2.4. Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар
Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар.
40 күн толғанша сәбиді бір күн сабынды, бір күн тұзды сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылған бала, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді екен. Алайда оларды салу мақсаты әр түрлi. Мысалы: қазақтар тұзды терiсi пiссiн деп салса, өзбектер маса, шыбыннан қорғау, денесi бөртпеу үшiн салады.
Қазақ арасында кең тараған ұшықтау рәсімі де осы тұзбен байланысты. Бас айналып, жүректің айнуына немесе тоңып, дененің қызуы көтерілуіне байланысты ауруларды ұшыну деп түсініп, оған қолданылатын емдіұшықтаудеп атаған. Ұшықтау кезінде ауруға тұз, күл сияқтылар қосылған суық не ыстық суды"ұшық-ұшық”деп дүркін-дүркін бүркіген.
Балаға тіл-көз тисе есіктің тұтқасын тұзды сумен сүртіп, көз тиген баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса, тәуір болып кетеді екен.
Үй иелері араздасып немесе үйдің берекесі кетіп жатса, үйді тұзбен тазартқан. Ол үшін үйдің төрт құбыласын тұзбен аластап, айна, терезелерді тұзды сумен жуған, себебі тұз өзіне жағымсыз энергияны сіңіріп алады.
Басқа елдерде де тұзды қасиетті деп санайды. Славян халқы осы күнге дейін қадірлі мейманын нан-тұзбен қарсы алып, жас жұбайларға нан – cаулыққа, тұз – байлыққа - деп нан – тұз береді.
Ежелгі римдіктер достық ықылас-пилығын білдіру үшін қонағының алдына тұз тартқан.Тарих ғылымының атасы Геродот «Достықты бірге тартқан тұздан кейін сына» деген. Эфиопияда сапарға шыққан адам әрдайым тұзды қалатасына салып жүрген, қастық пилығы жоқтығынынң куәсі ретінде кездескен кісісге тұзын жалатқан.
Шығыс халықтары келісім-шартты жасақаннан кейін бір сауыттан тұз жалаған. Сауыттан тұз төгілсе, ол жай араздыққа-өшпенділікке айналады-деген ырым осыдан қалған.
Байқағанымыздай, әр елдің ырымдары алуан түрлі болғанымен, барлығы тұзды қасиетті деп санайды. Оны текке шашпаған, байлықтың белгісі деп бағалаған. Біздің халқымыз тұз өзіне жағымсыз энергияны өзіне тартып алады деп, балаларды ұшықтап, аластаған.
Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар. Мысалы, «Еңбегі – еш , тұзы-сор», «Қызды сөкпе, тұзды төкпе», «Нан мен тұз атсын», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса» т.б Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзді төгіп қойсан, өмірін ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласын деген ырым – тиымдар бар. Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласын деп жатады.
Аңыз-әңгімелер
«Ертеде ас тұзы таусылып, бір тайпа ел жаппай ауруға шалдығады.
14
Тұзсыз ас ішкендіктен адамдар ісіп-кеуіп,әлсіреп халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бір күні тұз артып келе жатқан керуенді көріп,керуен басшыға ауыл ақсақалы: «Тұзыңның құны қанша болса да біразын бізге сат»»,-дейді. Керуен басшысы келіспейді.Амалы таусылған ақсақал ауылындағы ақылды,әрі сұлу аруды көрсетіп, «Онда мына сұлу қызға айырбаста»,-депті.Қыздың ерекше сұлулығына таңданып,ғашық болып қалған керуен басшысы «Қыз үшін қанша тұз сұрайсыз?» депті.Ақсақал түйені шөгеріп,беліне бақан ағашты көлденең тастап,екі басына екі қауға байлап,бір басындағы қауғаға қызды отырғызып,екінші басындағы қауғаға «тұзыңды сал!»,дейді.Тұздың қымбаттылығы сондай,қыздың салмағын теңестіруге кеткен тұз мөлшерін көрген керуен басшы «Ойпырмай,тұз ауыр ма,қыз ауыр ма?» дегенді ертеректе қариялардан естуші едім,рас екен ғой деп мойындапты».
Достарыңызбен бөлісу: |