Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет188/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   309
Ислам ғылымхалы
6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос 
сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап 
байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған 
сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді 
ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес
335
. Басқа бір хадисінде: 
«Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында 
шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы бол-
майды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. 
Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай 
пайда таппайды»
336
. Сонымен қатар, Рамазанда «Мен 
оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 
дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. 
Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе 
немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» 
десін
337
.
7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл 
ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат 
айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда 
Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, 
тыңдасатын»
338
.
8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде 
иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасай-
тын
339
.
335
Ахмед ибн Ханбәл, VІ, 34.
336
Ибн Мажә, Сиям, 21.
337
Бухари, Саум, 2.
338
Бухари, Бәдул-Уахи, 5.
339
Муслим, И’тиқад, 8.


319
Ораза
Аузы берік кісіге мәкрүһ және мәкрүһ емес 
нәрселер
1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау 
– мәкрүһ. Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкін. 
Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін қадағалау 
үшін, тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. 
Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.
2. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – 
мәкрүһ.
3. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп 
пайдалану – мәкрүһ.
4. Бал немесе май секілді сатып алатын нәрселердің 
қандай екенін білу үшін дәмін татып көру – мәкрүһ.
5. Шайналып тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау – 
мәкрүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.
6. Аузы берік адам әлсіреп өзін сақтай алмайтындай 
болса, қан алдыруы – мәкрүһ. Егер көтере алса, мәкрүһ 
емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.
7. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшін ауыз 
бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну – Әбу Юсуп 
бойынша, мәкрүһ емес. Өйткені, мұндай уақытта адамға 
жеңілдік туады. Фәтуа осы үкімге берілген.
8. Өзіне сене алмаған аузы берік жанның әйелін 
сүюі – мәкрүһ. Өзіне сенсе, мәкрүһ емес. Хадисте 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) зайыбын сүйгені және 
әзілдегені жайлы айтылады
340
.
9. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы 
немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ.
10. Аузы берік жанның гүл не әтір секілділерді 
иіскеуі, сүрме жағуы, мұртын майлауы – мәкрүһ емес.
340
Ибну Мажә, Сиям, 19.


320


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет