Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Махаббатпен жаратқан адамзатты



Pdf көрінісі
бет59/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті».
Бізге сүйіспеншілікпен қарап, таусылмас 
қымбат нығметтерді сыйлаған Ұлы иемізге біз де 
сүйіспеншілікпен қарап, бас иіп, алғысымызды ғибадат 
арқылы білдіруіміз – біздің ұмытылмас міндетіміз.
Адам дене мен рухтан тұрады. Денені күн сайын 
ішкен-жеген тамақ арқылы қоректендіреміз. Ал 
рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның 
мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи-
ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра 
алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып, жегені май 
болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені, 
оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек, 
материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені 
тәрізді рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай 
болса, рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің на-
мазымыз, оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз. «Рағд» 
сүресінде: 
ُبوُلُقْلا ُّنِئَم ْطَت ِ ّلا ِرْكِذِب َلاَأ
«Біліп қойыңдар! 
Жүректер тек қана Аллаһты еске алу арқылы жай 
табады»
, – деп, ғибадат жасаған уақытта ғана рухымыз 
еркін тыныс алып, жүрегіміз жай тауып, жан дүниеміз 


110
Ислам ғылымхалы
тыныштыққа, шексіз рахатқа қауышып, ерекше ләззатқа 
бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге 
шипа, денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік-
жігерімізге қуат, сезімдерімізге кемелдік, әлсіздігімізге 
сүйеніш сыйлайды. Ғибадат – өмірімізді ретке келтіріп, 
күнәлардың батпағына батудан, рухани ластықтан 
сақтайды.
Ғибадатымыз – екінші дүниемізге жинаған 
азығымыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-
бір жолы да сол.
Ғибадатымыз – бәрінен бұрын Ұлы Жаратушының 
бізге жүктеген ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз – иманымыздың белгісі, әлсіздігіміздің, 
мұқтаждығымыздың, шарасыздығымыздың, қысқасы, 
құлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаһқа бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз 
үшін берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені біз 
Аллаһқа құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы 
барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз 
Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет