Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


тырнақтарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер...»



Pdf көрінісі
бет252/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   309
тырнақтарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер...»
425

– дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп 
риуаят жасады: 
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, 
шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып 
құрбан шалды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал» 
– деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат 
етті. Сосын оны адамдарға бере бастады»
426
.
Шашты 
түгелдей ұстарамен алғызу – қайшымен қысқартудан 
абзал. Әйелдердің шаштарын тықырлап алғызулары 
мәкрүһ. Шаштарының ұшынан кішкене қысқартса 
жеткілікті.
Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, 
қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында
427
алғызу немесе қысқарту – уәжіп. Харам аумағынан басқа 
жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде 
құрбан шалынады.
Шаш алғызудың, қысқартудың мөлшері 
қанша?
Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе 
төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет 
атқарылған болып, ихрамнан шығады.
425
Хаж 22/29.
426
Муслим, Хаж, 323(1305).
427
Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға және аңдарына, жалпы 
жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және 
оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.


429
Қажылық
Шашты алғызу мен қысқартудың басқа 
қажылық амалдары арасындағы орындалу 
реті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында құрбан 
айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп, 
Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған 
соң, құрбанын шалды, сосын шашын алғызды және 
зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу 
Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран қажылығын 
ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға 
тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып 
немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қиран 
қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан 
шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-
ретімен орындау – уәжіп. Ал, ифрад қажылығында 
Үлкен шайтанға тас лақтырғаннан кейін шаштарын 
алғызулары немесе қысқартулары – уәжіп. Бұларды рет-
ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат тауабын осы 
міндеттерді орындағаннан кейін істеу – сүннет. Шайтанға 
тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын 
немесе бұлардың араларында зиярат тауабын істеу 
сүннетке сай орындалмағаны үшін мәкрүһ, бірақ жаза 
өтеу керек емес.
Имам Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, 
қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және 
шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес, 
сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да жаза өтелмейді.


430


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет