Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет211/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309
Ислам ғылымхалы
ғалымдардың фәтуасына сүйенсек, қажет болған 
жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.
5. Құлдар
Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға 
келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің 
құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір 
көрінісі.
6. Қарызға батқандар
Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие 
болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып, 
қайтарып алуы мүмкін болмағандар «қарызды 
адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен 
гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға 
зекет беру – абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы 
бар үшін басты міндет.
7. Аллаһ жолында
Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер, 
Аллаһ Тағаланың дінін қорғау және жастарымызды 
имандылық, адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты 
жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғам пай-
дасына шешілетін қайырлы істер үшін бар күштерін 
салып еңбек етушілер кіреді.
8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар
Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары 
барлар жатады, яғни, бай болса да оларға зекет беріледі 
(қажылар, ілім ізденушілер, т.б. сияқты).


361
Зекет
Бір адамның зекеті осы сегіз топтың 
барлығына берілуі шарт па?
Ханафи мәзһабындағы ғалымдардың көпшілік 
пікіріне сүйенсек, зекет есесін сегіз топтың барлығына 
бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне 
ғана берілсе де, зекет ғибадаты орындалады.
Зекеттің бәрін бір адамға түгелдей беруге 
бола ма?
Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін 
толық немесе бірнеша адам зекеттерін жинап бір пақырға 
яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап 
мөлшерінде немесе нисап мөлшерінен артық беру – 
мәкрүһ.
Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген 
жағдайда әрқайсысына өте аз үлес тисе, берілген 
адамдардың ешқайсысына татымайтындай болса біреуіне 
ғана берген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет