Ключевые слова: предприятия, деловая активность, экономический показатель, финансово-
экономическая состояния предприятий.
Adilbek A.T., Sailaubekov N.T.
Аnalysis of business activity of the enterprises
Summary. In article for improvement of business activity of the enterprises, it is considered economic indicators
of JSC Rakhat, by means of economic indicators, such as: the revenue, assets, the capital, fixed assets and prime cost,
will estimate business activity given the enterprises. And as we see, as a whole an assessment of a financial and
economic condition of the enterprise for 2011 decreased in comparison with 2010 and if in the future proceeds such
speed, the enterprises can go out of business.
Keywords: enterprise, business activity, economic indicators, financial and economic condition.
Ә
ДК 658.5
Арзикулова Р.К.
Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: rakha0212@mail.ru
ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Андатпа. Мақалада бәсекеге қабілеттілік ұғымы көп жақты болып, кәсіпорын іс әрекетінің
тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа
және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және
аймақтық бәсеке қабілеттілік ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы обьектінің бәсекеге
қабілеттілігі, оның бәсекеге қабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан
тұратынын негіздейді.
Негізгі сөздер: экономика, кәсіпорын, нормативтік көрсеткіш, экономикалық мәселе, қаржылық жағдай.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өнім сапасын арттырудың келесі
бағыты ол инновацияларды енгізу арқылы арттыру болып табылады. Бәсекеге қабілетті
кәсіпорын деп жаңа, әрі күрделі салаларда бәсекеге түсе алатын кәсіпорынды айтады, ал
мұндай жетістіктерге тек инновациялық қарқынмен ғана қол жеткізуге болады.
“Инновация“ ұғымы ағылшынның “innovation“ сөзімен ұғымдас және жаңалықтар енгізу
деген мағынаны білдіреді. Бұл терминге Оксфордтың түсіндірме сөздігінде төмендегіше
ауқымды мағына берілген : “Конструкциялаудың, тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез
келген жаңаша әдісі, бұны енгізген инноватор немесе компания қандай да бір бәсекелік
артықшылыққа ие болады. Патенттерді қолдана отырып табысқа қол жеткізген инноватор
уақытша монополист болғанымен, қандай да бір мерзімнен кейін бәсекелестер де табысты
нарыққа кірудің әдісін табады. Кейбір компаниялар өнімнің жаңа түрін қалыптасқан
259
сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа нарықтар құрай алатын технологиялық
жаңалықтар енгізіп отырады”.
Ноу- хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке интенсивтілігіне
ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше технологияларға патенттер
мен біліктілігі жоғарғы деңгейдегі персоналдың болуы салаға жаңадан енгісі келетін
және басқада бәсекелестерге мықты тосқауыл бола алады. Әр кәсіпорын ерекше бәсекелік
артықшылықтар беріп отырған технологиясын қорғап отырғандықтан, бәсекелестердің
мүмкіндіктері техникалық деңгейі жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу жүргізген
ғалым И.Шумпетер еді. Ол өзінің “іскерлік белсенділік циклдері” ілімінде экономикалық
дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер
экономика мен экономикалық өсімнің бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзгерісінің көзі.
Жалпы инновацияларды өнім өндірудің кез келген кезеңінде енгізуге болады. Инновациялық
өзгерістер технологиялық процестерден басқа жабдықтар мен құралдардың жаңаша түрлерін
енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін және сатудан кейін қызметтің ерекше,
жаңашыл түрін көрсете отырып, дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің
басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
1. Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар − ал бұларды енгізіп
отырған инноваторлар жоғарығы деңгейдегі бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе
алады;
2. Имитатор-кәсіпорындар енгізіп отырған қайталанбалы ноу - хау немесе жаңалықтар[18].
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай қолданыс таба
алмауы ықтимал. Екіншісі қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі келетін кәсіпорындарда
қолданыс табуы керек.
Қазіргі кезде экономикалық байланыстармен қатар ақпараттар мен технологиялардың
да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен халықаралық бәсекеге де
сәйкесінше өзгерістер енгізіп отыр. Мұны төмендегі тенденциялардан байқауға болады:
- бір текті өнім ұсынып отырған жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен өндірістік
байланыстарын нығайта отырып, шығындарын барынша азайтуға ұмтылысы;
- мекемелердің бәсекеге қабілеттілгін көтеру мақсатында тік интеграция жүргізе
отырып, құндылықтар шынжырын жетілдіруі;
- нарықтағы бәсеке интенсивтілігінің күшеюіне байланысты өз фирмаларының мүдделерін
қорғауға бағытталған стратегиялық альянстардың және диверсификация негізінде құрылған
конгломераттардың көбеюі.
Бүгінгі күні ішкі және сыртқы нарыққа сұраныс жоғары және бәсекеге қабілетті өнім шығару
үшін өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу саясатында негізгі назарда ұстаным жоқ.
Өйткені, өнімнің сапасын арттырудың басты бағыты - өндіріске алдыңғы қатарлы ғылыми –
техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу. Қазіргі кезеңде, өндірістің техникалық,
экономикалық, технологиялық деңгейін жоғарлату арқылы өнімнің сапасын арттыруға және
инвестиция тартуға мұмкіндік беретін, бұл бағыт бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бөлігіне айналған.
Ә
рбір кәсіпорын алдағы уақытта, бәсекелі ортаның күрделенуіне байланысты, тұтынушы
сұранысының кез келген өзгерісіне икемделуі тиіс. Бұл жағдайда жаңа өнімдер, жаңа қызмет түрлерін
өңдеу арқылы жүзеге асуы тиіс.
Өндіріске инновациялық және ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы
озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, оның
шығындылығын төмендетуге де, сонымен қатар оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін
арттыруға да серпін береді.
Ғылыми – техникалық әлеует кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы.
Барлық дамыған елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы –
ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасшы болу.
Инновациялық жаңалықтар экономиканың құлдырауынан төтеп беріп, ғылыми – техникалық
прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді
басқару мен ұйымдастыруға көңіл бөледі. Ал мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық және
инновациялық даму саласына қолдау жасалып, тиімді саясат жүргізіліп отырады. Өйткені
мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саясаты – ғылыми-техникалық жетістіктерді
260
адам игілігі үшін пайдаланып, адамзаттың өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға
бағытталған. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар, өзіміздің ұлттық
ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз қажет.
Инновациялық жетістіктерді өндіріске енгізу қазіргі кең талғамды нарыққа сапалы әрі
тұтынушылардың сұраныстарын зерттей отырып, кең сұрапталымда әр түрлі өнімдер шығаруға
мүмкіндік береді.
Жалпы, инновациялық үрдістерді жүргізу бағыттарына қарай тауарлық және өндірістік деп
ажыратуға болады. Тауарлық инновациялар өнімнің сапалық қасиеттерін жаңартуға, ал өндірістік
инновациялар жаңа өнім түрлерін шығаруға бағытталған жұмыстарды қамтиды.
Қазіргі кездегі кәсіпорындардағы инновациялық жұмыстар өндірілетін өнімдердің сапалық
қасиеттерін арттырумен қатар, әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола бастаған өнімнің жаңа
түрлерін шығаруға да ықпалын тигізуі қажет. Экономикалық әдебиеттерде өндірістік үдерістерді
ә
ртараптандыру және өнімді әртараптандыру деген атаумен белгілі бұл бағыттар жаңа өнімдер
шығару арқылы кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және өндіріліп жатқан
өнімдердің сапасын жаңа қасиеттермен арттыру арқылы тұтынушылар сұранысын қалыптастыруға
сүйенеді.
Бұл бағыттардың өзіндік құндылықтары да бар. Оларға:
- өнімнің бағасын жоғарлату;
- нарықта жаңа тұтынушыларды табу;
- сауда белгісін нығайту;
- бәсекелестерден ерекшелену мүмкіндіктері жатады.
Аталған ерекшеліктердің өндіріске тиімділігін арттыру үшін нарықтық талаптарға сай, қажетті
көлемде өнімдерді шығаруды қамтамасыз еткен жөн.
Отандық өндіріске ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорындардың ғана емес, осы
талпыныстарды қолдап отыратын мемлекеттік саясаттың да бөлінбес бір бөлігі болуы тиіс.
Қазіргі жағдайларда жоғары технологиялы экономиканы құруда мемлекеттің орны заңдылы
ретінде ұлғаюы тиіс. Бұл мемлекеттік ғылыми саясатты әрдайым дамыту мен әртараптандыру,
маңызды іргелі ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу негізінде жүзеге асуы мүмкін.
Өнеркәсіптегі құрылымдық-инвестициялық өзгерістерді жылдамдатуға мемлекеттің ықпалынсыз
ғылымды қажетсінетін жоғары технологияларды салықтық, бюджеттік және сыртқы сауданың
экономикалық құралдары арқылы енгізу мүмкін емес.
Сонымен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапалық тетікті ғылыми-техникалық және
инновациялық саясат арқылы жетілдіру төмендегі міндеттерді шешуі тиіс:
-өндірістің мүмкіндігіне сай ғылыми-техникалық және инновациялық даму жоспарын әзірлеу;
-өнімнің сапалық қасиеттерін жақсартуға немесе жаңа өнім түрін шығаруға бағытталған
жобаны негіздеу;
-жобаны іске асыруды қаржыландыру көздерін айқындау;
-өндірілетін өнімнің нарықтағы сұранысын қамтамасыз ету жолдарын іздестіру.
Өнімнің сапалық қасиетін инновациялық тұрғыда жақсарту тетігінің құрамдас негізгі бөлігінің
бірі - өнімді сапалы шығаруды қамтамасыз ететін адам факторы.
Өнімнің сапасын қамтамасыз етуде түрлі экономикалық тетіктермен қатар, өндірістік үрдісті
жүзеге асыратын, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық жетістіктерді игеретін және оны өнімнің
сапасын арттыруға қолданатын – кәсіпорынның персоналы екенін уақыттың өзі дәлелдеген.
Қазіргі ғылымда адамның тұлға ретінде қалыптасуы оның негізгі жұмысына оң ықпал ететіні
жөнінде дәлелдер бар. Адамның жұмыс орнына қалыптасуы, ортаға бейімделуі және өзін-өзі көрсетуі
белгілі бір уақытты және төзімділікті қажет етеді. Осы үрдісті тиімді басқару әкімшілік ортаның
дұрыс шешімі арқылы жүзеге асады.
Адам факторы тек сапа мен бәсекенің ғана емес, еңбек өнімділігінің де негізгі қозғаушы күші
болып табылады. Өндірісті басқару мен сапаны ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаған
ғалымдардың бірі Эдвард Деминг болатын. Ол адам факторына үлкен мән берген.
Сапа мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы жапон экономикасын өркендету
туралы зерттеулерінде Деминг үш негізгі қағиданы бөліп көрсетеді:
1. нашар немесе жақсы жұмысшы болмайды, нашар және жақсы жетекшілер болады;
2. өндірісті статистикалық талдау басқарушы үшін хирургтің ауруға дұрыс диагноз қойғаны
сияқты маңызы;
261
3. өндірістік үрдістерді жақсарту немесе өзгерту кейбір жұмысшылардың белсенділігіне
байланысты емес, ол басшылық тарапынан қолданылатын жүйелі шараларға байланысты.
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өз тұжырымдамасын құра отырып,
Деминг қатаң тәртіпті ұстануды ұсынады.
Сол сияқты «Экспресс К» газетінің редакциясындағы журналистер ұжымы да қолайлы жұмыс
орындарымен қамтамасыз етілген. Журналистер оқиға болған жерге жеткізетін арнайы көлікпен,
дыбыс және бейне материалдарды жазатын жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен (диктофон,
флешка, видео камера, нетбук т.с.с) қамтамасыз етілген.
Ә
лемнің экономикасы жағынан дамыған елдері адам факторына соңғы онжылдықта үлкен мән
бере бастады. Жапонияда сапа үшін берілетін Деминг сыйлығы осы күнге дейін қолданылуда. Осы
орайда, отандық кәсіпорындарда өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған қызметкерлерді
ынталандырудың және міндеттеудің тиімді әдістерін ұйымдастырудың қажеттілігі өзекті күйінде
қалып отыр.
«Экспресс К» газетінің журналистері жазған мақалаларына байланысты қаламақы алады.
Журналистерді ынталандыру мақсатында әр түрлі тақырыптарға мақала жазу арқылы сыйақылар
және шет елге жолдамалар, сыйлықтар беріледі.
Кәсіпорында өнімнің сапасын арттыруда қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін
келесі шараларды қабылдау қажет:
- сапалы өнім шығаруға талпынатын ортақ мүдде қалыптастыру;
- нәтижеге талпынған қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру;
- қызметкерлердің сапаны арттыруға қатысты өз ізденістерін іске асыру үшін арнайы
зертханалар мен зерттеу орындарын құру;
- өндірісте ғылыми ізденістерге қолдау көрсету;
- басқару персоналының нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету.
«Экспресс К» газетін оқырмандар үшін сапалы етіп жазу, ол журналистер ұжымына
байланысты. Сондықтан неғұрлым қабілетті, жоғары мамандалған журналистерді жұмысқа тартсақ,
соғұрлым оқырмандар қауымы да көбейеді.
2010 жылы журналистер саны 25 адамды құраса, 2011 жылы 37 адамды құрады. Осы
журналистерміздің жазған құнды материалдарын баспаға береміз, баспада жаңа технология, яғни
газетті басып шығару станоктары, әр түрлі техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған, осыған
сәйкесінше газеттің сапасы да, түсі де, пішіні де жоғарылайды.
10-кесте - «Экспресс К» инновацияларды жүзеге асыруға дейінгі және кейінгі экономикалық тиімділігі
2011ж
2012ж
+/-
%
Өнімді өткізуден
түскен табыс
462539
508792,9
46253,9
110
Өзіндік құн
218150
207242,5
-10725,5
95
Жалпы
табыс
244389
301550,4
57161,4
123
Тиімділігі
52,8
59,2
6,4
112
Е с к е р т у – Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелген
2011 жылы технологияны енгізуге дейін өнімді өткізуден түскен табыс 462539 құраса, ол 2012
жылға 10 пайызға өсті, яғни 508792,9 құрады. Ал өзіндік құнымыз 5 пайызға төмендеді, яғни -10725,5
көрсетеді. Жалпы табысымызда айтарлықтай 123 пайызға өсті. «Экспресс К» инновацияларды жүзеге
асырудан кейінгі тиімділігі 6,4 –ке көбейетіні байқалады.
Ә
лемдік өнім өндірушілер, қазіргі кезеңде өнімдерінің сапалық мүмкіндіктерін жақсарту,
ә
лемдік талаптарға икемделе отырып тұтынушылардың талғамдарынан шығу, осы арқылы нарықтағы
бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру бағыттары бойынша нақты ізденістер мен қолданбалы маңызы бар
ұсыныстарға зәрулік танытуда. Қазірдің өзінде көптеген дамыған мемлекеттер әлемдік сапа
жүйесінде дамудың өзіндік ерекшеліктерін игерген, мәселен, жапондық компаниялардың бәсекеге
қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін бес фактор бойынша артықшылықтары бар:
1. ғылыми-техникалық ізденістерге қаржының мол көлемде бөлінуі және инновациялық
жетістіктердің деңгейі;
2. жоғары мамандандырылған және ынталандырылған жұмысшы күші, басқару мен еңбек
қатынастарының тұрақтылығы;
262
3. өндірістік басқару жүйесінің тиімділігі және басқарудың жапондық стилі;
4. басқарудың көп тармақты кешені және жетілген өндірістік инфрақұрылым,
5. «кайдзэн» - сапаны бақылаудың қатаң жүйесі.
Өндірісті жетілдірудің өзара байланысқан үш тармақты «үкімет – ғылым - бизнес» жолын
ұстанатын бұл компаниялар көптеген әлемдік нарықтарды игеруге мүмкіндік алды.
Жапондық мамандардың АҚШ және Еуропа елдеріндегі жетекші компаниялармен сапаны арттыру
мәселесі бойынша жан-жақты пікір алмасулары өз нәтижелерін берді. Олардың назарын, ең алдымен,
стратегиялық бақылау және сапаны кешенді басқару түсініктері қызықтырады. Жүргізілген зерттеулер
мен алынған нәтижелердің негізінде «жапондық сапа стандарттары» пайда болды. Бұл стандарттар -
өнімді дайындау, өндіру және өткізу кезіндегі сапа мәдениетін қалыптасыруға септігін тигізді.
Инновациялық үрдістерді жетілдірудің жолы ретінде аймақтық ғылыми- өндірістік жүйені
құруды ұсынуға болады. Бұл жүйеге белгілі бір өңірдің кәсіпорындары мен осы салаға қатысы бар
ғылыми-зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік өсімдік майлары
өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа
жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге
ықпал етеді. Жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру олардың
өнімдерінің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артуына да жол ашады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде жеке ғылыми – техникалық әзірлемелер мен инновация
жетекші мәнге ие болуы тиіс. Жергіліктерді ерекшеліктерді ескеретін шетелдік технологияларды
күтіп отырудың жөні жоқ. Олар өз өнімдерінің тиімділігн түсіруге итермелейтін бәсекеге қабілетті
технологияларды біздің елге жібере де қоймас.
Уақыттың өзі дәлелдегендей, тиімділікті өнімнің сапасынан үнемдеуден іздеудің жөні жоқ.
Ә
рбір бәсекеге қабілетті өнімнің бойынан соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, нарықтық
ерекшеліктер, тұтынушылардың талап-тілектері табылуы қажет. Тек осындай қасиеттерімен
ерекшеленетін өнім нарықта өз тұтынушысын табады.
Сонымен, «Экспресс К» ЖШС-ның өнімінің сапасын жоғарлату арқылы бәсекеге қабілеттілікті
арттыру, бұл бағытта келесі іс-шараларды ұсыну:
- отандық газеттердің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- сыртқы нарыққа газеттерді шығару және олардың бәсеке қабілеттілігін қалыптастыру;
- өндірістік және ғылыми-зетрттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;
- отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай газет шығару
үрдісін ұстану;
- өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озық техника мен
технологияларды пайдалану;
- тұтынушылардың әр түрлі деңгейлеріне сай газеттің жаңа түрлерін шығару арқылы
сұрыпталымды кеңейту;
- инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажет
қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.
Кәсіпорында өнім сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұсыну:
- өндiрiстiң техникалық деңгейiн көтеру;
- бiлiктi мамандар деңгейiн көтеру;
- өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру, оның iшiнде өндiрiстi мамандандыруды
дамыту;
- кәсiпорынға түсетiн шикiзат, материал комплект детальдардың сапа сына бақылау жүргiзу;
- кәсiпорында метрологиялық қызметтiң техникалық деңгейiн көтеру;
- персоналдарды өз мiндеттемелерiн жоғары сапада орындағаны үшiн материалды және
моральдық ынталандыру;
- маркетинг қызметiн құру;
- өнiмдi дайындауда барынша сапалы жаңа материалды енгiзу;
- өнiмдi өндiруде және сатуда шығынды төмендету;
- тұтынушылардың өнiм сапасына және нарық коньюнктурасы талаптарын зерттеу, бiлу;
- жарнамалау, тарату;
- тиiмдi сату бағасын бекiту;
- кәсіпорынның экономикалық әлеуметтік жағдайын жақсарту;
- өнім сатудың нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу;
- басты кәсіпорындар мен фирмалардың деңгейіне асып түсетін өнімнің технологиялық
деңгейіне жету;
263
- белгілі бір аймақтар мен өндіріс салаларының сұраныстарына сай қызмет ету;
- сапаның басты көрсеткіштерін нығайту;
- шығарылған өнімнің кемшіліктерін азайту;
- өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
- әр түрлі сервисті дамыту және тағы басқа жатады;
- автоматтандырылған техникаларды енгізу.
Осы «Экспресс К» газетінің жұмысын жеделдету, оңтайландыру үшін жаңа технологиялар
енгізу керек. Соларға жататындар:
Қазiргi қоймалар - бұл үлкен аңғарларды алып жатыр. Күнделікті мұнда газеттердің ағымы
келіп түседі. Олар бұл жерден тұтынушыларға жiберіледі. Газеттердің штрих коды арқылы
қоймадағы жағдайды білуге мүмкін емес. Сондықтан радиожиілік идентификация, яғни rfid
құрылғысын орнатса болады. Бұл құрылғы арқылы баспада қанша газет бар екенін және газеттің
кімнің қай жерге жеткізгендігі туралы ақпарат алуға болады. Rfid құрылғысы 6 метр қашықтықтан
ақпараттарды оқи алады. Rfid жапсырмалары баспадан көп газет партиясын шығаруға мүмкіндік
береді.
Келесі жаңа технология ол принтер үшiн көп рет қолдануға болатын қағаз. Революциялық жаңа
өнім Sanwa Newtec жапон компаниясынан - ғажайып-принтер, өзінің жұмысы барысында не тонерді,
не катриджді талап етпейтін принтер. Тіпті бұл принтерге PrePeat RP-3100 II кеңсе қағазы да қажет
емес.Осы ноу-хаудың мәні - арнайы басушы инесiнің жұмысында, сонымен бiрге қағаз орнына нәзiк
және солқылдақ пластиктен жасалған парақтарының қолдануы. Бұл принтер қоршаған ортаға да өте
қолайлы, яғни ормандарды кесу масштабы да қысқарады. Өйткені көптеген қағаздардың орнына көп
рет қолданатын пластикалық парақтар қолданылады. Пластикалық парақтар мың рет қолдануға дейін
жарамды. Шығарылған қағазды қайтадан PrePeat RP-3100 II принтеріне салып, керекті температураға
дейін қыздырып, пластик бетіндегі жазуын өшіруге болады. Бұл принтер қағазды көп тұтынатын
мекемелер, кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Өйткені қағаз бетіне шығарылған құжаттар, қайтадан
мерзімі біткенде жойылады. Осы принтер арқылы кәсіпорын өз ақша қаражаттарын үнемдеуіне
болады.
Жоғары сапалы офсет баспа өнiмiнiң нарығы жылдам өзгередi. Полиграфисттарға ендi
тираждардың, тапсырыстардың, өндiрiстiң уақытын қысқартуы, кiшiрейтуiмен iстеуге дәл келедi,
баспа сапасына клиенттер үлкен талаптар қояды. Heidelberg құрылғысы осы шешiмдер үшiн тап
арналған.
Heidelberg серiктестiгі баспа машиналарының екi әр түрін ұсынады: Printmaster және Speedmaster.
Printmaster коммерциялық көп түстi офсеттi баспаханаларға бағытталған. Speedmasterдың баспа
машинасы автоматтандыру және өнiмдiлiкке арналған. Өнеркәсiптiк баспаға негізделген[20].
Егерде редакция осы баспа құрылғыларын қолданатын болса, онда күніне 20000 дана газет
орнына, 25000 дана газет басылып шығар еді. Соған сәйкесінше жалпы пайда да көбейеді.
Ә
ДЕБИЕТТЕР
1. Котлер Ф. «Маркетинг негіздері» – Прогресс, Мәскеу, 2001 ж.
2. Котлер Ф. «Маркетинг менеджмент - Питер, 2000ж
3. Есимжанова С.Р. “Маркетинг в Казахстане”-Экономика, Алматы, 2003 ж.
4. Есімжанова С.Р. “Маркетинг негіздері” – Экономика, Алматы, 2003
5. Афанасьев М. “Маркетинг: стратегия и практика фирмы” - Москва
6. Маркетинг товаров и услуг - № 5, Алматы, 2002 г.
7. Маркетинг товаров и услуг - № 2, Алматы, 2003 г.
Арзикулова Р.К.
Достарыңызбен бөлісу: |