§ 6. Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж) Шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасымен қамтитынын ескере, шетелдік асырап алу, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына,1986 жылғы Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына,шетелдік асырап алу балаларды сату немесе үрлаумен күрестегі жалғыз құрал екенін ескере отырып осы Конвенция қабылданған болатын.
Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы,өтініш беруші тұлғаға бала асырап алуға құқылы деп тапса, ол жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта,отбасы туралы ақпарат, асырап алу себептері, библиографиялық ақпарат,баланың жеке қасиеттерін сипаттайтын құжаттардан тұратын баяндама дайындайды.(15б.) Егер орталық орган,бала асырап алына алады деп шешсе:
жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта, отбасы туралы ақпарат,асырап алу себептерінен тұратын баяндама дайыдайды;
баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни, мәдени байланыстарын ескереді;
асырап алу процессі баланың еркі арқылы болуын ескереді;
Екі мемлекеттің де орталық органдары асырап алынған баланың тұрақты тұратын мемлекетке баруын барлық шараларды жасайды.Орталық атқарушы органдар асырап алу процессін бір-біріне хабарлап отырады.Асырап алушы ата-аналарға баланы тапсыру:
орталық органның келісімі арқылы;
асырап алушы ата-аналар баланың өсіп қалыптасуына жағымды ықпал тигізеді деп танылса;
екі мемлекеттің орталық органдары келісіп,асырап алу үлкен орын алады деп таныса жүргізіледі;
Әр мемлекеттің заңнамасында рұқсат етілсе, орталық органның қызметін, мемлекеттің билік немесе өкілетті ұйымдар жүзеге асырады,сонымен қатар заңмен рұқсат етілсе мемлекеттік өкілетті биліктің бала асырап алу процессін рәсімдеуі заңды болып табылады.
Асырап алуды тану дегеніміз:
а) асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынас;
ә) балаға деген асырап алушы ата-аналардың міндеттілігі;
б) баланың туған ата-аналары арасындағы құқықтық қатынастардың үзілуі;(26 сәйкес)
Егер бала мен оның туған ата-анасы арасындағы құқықтық қатынастапр үзілген жағдайда,ол қабылдаушы мемлекетте сондай құқықтарға ие болады.Асырап алу процессі жедел түрде өткізілуі тиіс,(35б сәйкес)асырап алу қызметіне қатысты ешкімнің қаржылай пайда табуына тікелей тыйым салынады.Асырап алу процессіне қатысушы басшылар,қызметкерлерге жасаған қызметі үшін сыйақы төленбейді.(32б 3п сәйкес)
Жалпы қорыта айтқанда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудiң маңызы ерекше зор.
Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу үшiн бағытталған бiр саласы осы неке және отбасы қатынастары екендiгiн бiлдiк. Неке және отбасы қатынастарында бiз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшiн құқық қабiлет-тiлiгi мәселесi), ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарын реттеудегi мәселер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қаты-настар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты мiндеттемелерi, бала асырап алу жөнiндегi қатынастар, мiне осылардың барлығы коллизиялық мәселелердi туындатады.
Некенi тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгiлi бiр құқықтық салдарға жетелейтiнi анық. Құқықтық салдар, әсiресе, тұлғалардың мүлiктiк жағдайларына қатысты бiрақатар жаңа мiндет-тер мен құқықтар қосылатыны анық.
Бұл тұрғыда бiз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсiресе, Конституция бекiткен қағидалары мен негiзгi нормаларға тоқталдық. Олар: ерлi-зайыптылардың теңдiгi, бала құқықтарының кемсiтiлмеуi, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б. Бұл қағидалар сөзсiз халықаралық жеке құқықта басты орынға ие болып табылады.