Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет40/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   309
Дәреттің парыздары
Құранда дәретке байланысты: 
«Ей, иман еткен-
дер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды 
шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, 
аяқтарыңды екі тобығына дейін жуыңдар»
68
– 
делінген. Аятта төмендегідей төрт парыз айтылған:
66
Бухари, Уду’,28.
67
Муслим, Таһарат, 32.
68
Маида, 5/6.


72
Ислам ғылымхалы
1. Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы 
парыз. Мұның өлшемі–шаштың шетінен басталып, иек 
асты мен құлақтың түбіне дейінгі жерлерге, сақал, мұрт 
және қастардың түбіне су бару керек.
2. Екі қолын жуу: екі қолын, білегін шынтағымен 
қоса бір рет жуу – парыз. Саусақтарының арасын, жүзігі 
болса, оның астына су баруын қадағалау қажет.
3. Басқа мәсіх ету: басының төрттен бірін су 
қолымен немесе басқа жерде қолданбаған таза ылғалмен 
бір рет мәсіх ету – парыз. Муғира ибн Шуғбә былай 
дейді: 
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәрет алып басының алдын, 
сәлдесінің үстін және мәсілерін мәсіх етті»
.
4. Аяқтарын жуу: аяқтарын екі тобығымен бір 
рет жуу–парыз. Тобықтарды бірге жуу өте маңызды. 
Пайғамбарымыз: 
«Отта жанған сол тобықтардың халі 
неткен жаман», – деп қатты ескерткен
69
.
Дәреттің сүннеттері
1. Ниет ету. Дәретке іштей ниет ету – сүннет. 
Жүрекпен қоса тілмен ниет ету – мұстахап.
2. Дәретке бастаған кезде алдымен қолдарын 
білектеріне дейін жуу – сүннет. Бірақ таза болмаған 
қолдарын жуу – басқа мүшелерді кірлетпеу үшін 
парыз.
3. Дәретті «Ә’узу» және «Бисмиллаһпен» бастау. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Кімде-кім дәрет алғанда 
«Бисмиллаһ» деп бастаса, барлық денесін тазалайды. 
69
Бухари, Илм, 30.


73
Тазалық
Кімде-кім дәрет аларда Аллаһтың атын еске алмаса, 
тек қана дәрет мүшелерін тазалайды»
70
.
4. Мадмада мен истиншақ. Қолдарын жуғаннан 
кейін алдымен үш рет аузына су алып шайқап төгуді – 
мадмада, үш рет мұрнына су алып төгуді – истиншақ деп 
атайды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім 
дәрет алуға әзірленіп, алдымен мадмада, истиншақ, ис-
тиншар жасаса, сөз жоқ, сумен бірге аузы мен мұрнының 
күнәлары төгіледі»
71
.
5. Мадмада мен истиншақта тереңдік: Су мадмада-
да тамаққа дейін, истиншақта кеңсірікке дейін барады. 
Бірақ аузы берік жандарға мұны жасауға болмайды. 
Сонымен қатар, аузы мен мұрнына суды рет-ретімен 
алу, суды жаңалау, оң қолымен алу, шалқалау және 
аузы берік адамдар мұрнының тек жұмсағына дейін су 
жіберу–мүәккад сүнеттерге жатады.
6. Мисуак қолдану. Мисуак – араб түбегінде 
өсетін, тісті тазалауға таптырмайтын ағаш. Ол жайында 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) көп өсиет еткен. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.): 
«Мисуак – ауыздың тазалығы, Раббыңның да 
разылығы»
, – дейді
72
. Басқа бір хадисінде: 
«Үмбетіме 
ауыр келмегенде әр намаздың алдында мисуак қолдануды 
әмір етер едім»
, тағы бір хадисінде 
«Әр дәретпен бірге 
мисуак қолдануды әмір етер едім»
73
, – дейді.
«Мисуак қолдану – маңызды сүннет. Бұрынғылар осы 
хақында том-том кітаптар жазған. Бүгінгі зерттеушілер 
70
әш-Шәукәни, Мухаммәд ибн Али. Нәйлу’л-Әутәр фи Шәрхи 
Мултәқәл’-Ахбар. Египет.т. 1. 135,
71
Муслим, Мусафирун, 294.
72
Бухари, Саум, 27.
73
Муслим, Имарә, 103; Ханбәл, 1, 80.


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет