Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Нәпіл: Парыз бен уәжіптен тыс Аллаһ Тағалаға  жақындау үшін жасалатын ғибадаттар. Нәпіл тауап



Pdf көрінісі
бет293/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   309
Нәпіл:
Парыз бен уәжіптен тыс Аллаһ Тағалаға 
жақындау үшін жасалатын ғибадаттар.
Нәпіл тауап:
Парыз және уәжіп болмаған нәпіл 
тауап.
Нисап:
Зекетті, құрбан шалуды және пітір садақасын 
беруді парыз яки уәжіп ететін белгілі байлық мөлшері.
Нифас:
Әйел адам босанған кезде жатырынан 
келетін қан.
Ораза:
Екінші таң шапағынан бастап, күн батқанға 
дейін Аллаһ үшін ауыз бекіту.
Пақыр:
Нисап мөлшеріне жететін байлықты ие-
ленбеген адамдар.
Парыз:
Анық және бұлтартпас дәлелдермен әмір 
етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Намаз оқу, ораза 
ұстау, зекет беру, т.б.
Пітір садақа:
Күнделікті қолданылатын негізгі 
қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшері (85 г. 
алтын) байлыққа ие адамға уәжіп садақа.
Рәмәл:
Тауаптың алғашқы үш айналымында 
иықтарды сілтіген бойда, қысқа адымдармен жылдам-
жылдам жүру.


499
Ислам ғылымхалы
Рида:
Қажылықта белден жоғары қарай жабатын 
сүлгі немесе мата.
Рүкүғ:
иілу. Қолдарды тізеге қойып, төмен қарай 
иілу. Намаздың негізгі парыздарының бірі.
Рүкүн: 
Парыз, негіз.
Сағи:
Араб тілінде шапшаң жүру, жүгіру деген 
мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік 
мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа 
және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен 
бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш 
рет қайтып келу.
Салауат:
Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) айтылатын ерекше 
дұға.
Сәжде:
Бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу. 
Маңдайды және мұрынды жерге тигізу «сәжде» деп ата-
лады. Сәжде намаздың ішкі парызының бірі.
Сәләфи:
Сахабалардан кейінгі ғалымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет