Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне



Pdf көрінісі
бет212/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   309
Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне 
малдарының зекеттерін бере ала ма?
Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету – күйеуінің 
міндеті. Күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін бере 
алмайды. Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, 
бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне бере ал-
майды. Ал, Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің 
пікіріне сүйенсек, беруіне болады.
Қайын ата және қайын ана – күйеу балаларына, 
күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне 
малдарының зекеттерін берулеріне болады.


362
Ислам ғылымхалы
Әкесінің мұқтаж туған-туыс, 
бауырларына, нағашыларына және өзінің 
бауырларына малдарының зекетін беруге 
бола ма?
Өзінің зекетін аталмыш адамдар кедей болып 
жатса, беруге болады. Тіпті мұқтаж аталмыш туыстарға 
зекет берудің абзал екенін Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір 
хадисінде: 
«Кедейлерге берілген садақа – бір садақа, ал, 
туыстарға берілген садақа – екі садақа. Біреуі – садақа. 
Екіншісі – туыстарға жасалған жақсылық»
389
,
– деп 
білдіреді.
Байға зекет малынан жеуге рұқсат па?
Байға зекет алуға болмайды, бірақ кедейге берілген 
зекет малынан жеуіне болады. Мысалға, кедей адамға 
зекет беріліп, кедей де берілген зекетті бай көршісіне 
жегізсе, немесе сыйласа, сыйды алуына болады. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деді: 
« 
Бес кісіден басқа, бай кісіге – садақа адал емес. Олар 
мыналар:
1 – Аллаһ жолында соғысқа шыққан
2 – Садақаны (зекетті) жинауға тағайындалған
3 – Қарызданған
4 – Садақа малын өзінің ақшасымен сатып алған
5 – Кедей көршісі өзіне берілген садақадан бай 
көршісіне сыйласа».
389
Тирмизи, Зекет,26; Насаи, Зекет,82; Ибн Мажә, Зекет, 28.


363


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет