Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-



Pdf көрінісі
бет29/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

 «Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-

әәхирати хасәна, уа қина а’азабән-нар. Уа адхилнал-

жәнната  ма’ал-абрар,  Иа  А’азизу  иа  Ғаффар.  Иа 

раббал-а’аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл 

дүниеде де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді 

от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге 

жәннатқа кіргіз. Уа, А’азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, 

уа, бүкіл әлемнің Раббысы»

Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-

жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам 

жүреді. Бұлай істеуге «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу – 

сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына 

зиян  келтірмейді.  Тауап  аяқталғаннан  кейін  мүмкін 

болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің 

кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. 

Сосын зәмзәм суын ішеді.

Егер арафа күнінен бұрын қажылық сағиі жасалмаған 

болса,  зиярат  тауабынан  кейін  жасалады.  Зиярат 

тауабының құрбан айттың үшінші күні ақшам уақытына 

дейін жасалуы Имам Әбу Ханифа бойынша – уәжіп, 

ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша – 

сүннет. Жалпы Ханафи мәзһабында бұл тауапты құрбан 

айттың бірінші күні жасау – абзал.

Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, 

шайтанға тас лақтыру күндерінің түндерін сол жерде 



444

Ислам ғылымхалы

өткізу Ханафи мәзһабында – сүннет, ал басқа мәзһабтарда 

– уәжіп.

4. Құрбанның екінші, үшінші және 

төртінші күндері  

(зилхижжаның 11,12,13-інші күндері)

Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн 

тас төбеден ауғаннан кейін бірінші, Кішкентай, екінші, 

Орта, сосын Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас 

лақтырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас 

лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан 

тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден 

кетеді. Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн 

тас төбеден аумай шайтан тастарға тас лақтырмайды.

Құрбан айттың төртінші күні шайтан тастарға тас 

лақтырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп 

емес) төртінші күні таң атпай Минадан қайтулары шарт. 

Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп 

қалады.


Айттың  төртінші  күні  де  Минада  қалғандар  үш 

шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден тас лақтырып, 

Меккеге қайтады.

Миқат шекараларының сыртынан келгендер Мекке-

ден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан 

да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалып 

қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. 

Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз 

оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Бұндай жағдайда ең 

соңғы жасаған нәпіл тауабы – уадағ (қоштасу) тауабы 

деп  есептеледі.  Хайыз  және  нифас  жағдайындағы 

әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул-

Харамның  есігіне  дейін  барып,  Қағбамен  қоштасып 


445

Қажылық

қайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз 

жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан 

жолға шығуына рұқсат етілді»

439

, – деп риуаят еткен. 



Міне, осылайша қажылық амалдары тәмамдалады.

Умра ғибадаты

Умра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны 

білдіреді.  Ал  шариғаттағы  терминдік  мағынасы  – 

белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында 

ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты 

алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен 

атқарылатын ғибадат.

Умра ғибадатының үкімі

Ханафи, Малики мәзһабында мүмкіндігі болған әр 

мұсылманға умра жасау – бекітілген сүннет. Ал Шафиғи 

және Ханбали мәзһабтарында, шамасы жеткен әрбір 

мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау – парыз.

Умраның парыздары

1.  Ихрамға кіру

2.  Қағбаны тауап жасау

Умраның орындалатын уақыты

Жоғарыда білдіргеніміздей, умра ғибадатын кез-

келген уақытта орындауға болады, бірақ құрбан айт 

күндері орындау – тахриман мәкрүһ. Умраның Рамазан 

айында жасалуы абзал және сауабы мол.

439


 Бухари, Хайыз/27, Хаж/144, Муслим, Хаж/382(1328).

446

Ислам ғылымхалы

Умра ғибадаты қалай орындалады?

Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта 

ихрамға кіру үшін дайындалып, екі рәкат ихрам намазын 

оқығаннан кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін 



умра жасауды ниет еттім, умраны маған жеңілдет 

және менен қабыл ал», – деп ниет етіп, артынан тәлбия 

дұғасын  айтып,  ихрамға  кіреді.  Басқа  уақыттардағы 

халал кейбір нәрселер ихрамды болған уақытта харам 

болады.


Мәсжидул-Харамға келген уақытта «Аллаһым, мен 

сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет 

еттім, тауапты маған жеңілдет және менен қабыл 

ал», – деп ниет етіліп, умраның тауабы жасалады. Тауап 

біткеннен кейін мүмкін болса, Ибраһим мақамында, 

болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз 

оқиды. Сосын «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра 



сағиін жасауды ниет еттім, сағиді маған жеңілдет 

және  менен  қабыл  ал»,  –  деп  ниет  етіп,  Сафа  және 

Мәруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту 

болып, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті 

атқарылады.  Сағиді  орындағаннан  кейін  шаштарын 

алғызып, немесе қысқартып, ихрамнан шығады. Осы-

лайша умра ғибадаты аяқталады.



Қажылықта және умрада істелетін 

кемшіліктер және өтелетін жазалар

Қажылық  немесе  умра  ғибадаттарында  уәжіп 

болған амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті 

белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға 

кірген соң істелінуі харам болған тыйымдардың жа-


447

Қажылық

салуына  «жинаят»  делінеді.  Бұл  жинаяттар  білмей, 

қателікпен, тіпті ұйықтаған күйде істелсе де, бәрібір 

жаза өтеледі. Әрине, біле тұра істегендер материалдық 

өтелетін жазаға қоса Аллаһ Тағалаға тәубе етіп, кешірім 

сұраулары керек.



1. Қажылық пен умраның қайтадан 

жасалуын (қаза етілуін) талап ететін 

кемшіліктер

а) Қажылық жасау үшін ихрамға кіргеннен кейін 

Арафатта тұрмастан бұрын әйелімен жыныстық қатынас 

жасаған адамның қажылық ғибадаты толық бұзылады. 

Бұндай жағдайлардағы адамдар ниет еткен қажылықтары 

нәпіл қажылық болса да, келесі жылдары қаза ретінде 

орындаулары тиіс. Бұнымен қоса қажылықта бүлдірген 

кемшіліктері үшін жаза ретінде қой немесе ешкі құрбан 

шалуы  керек.  Аллаһ  Тағала  Құранда:  «Хаж  белгілі 

(шәууал,  зилқа’да,  зилхижжаның  алғашқы  он 

күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылықты 

міндеттенсе,  (мыналарды  білсін!)  әйелімен 

жақындасуға,  күнә  істеуге  және  жанжалдасуға 

болмайды»

440

, – деп қажылықта жыныстық қатынасты 

тыйған.

б)  Умра  үшін  ихрамға  кіргенен  кейін  тауаптың 



алғашқы  төрт  айналымын  аяқтамастан  жыныстық 

қатынасқа түскен адамның умра ғибадаты бұзылады. 

Бұзылған умраның қайтадан дұрыс орындалуы және 

бүлдірілген кемшілік үшін қой не ешкіні құрбан ретінде 

шалуы тиіс. Алғашқы төрт айналымды тәмамдағаннан 

кейін жыныстық қатынаста болған адамның умрасы 

440

 Бақара,2/197.



448

Ислам ғылымхалы

бұзылмайды, бірақ бүлдірілген кемшілік үшін қой немесе 

ешкіні құрбан ретінде шалуы керек.

2. Түйе немесе сиырдың жаза ретінде 

шалынуын талап ететін кемшіліктер

а)  Арафатта  тұрғаннан  кейін  шашын  алғызып 

немесе қысқартып ихрамнан шықпас бұрын жыныстық 

қатынаста болу.

б) Зиярат тауабын ер кісілер жүніп күйінде, әйелдер 

хайыз немесе нифас күйінде жасау. Аталмыш күйде 

жасалған тауаптың қайтадан жасалуы уәжіп. Қайтадан 

жасалған жағдайда өтелетін жаза кешіріледі. Жаза – сиыр 

немесе түйе.

3. Қой немесе ешкінің жаза ретінде 

шалынуын талап ететін кемшіліктер екіге 

бөлінеді:

1. Қажылықтың уәжіптерін орындамау 

яки белгіленген уақытында орындамауға 

байланысты кемшіліктер

а)  Миқаттан  ихрамсыз  өту.  Бұндай  жағдайда 

қажылық  немесе  умраға  байланысты  міндеттердің 

ешқайсысын орындамай жатып, миқатқа қайтып келіп 

ихрамға кірсе, өтелетін жаза кешіледі.

ә) Сағидің барлық айналымдарын немесе төрт яки 

төрттен көбін орындамай қалдырған жағдайда.

б) Муздәлифә уақфасын үзірсіз (себепсіз) орында-

мау

в) Арафа күні арафаттан күн батпай қайту



г) Зиярат тауабын құрбан айттың үшінші күні күн 

батқанға дейін орындамай, кейін орындау (Әбу Ханифа 

бойынша).


449

Қажылық

д) Харам аумағының сыртында шаш алғызу немесе 

қысқарту (Әбу Ханифа бойынша)

ж) Шайтанға тас лақтыруды мүлдем орындамау 

немесе бір күнде лақтырылатын тастардың жартысы-

нан  көбін  (11тас)  шайтанға  тас  лақтыру  күндерінде 

лақтырмау. Жартысынан көбі лақтырылса, лақтырылмай 

қалған әрбір тас үшін садақа ғана беріледі.

з) Зиярат немесе умра тауабының соңғы үш айна-

лымын немесе біреуін орындамау.

и) Зиярат және умра тауабын дәретсіз, қадум және 

уадағ тауаптарын жүніп күйінде жасау.

к) Миқат жерлерінің сыртынан келгендер қоштасу 

(уадағ) тауабын түгелдей немесе төрт немесе одан да 

көп айналымын орындамау.

л) Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа 

(Ақаба  жәмрасына) тас  лақтыру, құрбан  шалу,  шаш 

алғызу немесе қысқарту амалдарын рет-ретімен орын-

дамау, Имам Әбу Ханифада кемшілік (жинаят) санала-

ды.


м) Зиярат және умра, уадағ тауаптарында әурет 

мүшелерінің ашық болуы.



2. Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты 

кемшіліктер

а) Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі 

түктердің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту 

немесе алу. Төртте бірінен аз болса, онда тек садақа ғана 

беріледі.

ә) Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір 

мүшеге түгелдей әтір себу немесе май жағу. Ем үшін 

иіссіз май жағылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген 

әтірдің орнының ені және ұзындығы бір қарыстан көп, 


450

Ислам ғылымхалы

иісі күндіз-түні кетпесе бір қой немесе ешкі жаза ретінде 

шалынады, ал бір қарыстан аз болып, иісі күндіз-түні 

жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі.

б) Бір уақытта және бір жерде мүшелердің біреуін 

қынамен (лак, далаппен

441

) бояу.


в) Ихрамды күйде әйелін құмарлық сезіммен сүю, 

аймалау  сияқты  жыныстық  қатынасқа  тартатын  іс-

әрекеттерді істеу.

г) Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн 

тігілген киім (әдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы 

жабық аяқ киім, т.б.) киюі, басын және жүзін жабуы. 

Әйелдер тек қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір 

күндізден аз уақыт кисе, садақа ғана беріледі.

д)  Бір  жерде,  бір  уақытта  барлық  тырнақтарды 

немесе бір қолдың немесе бір аяқтың тырнақтарын алу. 

Егер тырнақтар бір жерде емес бөлек-бөлек жерлерде 

және бөлек-бөлек уақыттарда алынса, әрбір тырнаққа 

жеке-жеке  жаза  өтеледі.  Бір  қол  немесе  бір  аяқтың 

тырнақтарының бәрі емес, кейбіреулері алынса, әрбір 

тырнақ үшін садақа беріледі. Құрбан шалынбайды.

Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып 

тастаған жағдайда жаза өтелмейді.

Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге бай-

ланысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол 

апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын 

оқиғалардың салдарынан мысалға, шашы алынса немесе 

киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін 

орындау арқылы жазасын өтейді.

1) Қалаған уақытында және қалаған жерінде үш күн 

ораза ұстау.

441


 Помада

451

Қажылық

2) Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде 

садақа береді.

3) Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды 

не ешкіні құрбанға шалады.

4. Пітір садақасы

442

 мөлшерінде садақа 

беруді талап ететін кемшіліктер

а) Шаш, сақалдың төртте бірінен аз мөлшерін алу 

немесе қысқарту

ә) Бір мүшенің бәріне емес, бір бөлігіне ғана әтір 

себу

б)  Бір  аяқтың  немесе  қолдың  тырнақтарының 



кейбіреулерін алу,

в) Тігілген киімді бір түннен немесе бір күндізден 

аз уақыт кисе,

г) Шайтан тасқа белгіленген санынан аз тас лақтыру. 

Әрбір лақтырылмаған тас үшін пітір садақасы мөлшерінде 

садақа беріледі,

д) Басқа біреудің шашын, сақалын немесе мұртын 

алу немесе қысқарту,

ж) Қадум және уадағ тауаптарын дәретсіз жасау,

з) Уадағ тауабы және сағидің төртінші айналым-

нан кейінгі айналымдарын жасамау. Жасалмай қалған 

әрбір айналым үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа 

беріледі.

442


 Бидай  немесе  бидай  ұнынан:  1  кг  459  грамм  немесе  осы 

мөлшердің  құны  яки  арпа,  арпа  ұны  немесе  құрғатылған 

жүзім, я болмаса құрғатылған құрмадан: 2кг 918 грамм немесе 

осы мөлшердің құны.



452

Ислам ғылымхалы

5. Пітір садақасының мөлшерінен аз мөлшерде 

садақа беруді талап ететін кемшіліктер

а) Үштен кем бит, бүрге, шегіртке сияқты жәндіктерді 

өлтіру немесе басқа біреуге өлтіруі үшін көрсету

ә) Денеден түк жұлу

б) Ихрамсыз адамның мұртын немесе тырнағын 

алу


в) Нәпіл тауаптарда әурет жерлердің ашылуы

6. Құнының өтелуін талап ететін 

кемшіліктер

Ихрамды күйде әдейі болсын, кездейсоқ болсын 

жерде  өмір  сүретін  аңдарды  аулау,  жүндерін  жұлу, 

жұмыртқаларын сындыру, аңшыларға ишарат жолымен 

болса да, жәрдемдесудің жазасы сол зиян шеккен аңның 

екі әділ, тәжірибелі кісінің бағалауы арқылы құнын ке-

дейлерге өтеу.

7. Харам

443

 аумағының тыйымдарына 

байланысты кемшіліктер

Харам аумағының өздігімен өскен ағаш және жалпы 

өсімдіктерін жұлу, шабу немесе бұл аумақта аң аулау 

– ихрамдыға да, ихрамсызға да харам. Бұл аумақтағы 

ағаш және өсімдіктерді жұлған адам олардың құнын 

кедейлерге садақа ретінде береді.



Жазалар қай жерде және қашан өтеледі?

Қажылықта және умрада істелген кемшіліктердің 

жазасын өтеу үшін белгілі бір уақыт белгіленбеген. Бірақ 

443


 Харам аумағы:  Өсімдіктерінің  жұлынуына  және  аңдарының, 

жалпы  жан-жануарларына  зиян  тигізуге  тыйым  салынған 

Мекке және оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.


453

Қажылық

қажылықтағы немесе умрадағы қателердің орнын тол-

тыру үшін ертерек өтеген дұрыс әрі абзал. Мойнына 

қарыз болған жазаларды өтеместен бұл дүниемен қош 

айтысып кетсе, күнәкар болатынын да ескерте кетейік. 

Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында 

қалған туысқандарына өтеулерін өсиет етуі тиіс.

Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын 

малдар міндетті түрде Харам аумағында шалынуы тиіс. 

Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға бола-

тыны сияқты, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге 

болады.


Садақа, құнын төлеу және ораза ұстау сияқты жаза-

лар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл 

жазаларды қалаған жерде өтейді.

Һәди 

(қажылықта және умрада шалынатын 

құрбандар)

Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе қажылық 

ғибадатындағы  бір  кемшілікке  байланысты  немесе 

ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу салдарынан жаза 

(кәффарат) ретінде Харам аумағында шалыну шартымен 

алынып келген немесе ақшасы жіберілген құрбанға һәди 

делінеді.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Егер (ауру-сырқау, 



жол қауіпсіздігі сияқты бөгеттерден) аманшылықта 

болсаңдар, қажылыққа дейін умраны орындаған кісі 

жағдайына  қарай  құрбан  шалсын»

444

,  –  деп,  һәди 

құрбанын шалуды талап етеді.

444

 Бақара, 2/196.



454

Ислам ғылымхалы

Тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындағандардың 

умрамен бірге қажылықты да орындағандары үшін шүкір 

ретінде құрбан шалулары – уәжіп.

Ифрад қажылығы немесе тек қана умра ғибадатын 

орындағандарға кәффарат құрбанынан тыс құрбан ша-

лулары уәжіп емес. Бірақ нәпіл құрбан шалуларына 

болады.


Һәди құрбандары екіге бөлінеді: уәжіп және 

нәпіл

а) Нәпіл құрбан

Қажылық немесе умра ғибадатын орындаушылардың 

мойындарына уәжіп болмаса да, сауап үшін шалатын 

құрбанына «нәпіл құрбан» делінеді. Тек қана Ифрад 

қажылығын немесе умра ғибадатын орындаушылардың 

нәпіл құрбан шалулары – мұстахап.



б) Уәжіп құрбан

1.  Тәматтуғ  және  қиран  һәдиі  –  Тәматтуғ  және 

қиран қажылығын орындағандардың бір жылда қажылық 

айларында умра және қажылықты бірге орындағандары 

үшін шүкір ретінде шалатын уәжіп құрбан.

2.  Жаза  һәдиі  –  Қажылық  және  умраның 

уәжіптерінің  біреуінің  орындалмай  қалуы  немесе 

белгіленген уақытында орындалмауы, ихрам және Харам 

аумағының тыйымдарын бұзу салдарынан кәффарат 

ретінде шалынатын уәжіп құрбан.

3.  Ихсар һәдиі – Қажылық немесе умраға ниет етіп, 

ихрамға кіргеннен кейін әр түрлі бөгеттерге байланы-

сты Қағбаны тауап және Арафатта уақфа жасай алмай-


455

Қажылық

тын адамдардың ихрамнан шығу үшін шалатын уәжіп 

құрбан.

4.  Нәзір һәдиі – Харам аумағында шалынуы үшін 



сөз берілген уәжіп құрбан.

Һәди құрбанының шалынатын орны мен 

уақыты

Нәпіл болсын, уәжіп болсын барлық һәди құрбандары 

Харам аумағында шалынады. Құрбан айттың үшінші 

күнінің ақшамына дейін шалынатын құрбандардың – 

Минада, басқа күндерде шалынатын құрбандардың – 

Меккеде шалынуы абзал.

Имам Әбу Ханифа бойынша, тәматтуғ және қиран 

құрбандарының құрбан айттың үшінші күні ақшамға 

дейін шалынуы – уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам 

Мұхаммед бойынша, сүннет. Имам Әбу Ханифаның 

көзқарасына сүйенсек, үзір себептерінен тыс осы күндерде 

шалынбай қалған тәматтуғ және қиран құрбандарының 

орнына кейін басқа уақытта екі құрбан шалынады. Біреуі 

қаза ретінде, ал, екіншісі жаза ретінде.

Тәматтуғ, қиран және нәпіл құрбандарының етінен 

барлық адамдардың жеулеріне болады. Ал жаза және 

ихсар, нәзір құрбандарының етінен тек қана кедейлер 

жейді.  Иелеріне  және  өзінің  қол  астындағы  қарауға 

міндетті адамдарына, жалпы байларға жеуге болмай-

ды.


Құрбан шалуға жағдайы келмейтіндер не 

істейді?

Тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындағандар 

мойындарына уәжіп болған шүкір құрбанын шалуға 


456

Ислам ғылымхалы

мүмкіншіліктері  болмаған  жағдайда  10  күн  ораза 

ұстайды. Он күннің үш күні қажылық уақытында, жеті 

күні қажылық айларынан кейін. Қажылық айларында 

ұсталатын үш күн ораза ихрамға кіргеннен кейін құрбан 

айттың алғашқы күніне дейін ұсталуы тиіс. Тәматтуғ 

қажылығында  бұл  үш  күнді  умра  ихрамынан  кейін, 

қажылық ихрамына кірмес бұрын ұстауға болады.

Үш күн ораза ұстағаннан кейін, ихрамнан (шаш 

алдырып яки қысқартып) шықпай тұрып, құрбан шалу 

күндерінде уәжіп құрбанды шалуға мүмкіншілік туып 

жатса, міндетті түрде құрбан шалады. Егер құрбан шалу 

күндерінен кейін құрбан шалуға мүмкіншілік туып жатса, 

құрбан шалу шарт емес.

Құрбанның орнына ұсталатын қажылықтағы үш 

күнді, қажылықтан кейін ұсталатын жеті күн оразаны 

араларына күн салмай бірінен кейін бірін ұстау – абзал. 

Бірақ араларына күн салып, үзіп-үзіп ұстауға да болады. 

Қажылық айларынан кейін ұсталатын жеті күнді Мекке-

де ұстауға болады. Бірақ отандарына кайтқаннан кейін 

ұстау – абзал.

Өкілдік

Әр түрлі себептерге байланысты 

қажылыққа бара алмайтын кісі өзінің 

орнына басқа біреуді өкіл ретінде жібере 

ала ма?

Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:

1.  Тек  қана  денемен  орындалатын  ғибадаттар: 

намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.



457

Қажылық

2.  Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын 

ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.

3.  Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: 

қажылық ғибадаты.

Бұл  ғибадаттардың  кез-келгенін  нәпіл  ретінде 

орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға 

бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы 

парызынан  құтылу  үшін  басқа  біреуге  өкіл  ретінде 

орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.

Тек қана денемен атқарылатын намаз, ораза сияқты 

ғибадаттарда  өкілдік  мүлде  жүрмейді.  Яғни,  ешкім 

басқаның орнына мойнындағы парызынан құтылдыру 

үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал тек қана 

малмен атқарылатын зекет беру, құрбан шалу сияқты 

ғибадаттарда  өкілдік  толығымен  жүреді.  Мысалға, 

малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті 

орындарға беруіне болады. Ал қажылық сияқты әрі де-

немен, әрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің 

жүруі үшін қажылығын орындай алмай өліп кету, жазы-

луы мүмкін болмаған ауыр науқас, қатты кәрілік сияқты 

бөгеттердің болуы керек.

Қажылықта өкілдіктің кейбір жағдайларда жүре-

тіндігіне байланысты дәлел ретінде Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) бірнеше хадисі бар. Мысалы, мына екі хадис 

бұл дүниеден қажылыққа бармастан көз жұмып кеткен 

кісілердің  орнына  өкіл  ретінде  қажылыққа  баруға 

болатындығын білдіреді.

Жүһәйнә тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға 

(с.а.у.) келіп былай деді: «Уа, Аллаһтың Елшісі, менің 



шешем қажылық ғибадатын жасауға уәде берген еді, 

458

Ислам ғылымхалы

бірақ орындай алмай бұл дүниеден көз жұмды. Оның 

орнына қажылыққа барсам бола ма?»

– Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:

«Иә, оның орнына қажылыққа бар. Қалай ойлайсың? 

Шешеңнің  басқа  біреуге  қарызы  болса  өтейтін  бе 

едің?

– «Иә, өтеймін», – деді.

– Олай болса, Аллаһ Тағалаға болған қарызын да 

өтеңдер. Өйткені, қарызы өтелуге ең лайық – Аллаһ 

Тағала»

445



Басқа бір уақытта бір сахаба Пайғамбарымызға 

(с.а.у.) келіп: – «Әкемнің мойнына қажылық парыз бола 

тұра бұл дүниеден өтіп кетті. Оның орнына қажылыққа 

барсам бола ма?», – деді.

– Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қалай қарайсың әкеңнің 

қарызы болса өтейтін бе едің?», – деді.

– «Иә, өтеймін».

–  Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Олай  болса  әкеңнің 

орнына қажылыққа бар», – деді.

Қажылық  ғибадаты  мойнында  парыз  бола  тұра 

көзінің  тірісінде  қажылыққа  бара  алмағандар  өлмес 

бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына 

өкіл жіберулерін талап етіп, өсиет етулері уәжіп.

Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра бұл 

дүниеден қайтқан кісілердің бұндай өсиеті жоқ болса, 

артында қалған мирасқорлары өкіл ретінде басқа біреуді 

жіберумен міндеттелмейді.

Бұл дүниеден қажылық ғибадатын орындай алмай 

қайтып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа 

баруға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмай-

445

 Нәсаий, Хаж/7.



459

Қажылық

тындай дәрежеде ауру немесе кәрі болғандардың орнына 

да қажылыққа баруға болады.

Хаасам тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға 

(с.а.у.) келіп, былай деп сұрақ қойды:

– «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаланың құлдарына 

парыз  қылған  қажылық  ғибадаты  әкеме  кәрілігінде 

парыз болды. Бірақ ол бұл қажылық жолына шыдай 

алмайды. Мен оның орнына қажылыққа барсам бола 

ма?»

–  Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Иә»,  –  деп  жауап 

қатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет