Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет36/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   309
Ғұсыл сүннеттері
1. Алдымен «Бисмиллаһ» деп бастау
2. Ниет ету (Шафиғилерде ниет ету парыз)
3. Әурет (ұятты) жерлерді жуу. Денеде лас жерлері 
болса тазалау
4. Дәрет алу
50
Нәсаии, Әбу Абдрахман ибн Шу’аиб. Сунән. Египет. Таһарат, 
171.
51
Әбу Дәәуд, Таһарат, 98.


66
Ислам ғылымхалы
5. Үш рет басын, үш рет оң иыққа және үш рет сол 
иыққа су төгу. Әрбір құйылған суды дененің барлық 
жеріне жеткізу.
6. Ғұсыл алғанда сөйлемеу
7. Ғұсыл құйынып жатқанда құбыла жаққа тура да, 
теріс те қарап тұрмау. Яғни, жанымен тұру. Әурет жері 
жабық тұрса қарауға болады.
8. Жалғыз өзі болса да, әурет жерін жабу. Монша, 
көл, т.б. адамдар арасында әурет жері ашық күйде жуыну 
– харам.
Бір адамның көпшілік арасында тұрып, жуынғанын 
байқаған Аллаһ Елшісі қатты қамығып былай дейді: 
«Күмәнсіз, Аллаһ Тағала ұят иесі және күнәлар мен 
кемшіліктерді жауып, жасырушы. Сол себепті, ұятты 
болуды және әурет жерлерін жабуларын жақсы көреді. 
Ендеше, бір адам ғұсыл құйғанда әурет жерлерін 
жапсын»
52
.
Ислам діні адам денсаулығына қатты мән берген. 
Сол себепті, бір адам су ысытуға мүмкіндігі болма-
са, суық сумен жуыну ауруға себеп туғызса, мұндай 
жағдайда мүмкіндік туғанға дейін тәйәммүм соғып намаз 
оқиды. Өйткені, 
«Дінде зорлық жоқ».
Бірде Амр ибн 
Ас бір сапарында жүніп болып қалып, ауа-райы қатты 
суық болған соң, жуынбай тек қана тәйәммүм алып намаз 
оқиды. Осы мәселе Пайғамбарымызға айтылғанда, ләм-
мим демеді
53
.
Жалғыз қалған адамның әурет жерлері ашық болуы 
харам болмаса да, жабық болуы Ислам әдебіне жатады. 
Өйткені, Пайғамбарымыздан бір сахаба 
«Біріміз жалғыз 
52
Әбу Дәәуд, Хамам; 1; Нәсәий, Ғусул: 7
53
Әбу Дәәуд, Таһарат: 124.


67
Тазалық
қалғанда қалай болады?»
, – деп сұрағанда: 
«Аллаһтан 
ұялу – адамдардан ұялғаннан әлдеқайда жоғары»
, – деп 
жауап қатады
54
.
9. Ғұсыл құйғанда суды ысырап етпеу.
10. Ғұсылдан кейін сүлгімен сүртіну. Пайғам-
барымыздың зайыбы Мәймунәнің бір риуаятында 
Пайғамбарымыздың бірде сүлгімен сүртінгені жайлы 
айтылады
55
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет