Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Аллаһтың зікіріне (жұма на-



Pdf көрінісі
бет121/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Аллаһтың зікіріне (жұма на-
мазына) ұмтылыңдар»
240
аятындағы «ұмтылыңдар» 
етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа – үш, 
қалған екеуі – екі адамды көп ретінде қабыл еткен. 
Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде жұма намазының 
оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа және Имам 
Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде жұма 
238
Ибн Мажә, Иқама, 78
239
әл-Касани, 1. 261.
240
Жұма, 62/9.


210
Ислам ғылымхалы
намазын оқуға болады. Бұған дәлел Хазіреті Әлидің 
Хазіреті Осман қоршауда қалған кезінде жұма намазын 
сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Мәдина сыр-
тында сақарада оқыған. Сол жерге келе алмаған әлсіз, 
кәрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.
4. Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық 
болуы. Өйткені жұма намазы – Исламның рәмізі, дін 
ерекшеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, жұма 
оқыса, намазы дұрыс болмайды.
5. Уақыт. Жұманың уақыты–бесін намазының 
уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: 
«Аллаһ Елшісі жұма 
намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын»
241
– 
деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му’саб ибн 
Умейрді һижреттен бұрын мұғалім етіп, Мәдинаға 
жіберген кезінде оған күн батысқа ауа бастағанда жұма 
намазын оқуын айтқан.
6. Хұтпа. Жұма сүресіндегі 
«Аллаһтың зікіріне 
ұмтылыңдар» 
аяты – жұма намазы мен хұтпасы. 
Хазреті Пайғамбар хұтпасыз ешқандай жұма намазын 
оқымаған. Хұтпа шарт болмағанда кейде оны тәрк ететін 
еді. Жамағаттың алдында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа 
оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін 
келсе, намаздары дұрыс болмайды. Жамағаттың хұтпаны 
естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. 
Хұтпа кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен 
міндеттелген бір ер кісінің болуы жеткілікті.
Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты 
зікір етуден тұрады. Сол себепті, хұтпашы хұтпаға 
ниет етіп, «Әлхамду лилләһ» немесе «Субханаллаһ» 
немесе «Ләә иләһә ил-лАллаһ» десе, жеткілікті. Өйткені 
241
Бухари, Жума, 16


211
Намаз
«Аллаһты зікір етуге асығыңдар» аятында зікірдің аз 
болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған. 
Хазреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында 
«Әлхамду лилләһ» дегеннен кейін қобалжып, тілі 
тұтылып, мінберден түсіп, жұма намазын оқығаны 
осыған дәлел.
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа 
– хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл – әт-тәхият, 
мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей 
көлемде болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет