Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына 

уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы 

мол.  Бірақ  басқа  біреуге  өкілдік  беруіне  де  болады. 

Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон 

арқылы немес хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа 

адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай 

алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп 

айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып 

шалады. Хз. Әлидің (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 

орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят 

бар.


476

Ислам ғылымхалы

Құрбан малы қалай шалынады?

Құрбан  ретінде  шалынатын  малды  қинамау 

үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін 

жерге  жатқызғаннан  кейін  пышақты  көз  алдында 

жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. 

Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды 



бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім 

мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек 

бауыздап малды рахатына қауыштырсын»

458

Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата 

жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:

 لا  َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّ ِل يِتاَمَم َو اَياَي ْحَم َو يِك ُسُن َو يِتلا َص َّنإ{

}ُهَل  َكيِر َش

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти 

лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»

459

.  «Күмәнсіз 

менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, 

өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның 

еш серігі жоқ». Одан кейін: 

 ِ َََّ ِلَو ُرَبْكأ ُ لأ ,ُرَبْكأ ُلاَو ُلا َّلاإ َهَلإ لا ,ُرَبْكأ ُ لأ ,ُرَبْكأ ُ لأ{

} ُد ْم َحْلا

 «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, 

уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» 

–  деп,  тәкбір  айтып,  «Бисмиллаһи,  Аллаһу  әкбар»  – 

деп  бауыздалады.  Тек  қана  құрбанның  иесінің  ғана 

«Бисмиллаһи,  Аллаһу  әкбар»  –  деуі  жеткілікті  емес. 

Құрбанды  бауыздаған  адам  да  «Бисмиллаһи,  Аллаһу 

458

 Муслим, Сайд,57.



459

 Анғам, 6/162.



477

Құрбан

әкбар» – деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмиллаһ» 

деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, 

Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін 

жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп 

жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге ба-

уыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.

Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. 

Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпы-

рылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау 

немесе терісін сыпыру–мәкрүһ.



Құрбандыққа шалынған малдың еті мен 

терісі

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған 

құрбандығының  етін  жеуіне  болады.  Құрбандыққа 

шалынған  малдың  етін  үш  бөлікке  бөліп  тарату  – 

мұстахап.  Бір  бөлігі  –  туған-туыс,  көршілеріне  бай 

болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және 

мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, 

бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей 

кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей 

өзінің отбасына қалдыра алады.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті тура-

сында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер 

әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер»

460


Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған құрбанының 

етін қалай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай 

деп  риуаят  етті:  «Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  шалған 



құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін 

460


 Хаж, 22/28.

478

Ислам ғылымхалы

– кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде 

тарататын».

Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған 

малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату – 

мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған 

жағдайда  құны  кедейлерге  садақа  ретінде  беріледі. 

Құрбанға  шалынған  малдың  ешқандай  бөлшегінен 

қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.

Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді: «Аллаһтың 



Елшісі (с.а.у.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта 

басында тұруымды және терілері мен жүндерін тара-

туымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы 

ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз 

өзіміз береміз»

461

, – деді. 

Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, 

қайырымдылық қорларына беруге болады.

Құрбандыққа арнайы мал алып соймай

орнына сол құрбанның құнын ақшалай 

садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?

Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал 

сойып,  қан  ағызбаса,  құрбандық  міндеті  мойнынан 

түспейді.



Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола 

ма?

Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып 

кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт 

күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының 

етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен 

461


 Муслим, Хаж,348.

479

Құрбан

өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен 

жеуге  болмайды.  Етін  толық  садақа  ретінде  тарату 

керек.


Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға 

айтылады?

Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «ақиқа» – 

делінеді. Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір 

ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. 

Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат 

жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті 

күн толғанда шалу – абзал.

Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, 

шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын 

немесе күмісті садақа ретінде беру – сүннет. Құрбанның 

да сол күні шалынуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

екі немересі Хз. Хұсайн мен Хасан үшін ақиқа құрбанын 

шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жа-

райтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар 

үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі 

етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына 

болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, 

Аллаһу  әкбар.  Аллаһым,  бұл  сенің  ризалығың  үшін 

шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді.

Нәзір құрбаны

Көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда 

я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман 

баласының Аллаһ Тағалаға уәде беріп, сол уәдесінің 

уақыты келгенде шалатын малы «нәзір құрбаны» деп 

аталады. Мысалға, ауырып жатқан адам осы ауруымнан 



480

Ислам ғылымхалы

айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, 

ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уәжіп.

Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған 

адамның  өзіне,  балаларына,  немерелеріне  және  әке-

шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей 

садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған 

құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан 

желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын ке-

дейлерге тарату керек.



481

VII БӨЛІМ

АҢШЫЛЫҚ

  «Аллаһ Тағаланың сендерге 

үйреткен ілімі арқылы үйретіп, 

тәрбиелеген жыртқыштардың 

сендер үшін аулаған аңдарын жеңдер 

және оларды аңға жіберген уақытта 

Аллаһтың атын айтыңдар...».

«Маида» сүресі

482

483

Аңшылық

Аллаһ Тағала бүтін дүниені әлсіз адам баласының 

пайдасына жаратқан. Сол адам баласының қызметіне 

ұсынылған сансыз әлемнің ішінде өз басына жеке бір 

әлем болып саналатын жан-жануар әлемін де адам үшін 

жаратып, әміріне бой ұсындырған. Міне, сондықтан біз, 

адам баласы, қой, ешкі жылқы, сиыр және түйе сияқты 

үй жануарларын және бұларға қоса жабайы, етін жеуге 

болатын,  яки,  етін  жеуге  болмаса  да  жүнін,  терісін, 

мүйізін  қолданауға  жарамды  жан-жануар,  аңдарды 

пайдаланудамыз. Иә, теңіздің тереңдіктеріндегі түрлі-

түрлі, сан алуан балықтар болсын, тау-тастардағы немесе 

ну ормандардағы неше түрлі аңдар болсын бәрі адам 

баласы үшін жаратылғандықтан, олардың етін және тері, 

мүйіздерін пайдалану мақсатымен аулауға Ислам діні 

теріс қарамайды. Бірақ тек қана қызық үшін бейкүнә 

аңдарды аямастан қыра беруге де тыйым салады. Бейкүнә 

аңдарды тек қана құмарлықты басу үшін қырып-жою, 

біріншіден, аңдардың азаюына, екіншіден, мейірімділік 

қасиетімен  безендіріле  жаратылған  адам  баласын 

қатыгездікке  тәрбиелейтіні  сөзсіз.  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) бұл турасында былай дейді: «Кімде-кім бір құсты 



бостан-босқа, мұқтаждықсыз өлтірсе, ол құс қиямет 

күні былай деп үн қатады: «Уа, Раббым! Пәленше мені 

пайдасы үшін ауламай, бостан-босқа өлтірді»

462

462


 Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, 2/158.

484

Ислам ғылымхалы

Аңдарды балалау немесе жұмыртқалау мерзімдерінде 

аулаудан сақтану – мейірімді адам баласының ұмытылмас 

міндеті.


Ойын-сауық құрып, құмарлық үшін барлық уақытын 

аңдардың соңында өткізіп, аңды қалай аулағанын, қалай 

қуалағанын айтуды ермек қылған адам негізгі көңілін 

бөлетін маңызды нәрселерді ұмыт қалдырып, рухани-

яттан мақұрым қалары сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

бір  хадисінде:  «Аңның  соңына  түскен  адам  ғафыл 

(бейқам) болады»

463


 – деп, осы шындыққа назарымыз-

ды аударған.

Қорытынды ретінде айтар болсақ, аң аулап, ризық 

табу – халал кәсіп жолы. Десек те, басқа ризық табу 

жолдары одан абзалырақ.

Қандай жолдармен аң ауланады?

1.  Аңды жаралап, қансырататын мылтық, садақ 

сияқты қару арқылы.

Аңның терісін жыртып немесе тесіп қанын ағыза 

алмайтын  шоқпар,  таяқ  сияқты  құралдармен  ұрып, 

тоқпақтап өлтірілген аңдардың етін жеуге болмайды.

2.  Үйретілген бүркіт, қаршыға сияқты құстар мен 

үйретілген ит арқылы.

Аңшылыққа  жарайтын  ит,  құстардың 

үйретілгендіктерінің  белгісі  аңға  жібергеннен  кейін 

иесінің шақырған уақытында дереу келулері және ұстаған 

аңдарының етінен ұстаған уақытта жемеулері.

3.  Тұзақ, қақпан құру арқылы.

463


 Тирмизи, Фитан/69.

485

Аңшылық

Ауланған аңның етінің халал болуы үшін 

керекті шарттар

1.  Ауланған аңның шариғатта етін жеуге болатын 

аң болуы.

2.  Аңшының мұсылман немесе кітап иесі (хрис-

тиан  немесе  еврей)  болуы.  Кітап  иелерінің  аулаған 

аңдары – Аллаһтың атын айтып, ауланған жағдайда 

ғана халал. Иләһи кітап түспеген пұтқа, отқа, жұлдызға 

табынушылардың аулаған аңдарының етін жеуге бол-

майды.

3.  Аңға оқ атқан уақытта немесе үйретілген ит, 



құстарды жіберген уақытта «Бисмиллаһ» деп, Аллаһ 

Тағаланың атын айту. Құран Кәрімде:

 اوُل ُكَف ,ُلا ُمُكَمَّلَع اَّمِم َّنُهَنوُمِّلَعُت َنيِبِّلَكُم  ِحِراَو َجْلا َنِم ْمُتْمَّلَع اَمَو{

}ِهْيَلَع ِلا َم ْسا اوُرُكْذاَو ْمُكْيَلَع َن ْكَسْمأ اَّمِم



  «Аллаһ  Тағаланың  сендерге  үйреткен  ілімі 

арқылы  үйретіп,  тәрбиелеген  жыртқыштардың 

сендер үшін аулаған аңдарын жеңдер және оларды аңға 

жіберген уақытта Аллаһтың атын айтыңдар...»

464

«Бисмиллаһ» сөзі әдейі айтылмаса, ауланған аңның 

етін жеу – харам. Ұмытылып айтылмай қалған жағдайда 

жеуге болады.

4.  Ауланған аң тірідей қолға түссе, «Бисмиллаһ» 

деп  бауыздау  керек.  Тірідей  қолға  түсіп,  кешіктіру 

себебімен бауыздаусыз өліп кетсе, ол аңның етін жеуге 

болмайды. Бірақ қатты қансырап өлейін деп жатса, ба-

уыздамаса да болады. Тірідей қолға түскен аңды міндетті 

түрде бауыздау шарт емес, үшкір, қырлы тас немесе 

464

 Мәида, 5/4.



486

Ислам ғылымхалы

темір сияқты нәрселермен ұрып, кішкене қанын ағызса, 

жеткілікті.

5.   Аңшы, қаруымен атып немесе аңға үйретіл-

ген  ит,  құстары  арқылы  жаралы  қылған  аңды  қолға 

түсіру үшін артынан тоқтамастан қадағалап, ізіне түсу 

керек. Өйткені аңды тірідей қолға түсіріп, бауыздауға 

мүмкіншілік бар. Ал егер басқа істермен айналысып 

жүріп, аң көзден таса болғаннан кейін барып, аңды өлген 

күйде тапса, ол аңның етін жеуге болмайды. Өйткені аң 

басқа себептермен өлуі де мүмкін. Бірақ аңның артынан 

дереу барған күннің өзінде, алған жарақатының салда-

рынан өліп кетсе немесе бауыздауға үлгермей қалса, 

бауыздамаса да ол аңның етін жеуге болады.

6.  Үйретілген аң иттері сияқты орақ тістері бар 

жыртқыштар  ұстаған  аңдардың  еттерінен    иесінің 

беруінсіз өздері жемеулері керек. Ал ұстаған аңының 

етін  иесі  келмей  жатып,  өз  білгенінше  жеп  қойса, 

ұстаған аңының еті бізге харам. Өйткені үйретілген 

иттің  ерекшелігі  өзі  ұстаған  аңның  етін  жемеуінде. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деген: 

«Итті  жіберген  уақытта  (аулаған)аңынан  жесе, 

ол аңнан жеме. Өйткені, ол өзі үшін ұстады. Итіңді 

жіберген уақытта аңды өлтіргеннен кейін өзі жемесе, 

ол аңды же. Өйткені, ол иесі үшін ұстаған».

Бірақ бүркіт, қаршыға сияқты жыртқыш топшалы 

құстар ұстаған аңдарының етінен, иелері келмей жатып 

жеп қойған жағдайда да, ол аңның етін жеуге болады. 

Аңға үйретілген ит ұстаған аңының қанын ішсе, немесе 

иесінің беруімен ұстаған аңының етін жесе, ауланған 

аңның етінің халалдығына еш зиянын тигізбейді.


487

Аңшылық

7.    Аңға  үйретілген  ит-құстардың,  денелерімен 

соғып немесе тұншықтырып еш жарақаттамастан өлтірген 

аңдарының етін жеуге болмайды. Өйткені, аңшылықта 

аңды жарақаттау бауыздаудың орнына жүреді. Міне, 

сондықтан, ауланған аңда жарақат жоқ болып қан ақпаса, 

бауыздаусыз арам өлген болып есептеледі.

 

Ислам дініндегі еті желінетін және еті 



желінбейтін хайуандар

Дінімізде еті желінетін және еті желінбейтін хайуан-

дар тек қана суда өмір сүретін, суда да, құрлықта да өмір 

сүретін және тек қана құрлықта өмір сүретін хайуандар 

болып үшке бөлінеді.

1. Тек қана суда өмір сүретін хайуандар

Ханафи мәзһабында жалпы суда өмір сүретін хайу-

андардан тек қана балық түрлері желініп, балық түріне 

жатпайтын суда өмір сүретін барлық хайуандардың еті 

желінбейді

465


. Сырттан белгілі себептің салдарынсыз 

өздігінен өлген балықтың еті желінбейді. Бірақ судың 

тартылуына байланысты, қатты ыстық немесе қатты 

суықтың салдарынан өлген немесе құстар тарапынан 

өлтірілген балықтардың етін жеуге болады.

2. Суда да, құрлықта да өмір сүретін 

хайуандар

Кесіртке, жылан, тасбақа, қолтырауын, дельфин т.б. 

осы тәріздес әрі суда, әрі құрлықта өмір сүре алатын 

хайуандардың еті желінбейді.

465

 Ханафи  мәзһабынан  басқа  мәзһабтарда  барлық  суда  өмір 



сүретін хайуандар желінеді.

488

Ислам ғылымхалы

3. Тек қана құрлықта өмір сүретін 

хайуандар

Жаратылысында жыртқыштық қасиеті, яғни орақ 

тістері және жыртқыш топшылары жоқ және адамның 

табиғатына жиркенішті көрінбеген жалпы хайуандар 

діни негіздерге сай ауланып немесе сойылса, еттерін 

жеу – халал.



Еті желінетін және еті желінбейтін, тек қана 

құрлықта өмір сүретін хайуандар үшке 

бөлінеді

1.  Шегіртке,  құмырсқа,  шыбын,  ара,  өрмекші 

тәріздес  денелерінде  қаны  болмайтын  хайуандар. 

Бұлардың ішінде тек қана шегіртке желінеді. Өйткені 

бұлар – адамзат табиғатында жиркенішті және тіксінтетін 

жаратылыстар.

2.  Кесіртке, жылан, кене, бит және тышқан, кірпі, 

сияқты қаны бар, бірақ ақпайтын хайуандар. Бұлардың 

ешқайсысының еті желінбейді.

3.  Ағатындай дәрежеде қаны бар хайуандар қолда 

бағылатын үй жануарлары және қолда бағылмайтын 

жабайы аңдар болып екіге бөлінді.

Қолда бағылатын түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, 

тауық, қаз, үйрек тәріздес барлық жануарлардың еті 

желінеді. Есек пен қашыр, шошқаның еті желінбейді.

Жабайы хайуандардан арыстан, барыс, қабылан, 

қасқыр, піл, қабан шошқа, маймыл, шиебөрі тәріздес 

жыртқыш тістері бар және шабуыл жасайтын хайуандар 

мен қаршыға, бүркіт, сұңқар, күшіген сияқты жыртқыш 

топшылары бар хайуандар желінбейді.



489

Аңшылық

Халал малдардың кейбір жағдайларға 

байланысты харамдануы

1.  Бауыздаусыз өз-өзінен өлген малдың етін жеу 

– харам. Мұндай өз-өзінен өлген малдың етін жеу ба-

уыздалып, денесіндегі қан сыртқа ақпағандықтан жалпы 

адамның  табиғатына  теріс  және  жиркенішті  нәрсе. 

Біріншіден,  мұндай  өз-өзінен  өлген  мал  бойындағы 

бір аурудың яки уланудың салдарынан өледі. Ал ауру 

малдың  етінің  адамның  денсаулығына  зиянды  екені 

медициналық  тұрғыдан  дәлелденген.  Екіншіден,  өз-

өзінен өлген малдың етінің харам екенін білетін әрбір 

адам қолындағы малдың күтіміне және емделуіне көңіл 

бөлері сөзсіз. Үшіншіден, Аллаһ Тағала мұндай өз-өзінен 

өлген малдарды ит, құстарға және де басқа жыртқыш 

аңдарға рызық ретінде берген. Бірақ өз-өзінен өлген 

малда  жоғарыда  айтылған  зияндар  болмаған  күннің 

өзінде де Аллаһ Тағаланың «өз-өзінен өлген өлексенің 



етін жемеңдер» деген әмірі шынайы мұсылмандардың 

«ләббайка, Аллаһым» деп бой ұсынып, тыйымдарынан 

тыйылулары үшін жеткілікті.

2. Буынып, биіктен құлап, басқа малмен сүзісіп, 

яки  бір  нәрсемен  ұрып  өлтірілген  малдарды  және 

жыртқыштардан қалған жемтік етті жеу – харам. Бірақ 

аталмыш жағдайдағы малдар өлмей жатып бауыздал-

са, жеуге болады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай 

дейді: «Сендерге өлексе (бауыздалмаған мал), қан, 



шошқа  еті,  Аллаһтан  басқаның  аты  айтылып 

бауыздалған, буынып, құлап, сүзісіп өлген мал және 

490

Ислам ғылымхалы

жыртқыштардан  қалған  жемтік  етті  жеу  харам 

қылынды»

466

3. Аллаһтан басқаның аты айтылып сойылған мал. 

Малды бауыздаған уақытта Аллаһтың атын атап бауыз-

дау шарт. Бауыздаған уақытта «Бисмиллаһир-рахманир-



рахим»  деуге  болатыны  сияқты,  «Аллаһу  әкбар,  яки 

Аллаһу а’зам» деп те айтуға болады. «Бисмиллаһи, Аллаһу 

әкбар» деп айту – мұстахап. «Бисмиллаһ» ұмытылмай, 

әдейі айтылмай сойылған малдың етін жеу – харам. Ал 

ұмытылып айтылмай қалса, онда жеуге болады.

Әбу Ханифа бойынша, сойылған малдың ішінен 

өлі шыққан баласының еті – харам. Бірақ тірі шықса, 

«Бисмиллаһ» деп, сойып жеуге болады. Балықтарды 

бауыздаусыз жеуге болады.

Христиан және еврейлердің Аллаһтың атын айтып 

сойған малдарының етінен жеуге болады. Отқа, пұтқа, 

жұлдызға табынатындардың сойған малдарының етін 

жеуге болмайды.

Бауыздаған уақытта малды қинамау үшін, өткір пышақ 

қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан 

кейін  пышақты  көз  алдында  жалақтатып  қайрау  – 

мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір 

хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта 



жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса пышағын 

жақсылап қайрасын.  Тезірек бауыздап малды рахатына 

қауыштырсын»

467


. Малды құбылаға жатқызып сою – 

сүннет. Ал, басқа жаққа қарату – мәкрүһ.

4.  Бауыздаған уақытта аққан қан. Мал бауыздалған 

уақытта  денесіндегі  қанның  көбі  сыртқа  шығады. 

466

 Маида, 5/3.



467

 Муслим, Сайд,57.



491

Аңшылық

Жәһилия дәуірінде араптар бұл қанды ұйытып, құрғатып, 

сосын жейтін. Аллаһ Тағала «Маида» сүресінің үшінші 

аятымен бұл қанның ішілуін де, желінуін де харам қылды. 

Малдың денесінің жіңішке тамырларында және өкпе, 

бауыр, талақ сияқты мүшелердің ішінде қалып қалған 

қандар сол мүшелермен бірге желінетіндіктен халал.


492

Терминдерге түсінік

Азан: Хабар беру, білдіру. Парыз намаз уақытын 

білдіретін арнайы сөздер.



Айн  парыз:  Жалпы  парыз.  Әрбір  мұсылманға 

тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар.



Ақиқа  құрбаны:  Аллаһ  Тағаланың  нәсіп  еткен 

перзентіне  (жаңа  сәбиге)  шүкір  ретінде  шалынатын 

құрбандық мал.

Ақырғы  отырыс:  Соңғы  рәкаттан  кейінгі  «әт-

тахият» дұғасы оқылатын отырыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет