Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ендеше, өзіндік мағына, міндеті бар



Pdf көрінісі
бет56/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   309
Ендеше, өзіндік мағына, міндеті бар 
кішкентай иненің де белгілі бір ұстасының болатыны 
секілді, жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, 
жүйенің, мән-мағынаның да бір жаратушысы
қоюшысы болуға тиіс.
Кейбіреулердің айтқанындай бұл әлем өз-өзінен, 
кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені, 
кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те ғаламат 
есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемді, 
жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан алуан жан-


104
Ислам ғылымхалы
жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік әлемін 
және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылысты жа-
сайтындай күш пен ақылдан мақұрым.
АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ
Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті 
күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни 
дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не 
үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі 
сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір 
белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім 
дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. 
Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. 
Енді асыл арманыма, аңсаған мақсат мұратыма жеттім де-
генде, өлім оны қуып жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің 
алдамшы қызылына қызығып, қайран бір ғұмырды 
жоқ етеді. Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген 
міндетін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ 
ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын 
тойдыру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат 
ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс – адамның 
осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның 
құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, универ-
ситетте бес-алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы 
үшін өтірік айтып, өсек айтып, басқаны қызғанғаны 
ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам 
бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осын-
шама төмен деңгейге түскені ғой... Жо-жооқ, әлемдегі 
ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте бұндай төмен 
болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзін алып қарасақ, 


105
Намаз
әрқайсысының белгілі бір мақсат үшін жаратылған 
көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың да өзіндік міндеті 
бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа желінін сыздата 
аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның 
атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып 
жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді. 
Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс иесінің өзіндік 
міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің өзінде сол 
міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем жаратылыс 
иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен 
басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?
Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз санасы 
мен абырой-дәрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті 
болуы тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті 
болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен 
дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып-шығарудан 
аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте 
олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән 
жоғары міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса 
абыройлы міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет