Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет35/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   309
Ислам ғылымхалы
хадисі дәлел: 
«Пайғамбарым! Менің шаштарым өрулі. 
Жүніптік немесе хайыз үшін ғұсыл алғанда шашымды 
тарқатайын ба»?
«Жоқ, басыңа үш рет су құйсаң жеткілікті. Сосын 
үстіңе су құйып, жуынарсың»
46
.
Хазіреті Айша былай дейді: 
«Біз өрілген шаштары-
мызды жаймай-ақ жуынатынбыз»
47
.
Кейде адам асығыстықтан денесінің кейбір мүшесін 
жууды ұмытып кетіп, кейіннен есіне түссе, қайта ғұсыл 
алудың қажеті жоқ. Тек қана сол жерді жуса, жетіп 
жатыр. Бірақ парыз намазын оқып қойған болса, қайта 
оқуы керек.
Ғұсыл алған адамның егер тісі алтын, күміс 
секілді нәрселермен қапталған, ойықтары толтырылған 
болса, ғұсылға кедергі етпейді. Өйткені, бұл жараға 
таңған орауыш секілді. Орағыштың бетіне мәсіх тарту 
қандай болса, бұл да сондай. Ханафилардың атақты 
ғұламаларынан Кәсанидің «қапталған тіс – тістің рөлін 
атқарады» деген фәтуасы бар.
Жүніп адам ғұсыл алу ниетімен аузы мен мұрнын 
сумен шайқап, одан кейін көлге, өзенге, хауызға сүңгісе 
немесе – жауын астында тұрып, барлық денесіне су тисе, 
ғұсыл алған болып саналады
48
.
Жүніп мұсылман тәндік тұрғысынан лас саналмай-
ды. Мұндай жағдайда дәрет алып, тым болмаса қолы мен 
аузын сумен шайып тамақ жей алады. Басқа істерін де 
жасай алады
49
. Жүніп – рухани ластық. Ондай адаммен 
46
Муслим, Хайыз; 58.
47
Әбу Дәәуд, Таһарат; 99
48
Рәддул-Мухтар, 1.140.
49
Әбу Дәәуд, Таһарат: 87.


65
Тазалық
амандасуға да, әңгімелесуге де болады. Хазіреті Хузәйфә 
сахаба былай дейді: 
«Аллаһ Елшісі сахабаларымен кез-
дескенде қол алып амандасатын. Жақсы тілек, бата 
беретін. Бір күні таңғы уақытта Аллаһ Елшісін көрдім. 
Бірақ көрмей қалған адамдай бұрылдым да, басқа жаққа 
қарай кетіп қалдым. Кейіннен сәске кезінде қайтадан 
алдына бардым. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: 
«Мен сені көрген едім, бірақ сен дереу бұрылып кетіп 
қалдың. Неліктен бұлай жасадың?», – деп сұрады.
«Пайғамбарым, мен ол кезде жүніп едім. Менімен 
қол алысып амандасуыңнан қорқып, бұрылып кетіп 
қалдым», – дедім. Аллаһ Елшісі сонда: «Мұсылман 
ешқашан лас болмайды» деп жауап қатты»
50
.
Ғұсыл құйынған адамның дәреті де болады. Яғни, 
жекелей дәрет алудың қажеті жоқ. Өйткені, ғұсыл алған 
адам барлық мүшесін жуады. Дәреттің парыздары да 
соның ішіне кірмейтін бе еді?! Бұған байланысты Хазіреті 
Айша айтады: 
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ғұсыл құйынып, 
таң намазының сүннеті мен парызын оқитын. Оның 
ғұсылдан кейін дәрет алғаны есімде жоқ»
51
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет