Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз



Pdf көрінісі
бет180/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   309
«Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз 
қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне 
ақиқатты айқындап, сабырлықты насихаттағандар 
ондай күйге душар болмайды»
, – деп баян етеді.
Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали оразаның 
үш түрі бар екендігін айтады:
Жалпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық 
қатынастан аулақ тұру.
Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза. 
Бұл – көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін 
күнәдан сақтауы.
Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі 
мен ой-сана әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк 


306
Ислам ғылымхалы
болуы. Осылай ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен 
өзге ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын 
желбіретіп, көкке қадау үшін дүниені ойласа болады. 
Бұл – толық адамның бейнесі.
Оразаның түрлері
Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып 
төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
1. Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.
2. Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен 
«кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. 
Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан 
ораза – тағайындалған уәжіп ораза. Нақты уақыт 
белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп 
атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза.
Нәпіл ораза
Бұл – сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке 
бөлінеді.
Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күн ара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 
дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған ораз-
асы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». 
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай 


307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет