Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Тазалық Ғұсыл алынатын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет33/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Тазалық
Ғұсыл алынатын жағдайлар
1. Жүнүп болу: Жыныстық қатынас, ихтилам* 
немесе соған ұқсас жағдайлар арқылы мәнидің сыртқа 
шығуы. Есінен танған, мастығынан айыққан, ұйқысынан 
тұрған адам бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, 
ғұсыл алғаны абзал.
Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынаста 
мәни шықпаса да ғұсыл қажет. Пайғамбарымыз осылай 
ескерткен
37
. Аллаһ Елшісі былай дейді: 
«Мәзиде – дәрет, 
мәниде – ғұсыл бар»
. Яғни, құмарлық сезімсіз ақса да 
ғұсыл қажет. Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің 
көзқарасы осындай.
2. Хайыз және нифас: Әйел затының хайыз бен 
нифас кезеңі аяқталғанда ғұсыл алуы – парыз. Құранда 
былай дейді: 
«(Мұхаммед) олар сенен етеккір жай-
ында сұрайды. Оларға: Ол жиіркенішті нәрсе, 
етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға 
тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан толық та-
зарса, Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен оларға 
жақындасыңдар де»
38
. Пайғамбарымыз Әбу Хубайш 
қызы Фатимаға былай дейді: 
«Хайыз қаны аққанда намаз 
оқуды доғар. Тоқтағанда ғұсыл алып оқы»
.
3. Мәйітке (өлікке ғұсыл): Яғни, шейіттен басқа 
барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая 
парыз.
4. Жаңа мұсылман болған адамға ғұсыл алу – 
парыз. Қайс ибн Асым мұсылман болуға келгенде
Пайғамбарымыз оған ғұсыл алуды әмір етеді
39
.
37
Әбу Дәәуд, Таһарат; 83.
38
Бақара, 2/222
39
Әбу Дәәуд, Таһарат; 129; Сунән, Жұма; 72.


62
Ислам ғылымхалы
Сүннет және мәндүп ғұсыл
1. Айт намазы мен жұма намазынан бұрын. 
Пайғамбарымыз хадисте: 
«Жұма намазға келетін адам 
ғұсыл алсын»
40
, – дейді. Пайғамбарымыздың жұма күні 
ғұсыл еттірудегі мақсаты – адамның тер мен кірден 
арылып, таза болуын қалауы. Басқа хадистерінде 
Пайғамбарымыз жұма күні ғұсыл етіп, жақсы, таза киім 
киюді және әтір (спиртсіз) сеуіп, тістерін тазалап келуін 
насихаттайды
41
.
2. Қажылық немесе умра үшін ихрамға кіргенде
3. Арафат күні Арафатқа тұрарда
4. Күн мен ай тұтылғанда оқылатын намаз бен 
жауын тілеу намазы үшін ғұсыл ету – мәндүп.
5. Мүбәрак түндерде, ақыл-есі орнына келгенде, 
өлікті жуған және қан алдырған адамның жуынуы – 
мәндүп.
6. Үзір қанынан айыққан әйелдің жуынуы
7. Сапардан оралған, жаңа киім киген адамның 
жуынуы
8. Күнәға тәубе ету үшін жуыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет