Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

Қабыл болған садақа

Ибну Мәндәнің риуаяты бойынша:

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  сахабаларына  садақаға 

берудің сауаптығын айтып, ол турасында түскен аят-

тарды оқып, қызықтырған сайын олар да бір-бірімен 

жарысып, шама-шарықтары жеткенше садақаға арнап 

әр нәрселерін әкеліп жатты.

Сахабалардан Утба ибну Зәйд садақа беруге құштар 

болғаны  соншалық,  Ұлы  Жаратушыға  өзінің  кедей 

екендігін  айтып  жалбарынып,  түн  ортасында  былай 

деп мұңын шақты: «Я, Аллаһ, Ұлы Жаратушым! Менің 

садақа беретіндей түгім жоқ. Бірақ мен осы уақытқа дейін 

маған зорлық-зомбылық көрсеткендердің, әлімжеттік 

қылып, тісі батқандардың бәрін шын ықыласпен кештім. 

Осы ісімді менен садақа ғып қабыл ала гөр! – деп жал-

барынады.

Ертесіне таңертең Пайғамбарымыз сахабаларынан: 



«Кеше өзіне ақысы өткендердің бәрін кешірген кім?», 

– деп сұрады. «Мен», – деп орнынан түрегелген Утба 

ибну Зәйдке Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақаң қабыл 

болды», – деп сүйіншіледі.

Әбу Мұсаның риуаяты бойынша:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде:

– Әр мұсылман садақа беруі тиіс,-дегенде:

– Садақа беретіндей ештеңесі жоқ болса ше? – деген 

сұрақ қойылды.

– Онда тер төгіп, еңбек етіп, өзіне де пайдасын 

тигізіп, басқаға да садақа берсін.

– Ал оны да істей алмаса ше?



364

Ислам ғылымхалы

– Қиналған жанға қол ұшын берсін.

– Оған да шамасы жетпесе ше?

– Жақсылықты дәріптесін.

– Оны да істемесе ше?

–  Жамандыққа  жоламасын,  –  деді  сүйікті 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.).

* * *

Зекет кімдерге берілмейді?

1.  Мұсылман еместерге.

2.  Нисап мөлшеріндегі байлық иелеріне.

3.  Әке-шешеге,  ата-әжеге  және  олардың  ата-

аналарына  зекет  беруге  болмайтыны  сияқты,  өзінің 

балаларына, немерелеріне, олардың балаларына және 

кейінгі барлық ұрпақтарына зекет беруге болмайды.

Шафиғи мәзһабында аталмыш кісілер қарызданып 

қалған жағдайда ғана қарыздарын өтеу үшін бір-бірлеріне 

зекеттерін берулеріне болады. Ал қарызы жоққа беруге 

болмайды.

4.  Әдетте, кедей-кембағалдарды қолдайтын Ислам 

шамасы келе тұра жұмыс істемей, даярға әдеттенген 

масыл адамдарға зекет берудің дұрыс еместігін айтады. 

Өйткені,  зекет  берудегі  мақсат  –  қоғамда  жатып 

ішерлердің  санын  көбейту  емес,  бір  жағдайлармен 

кедейлікке ұшыраған жандарды кедейліктен құтқару.

5.  Бәни Һашим. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыста-

ры саналатын Һашим ұрпақтары. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 


365

Зекет

сыйлықты қабыл алғанымен, ешбір садақаны қабыл ал-

майтын

390


 және туысқандарына да алдырмайтын.

Ақшаның зекеті

Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәуірінде қазіргідей қағаз 

ақша  емес,  динар  (алтын  ақша)  мен  дирһам  (күміс 

ақша) қолданылғандықтан, қазіргі қағаз ақшаның зекет 

нисабын белгілеуде алтын мен күміс негізге алынып 

есептеліп отыр. Алтынның нисабы – 85 грамм. Егер 

белгілі бір адамның ақшасының құны кем дегенде 85 

грамм алтынның құнына тең келсе, ол кісіге жалпы 

ақшасының қырық та бірін зекет ретінде беру – парыз. 

Ақшасының мөлшері нисап көлеміне жетпей, иелігіндегі 

алтынын немесе сауда заттарын қосқанда жететін болса, 

зекет беріледі.



Алтынның зекеті

Жоғарыда алтынның белгіленген нисап мөлшері – 

85 грамм дедік. Міне осы 85 грамм алтыннан 2.125 грамм 

зекет ретінде беріледі. Бұл – 2,5%, яғни, 85 грамның 

қырық та бірі деген сөз.

Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) алтынның нисап мөлшерін былай деп білдіреді: 

«Алтыннан жиырма динарға жетпейінше зекет алын-

байды. Сенің жиырма динар алтының болып, оған бір 

жыл айналмайынша зекет беруің міндет емес».

Әбу Ханифа бойынша, 85 грамнан асқан мөлшерден 

17 грамға жетпей, зекет алынбайды. 17 грамнан ары қарай 

қырық та бірі зекет ретінде алынады. 85+17 грамнан 

390

 Муслим, Зекет,162-165.



366

Ислам ғылымхалы

2,550 грамм алтын зекеті болып алынады. Бірақ 17 грамға 

жетпейтін алтынға иелігіндегі басқа зекет малдарын, 

мысалға, ақшаны қосқан жағдайда нисап көлеміне жетіп 

жатса, зекет беріледі. Ал бұл мәселеде Имам Мұхаммед 

пен Әбу Юсуптың пікіріне сүйенсек, 85 грамнан асқан 

алтыннан 17 грамм мөлшеріне жетсін-жетпесін қырықта 

бірі зекетке алынады.

Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдары 

нисап  көлеміне  жетіп  жатса,  зекеті  міндетті  түрде 

берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге 

болады. Алтындай немесе басқа зекет малдарынан. Егер 

алтындай берсе, бұйымның салмағы өлшеніп, қырық 

та бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін 

болса, бұйымның салмағына қарай емес, бағасына қарай 

беріледі.

Басқа кендермен араласқан таза емес қоспа алтынның 

(мағшушун) зекеті жайында Ислам ғұламаларының әр 

түрлі пікірлері бар. Ханафи мәзһабында алтынның көлемі 

басқа кендерден басым немесе тең болса, барлығы алтын 

деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі. Ал, Шафиғи 

мәзһабында басқа кендерден тыс таза алтынның салмағы 

нисап мөлшеріне жетпей зекет алынбайды.

Күмістің зекеті

Күмістің нисап мөлшері – 200 дирһам, яғни, 595 

грамм. Кімде-кімнің 595 грамм күмісі болса, оның қырық 

та бірін зекетке беруі – парыз.

Әбу Са’д әл-Худриден (р.а.) риуаят етілген хади-

сте Пайғамбарымыз (с.а.у.) күмістің нисап мөлшерін 

былай деп білдірген: «Бес уқийеден аз күмістен, бес 

заудден аз түйеден, бес уасқтан аз егістік өнімдерінен 


367

Зекет

зекет алынбайды»

391

  Бес уқийе – 200 дирхамға тең. Ибн 

Омар хазіреті Әлиге: «Сахабалардан күміс нисабының 



200 дирһам екендігіне қарсы шыққан пенде болмады», 

– деген.


Әшекей заттардан зекет алына ма?

Ханафи  мәзһабында  алтыннан  немесе  күмістен 

жасалған  әшекей  жүзік,  сырға,  білезік,  алқа  сияқты 

заттардың салмағы нисап көлеміне жетіп, бір жыл толса, 

зекет алынады. Ал Шафиғи мәзһабында зекет алынбай-

ды. Өйткені әшекей заттар әйел адамның кәдімгі киетін 

киімдері сияқты жеке тұлғалық қажеттері болып табыла-

ды. Әшекей заттардан зекет алынбайды деген ғалымдар 

әшекей көлемінің орташа болуын шартқа қосуда. Егер 

зекетті өтемеу ниетімен айла ретінде әшекей заттарды 

қоғамдағы әйелдердің қолданылатын көлемінен артық 

жинаса, олардан зекет алынады. Бұл мәселеде Ханафи 

мәзһабын негіз тұту – кедейлердің пайдасына шешілері 

анық.


Төрт-түлік малдың зекеті

Төрт-түлік малдардан берілетін зекеттің парыздығы 

сахих хадистерде білдірілген. Төрт-түлік малдарда зекет 

парыз болуы үшін төмендегі шарттар керек.

1.  Зекеті  берілетін  малдардың  үй  жануарлары 

болуы.


2.  Зекеті берілетін малдардың нисап мөлшеріне 

жетуі.


3.  Зекеті берілетін малдарға толық ие болғаннан 

кейін толық бір жыл өтуі.

391

 Бухари, Зекет,4; Муслим, 1/3.



368

Ислам ғылымхалы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Бір жыл толмай, малдан 



зекет алынбайды», – дeйді.

4.  Зекеті  берілетін  малдардың  жылдың  көбінде 

қырда жайылуы. Жылдың көбінде, яғни, алты айдан артық 

уақыт көбейіп, өніп-өсулері, сүтті мол беру, семірулері 

үшін қырда бағылған малға «сәәйма» делінеді. Аталмыш 

пайдалар үшін бағылған малдардан төмендегі кестеде 

көрсетілген есеп бойынша, зекет алынады. Ал егер осы 

пайдаларға қоса сауда жасау мақсатымен бағылса, сауда 

тауарларының қатарына кіріп, басқа сауда тауарлары 

немесе ақшамен бірге есептеліп, жалпы құндарының 

қырық та бірі зекет ретінде беріледі.

Үй шаруаларында қолданылатын малдар-

дан зекет алына ма?

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Жүк таситын және 



жұмыста қолданылатын жануарлар мен егіс жырта-

тын өгіздерден зекет алынбайды»

392

 – деген хадисін 

негізге алған Ханафи ғұламалары қырларда жайылмаған 

немесе сауда жасау ниетімен бағылмаған малдардан 

зекет алынбайтыны туралы бір пікірде. Яғни, тек қана 

жүк тасу, міну және жер жырту үшін бағылған малдардан 

зекет алынбайды.

Төрт түлік малдың зекетінің нисабы мен сол ни-

саптан парыз болған мөлшері төмендегі көрсетілген 

кестедегідей:

392

 Әбу Дәәуд 1/237; Бәйһақи 4/16.



369

Зекет

Түйенің зекеті

Түйе зекетінің нисап мөлшері мен парыз болған 

мөлшері Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде анық 

көрсетілген.  Зекет  ретінде  берілетін  түйе  арықтық, 

семіздік жағынан орта күйде және ұрғашы болуы шарт. 

Еркек түйе берілетін жағдайда құны беріледі. 



Түйе

НИ САП МӨЛ-

ШЕРІ

ПА РЫЗ БОЛ ҒАН МӨЛ ШЕР

5-9


1 қой

10-14


2 қой

15-19


3 қой

20-24


4 қой

25-35


 Бір жа сар ұр ға шы 1 түйе

36-45


Екі жа сар ұр ға шы 1 түйе

46-60


Үш жа сар ұр ға шы 1 түйе

61-75


 Төрт жа сар ұр ға шы 1 түйе

76-90


Екі жа сар 2 ұр ға шы түйе

91-120


Үш жа сар ұр ға шы 2 түйе

21-144-ке дейін үш жасар 2 түйе мен әр 5 түйе үшін 

1 қой яки ешкі беріледі.

145-149-ға дейін үш жасар 2 түйе мен бір жасар 1 

түйе беріледі.

150-ге жеткенде үш жасар 3 түйе беріледі.

Бұдан кейін 174-ке дейін әр 5 түйе үшін 1 қой, яки 

ешкі беріледі.



370

Ислам ғылымхалы

175-тен 185-ке дейін үш жасар 3 түйе мен бір жасар 

1 түйе беріледі.

186-195-ке дейін үш жасар 3 түйе мен екі жасар 1 

түйе беріледі.

196-200-ге дейін үш жасар 4 түйе беріледі. Бұдан 

кейін жүз елуден кейінгі 50 түйеде жасалған есеп екі 

жүзден кейінгі әр 50 түйеде де қолданылады. Түйенің 

зекетінде ұрғашы түйе, яки құны беріледі.

Сиырдың зекеті

Сиырдың нисап мөлшері – 30 дедік. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) «Әрбір отыз сиыр үшін бір таби немесе бір табиа 

(бір жасар тана), әр қырық сиыр үшін бір мусин немесе 

бір мусинна (екі жасар құнажын) зекет беріледі»

393

 – 


деп бұйырған. Яғни, әрбір отыз сиыр үшін бір жастағы 

бір тана, әрбір қырық сиыр үшін екі жасар бір құнажын 

беріледі. Мысалға, 120 сиыры бар адам қаласа, бір жасар 

төрт тана бере алатыны сияқты екі жасар үш құнажын 

бере алады. Өйткені, 120 санында төрт – 30 саны, үш – 

40 саны бар.



Сиыр

НИ САП 

МӨЛ ШЕРІ

ПА РЫЗ БОЛ ҒАН МӨЛ ШЕР

30

Бір жасар тана



40

Екі жасар сиыр

60

Бір жасар 2 тана



70

Бір жасар 1 тана, екі жасар 1 сиыр

393

 Тирмизи, Зекет,5/622.



371

Зекет

80

Екі жасар 2 сиыр



90

Бір жасар 3 тана

100

Бір жасар 2 тана, екі жасар 1 сиыр 



120

Екі жасар 3 сиыр немесе бір жасар 

4 тана

Қой мен ешкінің зекеті

Қырда жайылған қой мен ешкінің нисап көлемі – 

қырық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Әрбір қырық қой үшін 

бір қой зекет парыз» – деп бұйырған.

Қой  мен  ешкі  бір-бірінің  нисабын  толықтыра 

алатындықтан, 39 қойы, 1 ешкісі болған адамның бір 

қойды зекет ретінде беруі – парыз. Қой мен ешкі аралас 

болған жағдайда қайсысы көп болса, зекет содан беріледі. 

Екеуі тең болса, қайсысынан берсе де ерікті. Ылғи ешкі 

болса зекетіне қой, яки ылғи қой болса зекетіне ешкі 

берілмейді.

Зекетке берілетін қойдың бір жасар болуы жөн. 

Өте арық ақсақ, соқыр малды зекетке беруге болмайды. 

Берілетін мал орташа болғаны дұрыс. Бір жасқа толмаған 

кілең лақ, қозыға зекет берілмейді. Бірақ бұлар ірілермен 

бірге болса, зекеті берілетін малдардың қатарына кіріп, 

есепке алынады.



Қой мен ешкі

НИ САП МӨЛ ШЕРІ

ПА РЫЗ БОЛ ҒАН 

МӨЛ ШЕР

40-120 аралығында

1 қой

121-200 аралығында



2 қой

372

Ислам ғылымхалы

201-399 аралығында

3 қой

400-499 аралығында



4 қой

Қойдың саны 500-ге жеткеннен кейін әрбір 100 қой 

үшін бір қой қосылып отырады.

Жылқы малының зекеті

Жылдың  көбінде  қырда,  жайылымда  көбейту 

мақсатымен бағылған жылқылардан да зекет алына-

ды. Жалпы жылқының құны есептелінеді. Құны нисап 

мөлшеріне жеткен жағдайда құнының қырықта бірі зекет 

ретінде беріледі

394



Сауда тауарларының зекеті



Сауда  тауарларының  зекетіне  байланысты 

дәлелдер:

Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 81-аятында: «Ей, 

иман еткендер, тапқандарыңның және сендер үшін 

жерден шығарғандарымыздың адал және тазала-

рын Аллаһ үшін жұмсаңдар». Бұл аят сауда тауарлары 

және топырақ өнімдерінің зекеті турасында түсірілген. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Түйеде – зекет бар, сиырда – 

зекет бар және матада –зекет бар», – деп бұйырған. 

Бұл жердегі мата сауда тауары болғандықтан, хадис – 

сауда тауарындағы зекеттің парыздығына дәлел. Сәмура 

ибну Жундәб былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сауда 

394

 Бадаай’ус-санааи’и,  Китабуз-зәкат,446;  Илмихал,  1-том,  457. 



(Түркие дианет вакфы, Ислам араштырмалары меркезі).

373

Зекет

үшін дайындаған заттарымыздың зекетін беруімізді 

әмір ететін-ді»

395



Сауда тауарлары қалай есептеледі?

Бір заттың сауда тауары болып есептелуі үшін баста 

сауда жасап, кіріс кіргізу ниетімен иелікте ұстау керек.

Сауда тауарларының нисап мөлшері – 85 грамм 

алтын немесе 595 грамм күмістің құны деп есептелуде. 

Осы мөлшер жылдың басы мен аяғында толық болып, 

ортасында азайса да, зекеті беріледі. Заттарының бағасы 

мен қолындағы ақшаның құны – 85 грамм алтын немесе 

595 грамм күмістің құнына тең келіп, бір жыл толса, 

қырық та бірі – зекет ретінде беріледі. Сауда заттарының 

зекетін заттай немесе ақшалай беруіне болады. Сауда 

тауарлары  жыл  соңындағы  көтерме  бағаға  қарай 

бағаланады.  Жыл  басындағы  немесе  ортасындағы 

өзгерістер есепке алынбайды.

Сату үшін бағылған малдар сауда тауарларының 

қатарына кіріп, 2,5 % зекеті алынады.

Сауда арқылы жыл бойы табылған кіріс және жалпы 

сауда-саттық жолымен келмеген мирас, сыйлық сияқты 

кірістер де негізгі капиталға қосылып, жыл соңында 

бәрінің есебі бірге есептеледі. Негізгі капиталға бір жыл 

толғаннан кейін келген кірістерге бір жыл толмай зекет 

алынбайды.

395

 Тирмизи,  11/357;  Ибн-Һумам.  Фатхул-Қадир,  1/526.  Египет. 



1316-1898.

374

Ислам ғылымхалы

Қорытынды

Саудагер жыл соңында қолындағы сауда тауарла-

рын көтерме бағасына қарай ақшаға бағалайды. Бұның 

үстіне қолындағы ақшасын, чектерін, акцияларын және 

басқалардан  алатын  қарыздарын  қосып,  одан  өзінің 

басқаға беретін қарыздарын шығарып тастап, шыққан 

мөлшердің 2,5 % зекет ретінде береді.

Жер қойнауындағы қазба 

байлықтардың зекеті

Алтын, күміс, мұнай, газ, сияқты барлық жер қазба 

байлықтарынан 20 % зекет алынады.

Бау-бақша және егістік өнімдерінің зекеті

Бау-бақша және егіс өнімдерінде зекет мына екі 

жолдың біреуімен алынады. Егер егіс құдық, су тартатын 

аппарат сияқты нәрселермен суарылып, дәрі-дәрмек себу 

секілді еңбек жұмсалып, өнім алынатын болса, өнімнің 

5% ал, егер егіс жаңбыр суы, өзен суы сияқты сулармен 

суғарылса өнімнің он да бірі яғни, 10 % зекет ретінде 

алынады. Егіс өнімдерінен жылына бірнеше рет өнім 

алуға болатындықтан, бір жыл толу шарты мен нисап 

мөлшері шарты қосылмайды. Жер жалға алынса да, алған 

өнімдерінің зекеті беріледі.

 Пітір садақа

Пітір  сөзі  (араб  тілінде)  –  «жаратылыс»  деген 

мағынаны  білдіргендіктен,  кейбір  ғұламалар  пітір 

садақасын «дененің зекеті» деп атаған.



375

Зекет

Пітір садақасы – күнделікті қолданылатын негізгі 

қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85 

г. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіп 

садақа.

Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан 



оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді.

Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп 

болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл 

бұрын беруге де болады. Бұл садақаның Ораза айт на-

мазына дейін берілгені дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

«Осындай күнде (айт мейрам күні) кедейлерді қайыр 

садақа  тілеуге  мұқтаж  етпеңдер»,  –  деген.  Бүкіл  ел 

қуанып, тойлайтын мейрам күнінде пітір садақалары 

арқылы қажетті нәрселерін алып, кедейлердің де жұрт 

қатарлы жадырауын ойлаған Ислам діні – қандай кере-

мет дін!

Түрлі  себептермен  аталмыш  мерзімнен  қанша 

кешіктірілсе де, пітір садақасы міндетті түрде берілуі 

тиіс.


Пітір садақасын айт күні таң атысымен беру уәжіп 

болғандықтан, аталмыш уақыттан бұрын дүниеден өтіп 

кеткен адамдар үшін уәжіп емес. Бірақ осы уақыттан 

кейін қайтса, артында қалған туыстары қайтқан адамның 

малынан өтейді. Сол сияқты таң атпай дүниеге келген 

сәбиге пітір садақасы – уәжіп. Ал, таң атқаннан кейін 

туылған балаға – уәжіп емес.

Пітір  садақасы  әрбір  нисап  мөлшеріне  ие  азат 

мұсылман үшін – уәжіп. Пітір садақасы уәжіп болған 

мұсылман нисап мөлшерінде байлығы жоқ әйелі мен 

кішкентай балалары үшін де беруге тиіс.


376

Ислам ғылымхалы

Бір  адамның  пітір  садақасы    бір  мұқтаж  адамға 

беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше 

адамға бөліп беруге болмайды. Бірнеше адамның пітір 

садақасын біріктіріп, тек қана бір мұқтаж адамға беруге 

болады.


Пітір садақа қалай өтеледі?

Пітір  садақалары  ең  алдымен  жергілікті  жердің 

мұқтаж  кедейлеріне  берілуі  тиіс.  Жергілікті  жердің 

мұқтаж кедейлері бола тұра, басқа жердің кедейлеріне 

беру – мәкрүһ.

Пітір садақаның мөлшері

Пітір  садақасы  мына  төрт  нәрсенің  кез-келген 

біреуінің өзінен немесе құнынан беріледі. Кедейлердің 

кез-келген қажетіне ыңғайлы болғандықтан құнын беру 

– абзал.

1.  Бидай  немесе  бидай  ұнының  уәжіп  болған 

мөлшері: 1 кг 459 грамм немесе осы мөлшердің құны.

2.  Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 

2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.

3.  Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері: 

2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.

4.  Құрғатылған құрманың уәжіп болған мөлшері: 

2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.

Құрметті оқырман! Жоғарыда көрсетілген пітір 

садақа ретінде берілетін бидай, арпа, мейіз, құрмалардың 

құны пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында бір-біріне 

өте жақын еді. Ал қазір арпа мен бидайдікі тым арзан 

да мейіз бен құрманікі өте қымбат. Бұлардың бағасы 


377

Зекет

тұрғылықты жерге қарай да өзгеріп отыратыны тағы бар. 

Сондықтан, пітір садақаның мөлшері ретінде бір кедейді 

таңертең және кешке тойдыруға жететіндей мөлшерді 

өлшем ретінде алған дұрысырақ. Бұған қоса, жоғарыда 

көрсетілген пітір мөлшері – ең төменгі көрсеткіш. Ал бұл 

көрсеткіштен артығымен беруге әбден болады. 


378

379

V БӨЛІМ

ҚАЖЫЛЫҚ  

және УМРА

«Ол жерге баруға шамасы жеткен 

барлық адамға Аллаһ үшін Қағбаны 

зиярат етіп, қажылық жасау парыз».

«Әли Имран» сүресі

«Бір умра екінші умраға дейінгі 

аралықта жасалатын күнәларға 

кәффарат, ал, қабыл болған 

қажылықтың сауабы – тек қана 

жәннат».

Хадис шәриф 

380

381

ҚАЖЫЛЫҚ

Хаж  (араб  тілінде)  –  құрмет  тұтылған  қасиетті 

жерді зиярат ету мағынасын білдіреді. Ал шариғаттағы 

терминдік мағынасы – қажылық айлары деп аталатын 

арнайы уақытта Сауд арабиядағы Мекке қаласының 

жанындағы Арафат тауында ғибадат ниетімен бір мезет 

тұру, сосын Қағбаны тауап

396


 ету және қажылықтың 

арнайы басқа амалдарын орындау арқылы атқарылатын 

ғибадат.

Қажылық ғибадатының орындалатын 

айлары

Шәууал, Зилқағда және Зилхижжа айының алғашқы 

он  күні.  Қажылықтағы  әрбір  амал  үшін  белгіленген 

арнайы уақыт бар. Зиярат тауабының уақыты құрбан 

айт күні таң атысымен басталып, қажылыққа ниет еткен 

адамның өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын 

құрбан  айттың  алғашқы  үш  күнінде  орындау  уәжіп 

болғандықтан,  кімде-кім  осы  уақыттан  кешіктірсе, 

қажылығының  дұрыс  болуы  үшін  құрбан  шалуға 

міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты болса, 

арафа күні түс ауғаннан құрбан айт күні таң намазының 

уақыты кіргенге дейінгі уақыт.

396

 Қағбаны ғибадат ниетімен айналу.



382

Ислам ғылымхалы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет