Көркем əдебиетстилінің базасына балалар жазушыларының прозалық,
поэзиялық, драматургиялық шығармаларының мəтіндері, балалардың өз
шығармашылығынан шыққан көркем туындылар, балабақша, мектеп қабырғасы,
ЖОО-да баланың танып-білуіне ұсынылатын, ұсынылуы мүмкін рухани
құндылығы жоғары ұлттық ақын-жазушылардың классикалық көркем туынды-
лары, сол сияқты əлемдік классикалық əдебиеттің аудармаларының мəтіндері
жинақталды.
Сөйлеу стиліне дидарластық сөз (əңгімелесу, сұхбаттасу); көпшілікке
арналған ауызша сөз (баяндама, лекция) мəтіндері енгізілді. Олар негізінен ауызекі
тілден, сонымен бірге «Балапан» телеарнасының сценарийлері мен драмалық
шығармалардан жинақталды.
Ортақ база – статистикасы стильдер бойынша алынбаған 5 стильден тұратын
жеке база. Тілдік материалдарына жиілік сөздіктің алғашқы дайындығы кезеңінде
арнайы стильдерге бөліп, бөлек жинақталмаған, бірақ барлық стиль мəтіндері
теңгерімді түрде жинақталған қазіргі қазақ тілінің көріністерін, яғни тіліміздің
қоғамдық өмірдегі негізгі салаларындағы қолданысын қамтитын теңгерімді
мəтіндер берілді. Бұл мəтіндер базасының басқалардан айырым белгісі, мұнда
қазіргі қоғамдық-əлеуметтік, қоғамдық-экономикалық сипаттағы мəтіндер
көбірек қамтылды.
3-кесте. Сөздіктегі стильдер жəне ортақ база мəтіндері көлемінің арақатынасы Мəтіндер базасы Үлесі, % Сөзқолданыс саны Ғылыми стиль мəтіндері
29,2
2 125637
Ресми-іскери стиль мəтіндері
8,3
609420
Көркем əдебиет стилі мəтіндері
10,5
746012
Публицистикалық стиль мəтіндері
9,2
669430
Сөйлеу стилі мəтіндері
6,4
465463
Ортақ база мəтіндері,
оның ішінде: 36,4
оның ішінде: 2 658 927
оның ішінде: ғылыми стиль мəтіндері
9,9
718840
көркем əдебиет стилі
6,6
484249
публицистикалық стиль
18,3
1342159
ресми-іскери стиль
0,9
62100
сөйлеу стилі
0,7
51579