«Аллаһ жолында
өлгендерге (шейіт) «өлі» демеңдер. Керісінше, олар
тірі. Бірақ сендер сезе алмайсындар»
300
,
– дейді.
300
Бақара, 2/154.
271
Намаз
Өлім тақағанда жасалатын нәрселер
Соңғы сәт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып,
құбылаға қарату керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.)
Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің құбыласы»
301
, – деген.
Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен
су беріледі. Науқас қатты қиналса, оған жақындары
көмектесуі керек. Оның жанында тұрып, «шәһадат
кәлимасын» қайталап, оның айтуына көмектесу – сүннет.
Бірақ бұл сөзді зорлап айтқызуға болмайды. Өйткені
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ескерткен: «Ләә илаһә иллаллаһты»
айтуға көмектесіңдер. Өлім сәтінде оны айтқан жанды
осы сөз жаһаннамнан құтқарады». «Ақырғы сөзі «Ләә
илаһә иллаллаһ» болған адам жәннатқа кіреді»
302
.
Кісі қайтыс болған кезде аузы жабылып, таза
шүберекпен таңылады. Бір матамен басын байлайды.
Көздерін жұмады. Қолдары жанына қойылады. Одан
кейін өліктің үстін матамен жабады. Өлген кісінің жа-
нында жуылғанға дейін Құран оқу – мәкрүһ.
Жаназаның жуылуы
Жаназаның жуылуынан көмілуіне дейін жасала-
тын істерге – «тәжһиз» (әзірлеу) дейді. Исламда өлген
адамның ең қысқа мерзімде жуылып, кебінделіп, жаназа
намазы оқылып көмілуі керек. Бұл – мұстахап.
Мәйіттің жуылуы: Мәйітті жоғары бір жерге
шалқалап жатқызып, әурет жері жабылады. Ер кісіні
– ерлер, әйел затын – әйелдер жуады. Мәйітті жуған
бір кісіге тағы бір кісі су төгіп көмектеседі. Мәйіттің
301
Әбу Дәәуд, Уәсайә,10.
302
Муслим, Жанаиз, 1-2.
272
Достарыңызбен бөлісу: |