Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет108/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   309
Азаншының ерекшелігі
Азаншылық – аса ерекше мамандық. Пайғамбарымыз 
азаншылықтың ерекшеліктері туралы көптеген 
хадистерінде айтқан. Бұлардың кейбірінен мысал беріп 
228
Әбу Дәәуд, Әдәб, 107.


189
Намаз
өтейік: 
«Азаншы даусының естілген жерінің көлеміне 
қарай күнәсі кешіріледі. Даусы естілген жердегі 
барлық нәрсе оған куәлік етеді»
229
. Басқа бір хадисінде 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Аллаһым, имамдарды тура 
жолға сал, тура жолдан айырма, азаншыларға кешірім 
ет!»
230
– деп олар үшін дұға етеді.
Қамат (тәкбір)
Ерлерге мейлі жеке, мейлі жамағатпен болсын парыз 
бен қаза намазға тұрар алдында қамат айту – мүәккад 
сүннет. Қаматтың сөздері азан сөздерімен бірдей.
Тек қана «Хаййә аләл-Фәләх» дегеннен кейін:
ُةلا َّصلا ِتَماَق ْدَق ,ةلا َّصلا ِتَماَق ْدَق
 «қад қаматис-салааһ»
(Намаз 
басталды) деп екі рет айтылады.
 Бес уақыт намаздың оқылуы
Намазды жеке оқу үлгісі
Бамдат намазы
Бамдат намазының алдымен екі рәкат сүннеті 
оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәкат сүннетін 
оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі 
құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір 
алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, 
«Субханака 
Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала 
жәддука уә ләә иләһә ғайрука»

«Ә’узу биллаһи минаш-
шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим» 
дейді 
де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан 
229
Бухари, Әзәб, 107.
230
Әбу Дәәуд, Салат: 32.


190
Ислам ғылымхалы
кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре 
оқылады. Бұдан кейін 
«Аллаһу әкбар»
дейді де, рүкүғке 
барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет 
«СубханАллаһил-
азим»
деп тәсбих айтады. Сосын 
«Сәми’ Аллаһу лимән 
хамидаһ»
сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен 
«Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд»
деп айтады. Бұдан 
кейін 
«Аллаһу әкбар»
деп сәждеге барады. Сәждеде үш 
рет 
«Субхана Раббиял-а’ла»
дейді де, 
«Аллаһу әкбар»
деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт 
отырады да, қайта 
«Аллаһу әкбар»
деп екінші сәждеге 
барады. Мұнда да үш рет 
«Субхана Раббиял-а’ла»
деп 
тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.
Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші 
рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек 
қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре 
оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ 
пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отыра-
ды. Бұл – екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы 
жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары 
оқылады. Олар мыналар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет