Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет84/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   309
Ислам ғылымхалы
Яғни, тәшәһһүдті оқыған немесе оқитындай мезгіл 
отырған уақытта намазың аяқталады. Бұл жерде 
Аллаһ Елшісі намаздың аяқталуын бір қимылмен 
байланыстырған. Ол – отыру ісі. Міне, Аллаһ Елшісі 
әт-тахиятты отырған кезде ғана оқыған. Сондықтан 
намаздың аяқталуы отыруға байланысты.
Тағдил әркан
Тағдил әркан – рүкүндерді дұрыстап, орнымен 
жасау. Бұл – намазда, рүкүғте тұрған уақытта, сәждеде, 
екі сәжде арасындағы отырысқа мән беріп, сол жер-
лерде аздап кідіру. Бұл кідіру – кем дегенде бір рет 
«Субханалллаһи азим»
дейтіндей мезгіл. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) намазын апыл-ғұпыл оқыған біреуге былай дейді: 
«Намазға тұрған уақытыңда тәкбір айт. Содан кейін 
Құран аяттарының жеңіл келген бір бөлігін оқы. Содан 
кейін көңіл толатындай рүкүғ жаса, содан кейін көңіл 
толатындай етіп сәжде ет. Дәл осылай намазың 
біткенше жаса»
185
.
Тағдил әркан – Имам Юсуп пен Шафиғи, Малики 
және Ханбәли мәзһабтары бойынша, намаздың бір 
парызы. Бірақ Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің 
көзқарасы бойынша – уәжіп. Сондықтан Имам Ағзам мен 
Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намазда тағдил әркан 
жасамаған адам қателік (сәһу) сәждесін істеуі қажет. 
Аллаһ Елшісі бір хадисте былай дейді: 
«Намаздарыңда 
ұрлық жасаған кісі – ұрының ұрысы»
. Осы кезде сахаба-
лар: 
«Ей, Аллаһтың Елшісі! Адам намазда қалай ұрлық 
жасайды?»
, – деді. Сонда ол: 
«Рүкүғ пен сәжделерін 
185
Бухари, Азан, 95.


151
Намаз
толық жасамау мен рүкүғ пен сәжделерде белін 
жақсылап тураламау арқылы»,
186
– деді.
Намаз уәжіптері
Намазға бастағанда – 
«Аллаһ»
есімінің жанына 
ұлылық мағынасын білдіретін бір сөздің қосылуы – 
уәжіп. Мысалы, Аллаһу әкбар, Аллаһу а’зам, т.б.
Намазда «Фатиха» сүресін оқу – уәжіп. Ал 
Шафиғиларда – парыз. Дәлелдері Пайғамбарымыздың 
мына хадисі: 
«Фатиханы оқымаған адамның намазы 
жоқ»
187
. Ханафилар бұл хадисті 
«Намазы толық болмай-
ды»
, – деп түсінгендіктен, намазда «Фатиханы» оқуды 
уәжіп деп қабылдаған.
Намаздың алғашқы екі рәкатында «Фатиханы» бір 
рет оқу және оны қайталамау уәжіп.
Парыз намаздардың алғаш екі рәкатында «Фати-
хадан» кейін басқа бір сүре немесе бір сүре көлеміндей 
аят қосып оқу – уәжіп. Бір хадисте: «Біз намазда Фати-
хамен бірге жеңіл келген аяттарды оқуға әмір етілдік»
188
– делінеді. Бірақ үтір мен нәпіл намаздардың барлық 
рәкаттарында «Фатиха» мен кез-келген бір сүрені немесе 
бір сүре көлеміндей аят оқу – уәжіп. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: 
«Фатихасыз және қосымша сүресіз 
оқылатын ешқандай парыз немесе нәпіл намаз толық 
емес»
189
.
Қырағаттың намаздың алғашқы екі рәкатында 
оқылуы – уәжіп.
186
Ханбәл.
187
Тирмизи, Мәуақит, 69.
188
Ханбәл, III.2.
189
Тирмизи, Мәуақит, 69.


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет