2.3. Тұздың денсаулыққа зияны
Тұзсыз тағамның дәмі де мәні де болмайды. Тұздың бар жерде пайдасы мол. Шаруада, дезинфекция жасауға пайдаланып жатады. Не болмаса қандай бір дертке шалдыққанда айталық, тұмауратқанда ауыз қуысы мен мұрынды тұзды сумен шайып әп-сәтте айығуға мүмкіндік бар. Бұл-тұздың дәрілік қасиеті. Дегенмен, тұзды шамадан артық қолданудан денсаулыққа айтарлықтай қауіп келетіндігін айтпай кетуге болмас. Ең бастысы тұздың жүрек үшін у екендігі жайлы жиі айтылады. Тұз адам ағзасына қаншалықты қауіпті? Ағзадағы қандай мүшелерге зиянын тигізеді?
Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым. Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.
Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.
1.Қан қысымын көтереді. Адамдар күнделікті тұзды қанша мөлшерде қолданып жатқандығына бас ауыртпайды. Алайда бұл үлкен қателік. Өйткені, артық тұздың әсерінен қатты зардап шегетін-жүрек. Аз мөлшердегі тұздың өзі жүрек үшін өте қауіпті. Тұз-жүрек бұлшықеттерінің жұмысын ауырлатады, жүректің соғысын жиілетеді. Тағам арқылы шамадан артық түскен тұз қанға сіңеді, сосын байланыстыратын ткандар және тамырдың жақтауларына тұрып қалады. Бұның әсерінен тамыр жолдары тарылады, судың сыртқа шығуының қиындауы қанның көлемін ұлғайтады. Осының әсерінен қан қысымы жоғарылайды.
2. Ағзаға тұз жиналса... Бүйректің жұмысына кедергі жасайды. Бүйрек ағзада сүзгі қызметін атқаратындығын жақсы білеміз. Шамадан артық ас тұзын қолдану алдымен бүйректің жұмысына кедергі жасайды да қызметі бұзылады. Нәтижесінде бүйректе түрлі аурулар бас көтереді. Соның ішінде көп мөлшерде қолданылатын тұздың салдарынан жиі кездесетін аурудың бірі- бүйректің қабынуы. Екіншіден, тұзды тағамдарға әуестіктің салдарынан нефроз дерті басталады. Нефрозда яғни , бүйректің каналдары зақымданғанда адам ісінеді, қанда холестерин деңгейі көтеріледі. Айтпақшы, бүйрекке тас жинайтын да осы-тұз. Тұзды көп тұтынудың салдарынан ағзадағы суы-тұзды баланс қызметі бұзылады да бүйрекке тас жинала бастайды. Бұл келтірілген мысалдардан бөлек тұз бұдан басқа көптеген бүйрек ауруларын тудырады.
3. Тамырға зияны бар. Тұзды тағамды жегенде суды молынан ішеміз. Бұның әсерінен жүрекке салмақ түседі де, майдың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ағзадағы тұз зәр және тер арқылы табиғи жолмен сыртқа шығуы тиіс.Тұздың көптігінен олар табиғи жолмен шыға алмай, тамыр жақтауларына тұрып қалады. Нәтижесінде тамырлар әлсізденеді. Тұздың зардабынан келген қасіреттен атеросклероз дерті басталады.
4. Тұз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.
5.Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады.
Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына
12
әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.
Тұз қан қысымына қалай әсер етеді? Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бұған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған.
Денеге тұз жиналса...
Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады.
Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі.
13
Достарыңызбен бөлісу: |