу – мәндүп. Бұлар:
1. Бала дүниеге келгенде құлағына азан оқу. Аллаһ 
Елшісі немересі Хазіреті Хасан туылғанда құлағына азан 
оқыған
228
.
2. Соғыс уақытында, өрт жағдайында азан оқу.
3. Қатты ашуланған, науқастанған, жаман мінезді 
адамның немесе жан-жануардың құлағына азан оқу – 
мәндүп.
4. Жын мен шайтан қорқынышты бір бейнеде 
көрінген кезде, бұлардың кесірінен сақтану үшін азан 
оқылады. Өйткені шайтанның азан оқылған кезде 
қашатындығы хадисте айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет