18
құралдарында кеңінен қолданылуы осы уақытта туған мəтіндердің
сөздік базасы-
на алынуына тағы бір салмақты себеп болды. Əрине, ішінара «тарихи кезеңге»
жататын мəтіндер кездесіп жатты, олар Сөздік мəтіндерінің базасына оқулықтар
мен балаларға арналған оқу құралдары, хрестоматиялардағы
қолданысы арқылы
енді. Сөздіктің мəтіндік базасында ХХІ ғасырдың мəтіндері үлкен үлеске ие,
тіліміздің барлық стильдері бойынша жинақталған бұл тілдік деректердің ішінде
бүгінгі заманғы үрдіске сай БАҚ арқылы жинақталған мəтіндердің үлес салмағы
едəуір болды.
Осы талаптарды ескере отырып, Сөздікке оқыту
дискурсын көбірек қамтитын
əдеби тілдің ғылыми, көркем əдебиет, ресми-іскери, публицистикалық,
сөйлеу
сияқты бес түрлі стилі бойынша топтастырылған сан түрлі типтер мен жанрдағы
əртүрлі авторға тəн көлемі 7 млн сөзқолданыстан тұратын ауқымды мəтіндік база
жинақталды. Осы айтылғанға байланысты сөздіктің мəтіндік базасы бойынша
алынған мəліметтер тек тіл үйрету практикасы мен методикасы үшін ғана емес,
жалпы қазіргі тілдің ахуалына қатысты теориялық ізденістер үшін де
қызықты
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: