Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет60/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309
Шүкіршілік
Шүкір
– жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің 
мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің 
ең үлкен міндеті. 
Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы 
үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, 
алғыс-рақметіңді білдіру
.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды 
бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен 


111
Намаз
мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты: 
«Құлдарымның 
арасында шүкір етушілер өте аз»
, – деп ескертеді.
Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса
өзін қоршаған қай нәрсенің болмасын Аллаһ тара-
пынан арнайы әзірленіп, адам баласының қызметіне 
ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар 
етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. 
Бірақ, бір қынжылтатыны, бұл нығметтің қадірін жете 
түсініп, Жаратушысына деген шүкірінен жаңылмайтын 
тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, дарға асылайын деп тұрған жерінен бір 
адамды екінші бір адам құтқарып қалса, өлім аузынан 
қайтқан адам өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен 
саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, – деп оның 
алдында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін 
бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді 
жоқтан бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған 
сайын бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған 
Жаратушымызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін 
алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс па?
Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық, 
нығметтері шексіз. Құранда: 
«Егер Аллаһтың сен-
дерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса 
алмайсыңдар»
, – делінеді.
Біз, адам баласы, денсаулықтың, әрбір он екі 
мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін 
түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға 
рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар 
екенімізді сездік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа 
жауап беру оңайға соқпаса керек.


112
Ислам ғылымхалы
Егер бізге біреу миллион ақша сыйласа, оған 
рақметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, 
енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған 
жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та Аллаһтың 
бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып 
ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе 
алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы 
Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге 
«Аллаһу әкбар»
деп сәждеге бас ұрмаймыз?
Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жолмен 
сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен 
жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін бұл нығметтен 
мақұрым ауруханалардағы жандарды барып көріп, атал-
мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға 
қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет