Осы сұрақтар бойынша алынған жауаптар эссенің «қаңқасын» құруға негіз болады. Осы жауаптар эссенің аргументі болып, осы үш жуапты (аргументті) дамыту арқылы эссенің негізгі тезисі жасалынады: көшбасшы жекемәселелеріненбұрынқоғаммүддесінкөбірек ойлауыкерек. Қағаздағы алғашқы жазбалар схема түрінде болуы мүмкін, ол «эссенің карта-схемасы» деп аталады. Сонымен қатар, бұл карта-схема жазылатын эссенің көлемін айқындап береді. Ондағы бөлімдердегі сөйлемдер саны ескерілуі керек. Мәселен, эссенің кіріспе және қорытынды бөлімдері 1 сөйлемнен, ал негізгі бөлім 30 сөйлем бола алмайды.
Карта-схема құру эссе жазу барысын жеңілдетеді, құрылымдық ойлауға мүмкіндік береді. Жазылатын эссенің карта-схемасын құру – жұмыстың алдын-ала кезеңі, яғни идеяларды жан-жақты ойлау кезеңі. Содан кейін ээссенің қаңқасын жасағаннан кейін жұмыстың алғашқы нұсқасы жазылады.