Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРІ ТƏЖІРИБЕСІНЕН



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
4. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРІ ТƏЖІРИБЕСІНЕН
Тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыруға жұмсалатын лексикалық бірліктердің 
қандай да бір уақыт кесіндісіндегі (қазіргі заман, кеңестік кезең, т.б.) жəне тіл 
иелмендері арасындағы қатынастың нақты кеңістігіндегі (ғылыми ортадағы, 
ресми-іскери жағдаяттағы, бейресми т.б. қарым-қатынастағы) ауқымы мен 
6
 Комлев Н.Г. Словарь иностранных слов. Более 4500 слов и выражений. М.: Эксмо-Пресс, 2006. 
(қараңыз: Инфометрия).
7
 Шаров С.А. Частотный словарь, http://www.artint.ru/projects/frqlist.php


15
қолданыс қарқынын жиілік сөздіктер ерекше дəлдікпен сипаттай алады. Осыған 
байланысты ақын-жазушы, саясаткер, қоғам қайраткерлерінің жекелеген беделді 
тіл иелмендері шығармаларының жиілік сөздігі, сол сияқты саяси, экономикалық
педагогикалық т.б. түрлі дискурстағы мəтіндерден алынған салалық жиілік 
сөздіктер болады. Бұлардың алғашқысы бойынша жиілік сөздіктер қазақ лексико-
графиясында аз емес, ал соңғысына қатысты, яғни арнайы бір дискурс негізінде 
жасалған жиілік сөздіктің алды ұсынылып отырған осы еңбек болмақ.
Қазақ тілінің жиілік сөздіктерінің тілтанымдық теориялық негізі лингвоста-
тистика саласының қалыптасып, дамуы арқылы жасалды. Қазақ тіл білімінде 
ХХ ғасырдың 70-жылдары осы саланың дамуына ерекше еңбек сіңірген ғалым 
Қалдыбай Бектаев болды. Белгілі математик Қ.Бектаев ЭЕМ (электресептеуіш 
мəшинелердің) дамуы кезеңінде математикалық білімдер арқылы лингвистикалық 
құбылыстарды модельдеу, олардың статистикасын алу ісінің ғылым-білім, тіл 
үйрету, тілтанымдық ізденістерді дамыту ісіне де аса қажет екенін түсінді. 
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Қолданбалы 
лингвистика бөлімінің ашылуына мұрындық болып, қазірде осы бөлімді талай 
жылдан бері басқарып келген, филология ғылымдарының докторы, профессор 
А.Қ.Жұбановпен жəне басқа да осы саланың мамандарымен бірлесіп, тұңғыш 
қазақ тілінің жиілік сөздіктерін жарыққа шығуына жетекшілік жасады.
Бұл ретте профессор Асқар Жұбановтың: «Түркі тілдері бойынша 
статистикалық зерттеулер жүргізіліп, жиілік сөздіктердің ХХ ғ. 70-жылда-
ры алғаш қазақ тілінде жарық көруі – сол кезеңдегі үлкен жаңалық еді» – де-
ген сөзін мақтанышпен келтіруге болады
8
. Шынымен де, түркі тіл білімінде 
статолингвистикалық зерттеулер нəтижесінде алғашқы жиілік сөздіктерді қазақ 
тілтанушылары құрастырған болатын. Олардың ішінде ерекше атап өтуге тұратын 
еңбектер қатарында: Қ.Б. Бектаев, А.Қ. Жұбанов, С.Мырзабеков, А.Б. Белботаев 
құрастырған «М.Əуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі» (1979) мен 
А.Қ. Құрышжанов, А.Қ. Жұбанов, А.Б. Белботаев құрастырған «Құманша-қазақша 
жиілік сөздік» (1978). Сол сияқты Қ.Б.Бектаев, А.Қ.Жұбанов, С.Мырзабеков, 
А.Б.Белботаев құрастырған «М.О.Əуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің 
жиілік сөздігі» (1995), Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
Қолданбалы лингвистика бөлімі профессор А.Жұбановтың жетекшілігімен жəне 
А.Жаңабекова, Б.Карбозова, А.Қожахметовалардың құрастыруымен 2012-2014 
жж. гранттық зерттеу бойынша поэзия, көркем проза, публицистикалық стиль, 
ғылыми-техникалық стиль мəтіндері негізінде жарық көрген жекелеген сөздіктер 
материалдары базасында 2,4 миллион сөзқолданыстан тұратын мəтінді қамтыған 
(оның 2,1 млн-ы М.Əуезовтің 20 томдық шығармалар жинағынан) сөзтізбесі 
30515 сөзден тұратын жиілік сөздік (2016) те осы қатардағы аса қажетті еңбек.
Аталған сөздіктер ұсынылып отырған жаңа еңбектің əзірленуіне теориялық 
əрі практикалық бастама болды. Олардың бүгінгі күнге дейін құндылығы жоғары. 
Мəселен, «М.Əуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі» ұлы жазу-
шы шығармасының «сөз шұрайы, тіл кестесі келісті, өрнекті сөз орамдарына 
8
Жұбанов А., Жаңабекова А., Карбозова Б., Қожахметова А. Қазақ тілінің жиілік сөздігі. 
Алматы: «Қазақ тілі баспасы», 2016. 5-б.


16
мейлінше бай теңдесі жоқ туынды» екенін сандық мəліметтер, цифрлар арқылы 
нақтылай
9
түседі. М.Əуезов осы бір ғана шығармасында 16 983 сөз қолданса, 20 
томдық жинақта жарық көрген еңбектерінде 29483 сөз қолданғанын жоғарыда 
көрсеткен жиілік сөздіктер анықтап отыр. Бұл олардың тұтынушыға беретін сан 
түрлі пайдалы ақпаратының тек бір жағы ғана. Сол кездегі қазақ тіліндегі түрлі 
құбылыстардан, мысалы, советизмдердің игерілген, игерілмеген формаларынан, 
тілдің сол уақыттағы белсенді сөзжасаушы жұрнақтарынан т.б. толып жатқан 
тілтанымдық-статистикалық ақпараттан хабардар ететін осындай еңбектер 
тілтанушы үшін, тіл үйренуші үшін ешқашан өз құндылығын жоғалтпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет