Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Қажылықта ихрам кезінде шаш



Pdf көрінісі
бет196/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   309
4. Қажылықта ихрам кезінде шаш 
алдырудың кәффараты
Құранда қажылықта ихрам киген адамдар үшін 
белгілі тыйымдар қойылған. Міне, ихрам кезінде 
уақытынан бұрын шаш алдырмау – осы тыйымдардың 
бірі. Сондықтан ихрам кезінде бір адам басының төрттен 
бірін немесе одан көбін не сақалының төрттен бірін ал-
дырса, жаза ретінде бір құрбан шалуы керек. Төртте 
353
Мүжаделе, 58/1-4.


332
Ислам ғылымхалы
бірінен азын алдырса, садақа беру керек. (Толығын 
қажылық бөлімінен қараңыз).
5. Ант кәффараты
Аллаһ атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы 
антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл – бір құлды 
азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру 
немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер 
де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар ораза 
ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта 
басынан ұстау керек. Құранда: «Аллаһ анттарыңдағы 
бос сөзді есепке алмайды. Алайда, біле тұра берген 
анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) оның 
төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлы-
ны тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл 
азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау»
354
– 
делінген. Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы 
өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір 
кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар, бір 
кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, 
кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат 
берсін»
355
.
Ант түрлері
Ғамус анты
Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант 
ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра, 
354
Маида. 5/89.
355
Муслим, Иман, 15-16.


333
Зекет
«Аллаһ атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын 
өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Мұндай 
антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған 
дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат 
керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус 
түрі де бар
356
.
Лағу анты
Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап, 
ант ету түрі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп 
ойлап, «уаллаһи, биллаһи бердім» деу секілді. Сол 
секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке 
айналдырғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи, 
биллаһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.
Мун’ақид анты
Іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа бай-
ланысты бір нәрсе жайлы ант ету: «уаллаһи, биллаһи, 
Аллаһ атымен ант етейін, ертең қарызыңды өтеймін» 
деуі. Мұндай антын орындамаса, кәффарат керек. 
Құранда: «Аллаһ біле тұра істеген анттарыңа жауапты 
қылады»
357
, – дейді. Мұсылман адам қолынан келетін 
бір нәрсеге ант берсе, орындауы керек. Мұсылман өзіне 
берген сөзі мен уәдесінде тұрғаны дұрыс. Құранда Аллаһ: 
«Анттарыңды сақтаңдар»
358
, «Аллаһқа берген серттеріңді 
орындаңдар»
359
, – дейді.
356
Бухари, Әдәб, 6.
357
Маида, 5/89.
358
Маида, 5/89.
359
Нахыл, 16/91.


334


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет