Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы  жоқ», – деп жауап қайтарды 314 . Әр айда үш күн ораза ұстау



Pdf көрінісі
бет181/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   309
Ораза
аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы 
жоқ», – деп жауап қайтарды
314
.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні 
ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бой-
ынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш 
күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде 
ұста»
315
.
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері 
ораза ұстау
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері 
ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп 
сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен 
бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаят-
та «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде 
ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар
316
.
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей 
бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ 
айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. 
Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол 
сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі 
шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза 
ұстағанмен бірдей
317
.
314
Муслим, Сиам, 192.
315
Бухари, Әнбия, 377.
316
Әбу Дәәуд, Саум, 60.
317
Ибн Мажә, Сиам, 33.


308
Ислам ғылымхалы
Арафа күнінде ораза ұстау
Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның 
тоғызыншы күнінде ораза ұстауы – мұстахап. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Арафа күні 
ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық 
күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген
318
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет