Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет295/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   309
Тәнзиһән мәкрүһ: 
Адалға жақын мәкрүһ. Мұрынды 
оң қолмен шаю, т.б.
Тәруия күні:
Зилхижжа айының 8-інші күні.
Тәсбих:
Аллаһ Тағаланы шірк атаулыдан
нұқсандықтан пәктеу.


501
Ислам ғылымхалы
Тәһажжүд намазы:
Түннің жартысынан бастап, 
сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта оқылатын 
намаз түрі.
Тәшәһһүд:
әт-Тахият дұғасы оқылатын намаздың 
алғашқы және ақырғы отырысы.
Тіләуат сәждесі: 
Сәжде аяттарын естіген яки оқыған 
кезде арнайы жасалатын сәжде.
Уадағ (қоштасу) тауабы:
Қажылықта Минада 
шайтанға тас лақтырғанан кейін Меккеге қайтқан 
кезде жасалатын тауап. «Садәр тауабы» деп те атала-
ды. Қажылыққа сырттан келгендер үшін бұл тауапты 
жасау – уәжіп.
Уақфа:
Бір мезет ғибадат ниетімен арнайы 
уақыттарда Арафат тауында және Муздәлифада тұру.
Уәжіп: 
Орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, 
қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уазипалар. 
Құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.
Умра тауабы:
Умраға барғанда жасалатын тауап. 
Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымы – умраның па-
рыздарынан, міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаса, 
умрасы дұрыс болмайды. Қалған үш айналым орындал-
маса, арнайы жаза өтеледі.
Умра:
Белгілі бір уақытқа байланбай жылдың 
кез келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи 
жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, 
ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.
Үзір қаны: 
Құрсақтан емес, ақау тамырдан ағатын 
қан.
Үлкен хадас:
Жүніп, хайыз, нифас.
Фәтуа: 
Құран және сүннеттен белгілі бір ережелерге 
сүйеніп, шығарылатын үкімдер.


502


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет